Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет73/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Тәжірибелік бӛлімі 
 
  Helianthus  Tuberosus  ӛсімдігінің  қҧрамындағы  С  (аскорбин  қышқылы)  дәруменінің 
мӛлшері титриметриялық әдіспен анықталды.  
  Әдістің  принципі.  Аскорбин  қышқылын  анықтау  әдісі  оның  редуцирлеу  қасиетіне 
негізделген.  Аскорбин  қышқылының  әсерінен  кӛк  тҥсті  2,6-дихлорфенолиндофенол  ерітіндісі 
тҥссіз қосылысқа дейін тотықсызданады. Аскорбин қышқылын ӛсімдіктен 1% HCI ерітіндісімен 
бӛліп алып, ерітіндіні 2,6-дихлорфенолиндофенол ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуге жҧмсалған 
бояудың саны бойынша аскорбин қышқылының мӛлшері анықталады [7].  
  Аскорбин  қышқылының  мӛлшерін  анықтау  кезінде  экстракцияға  қолданылатын 
қышқылдардың (20 мл 1% HCI мен 80 мл 2% метафосфор қышқылының қоспасы немесе 80 мл 
1%  қымыздық  қышқылы  мен  20  мл  1%  НСІ-дың  қоспасы)  редуцирлеу  қабілеттерін  есепке  алу 
қажет. Ол ҥшін қышқылдар қоспасынан 10 мл-ден алып, сол бояумен ашық-кҥлгін тҥске дейін 
титрлейді.  Алынған  тҥзетуді  (әдетте,  краска  ерітіндісі  0,08-0,10  мл-ден  аспайды)  тәжірибелік 
ерітіндіні титрлеуден алынған мәліметтен шегереді [8]. 
  Helianthus  Tuberosus  ӛсімдігінің  қҧрамындағы  В  тобындағы  дәрумендер  М-04-41-2005 
«Капель-105» «Люмэкс» қҧрылғысында капилярлық электрофорез әдісімен анықталды. 
  Витаминдерді  анықтау,  200  нм  және  267  нм  толқын  ҧзындығы  бойынша 
бағдарламаланатын  толқын  ҧзындығының  комбинациясы  арқылы  ӛздерінің  жҧтуымен  жҥзеге 
асырылды.  В5  дәрумені  200  нм  толқын  ҧзындығындағы  ӛзінің  сіңіруі  арқылы  мицеллярлы 
электрокинетикалық хроматография әдісімен анықталды [9].  
Бӛлу шарттары: Температура: + 30 °C, Толқын ҧзындығы: 200 нм  
1- сатысы: Уақыт: 899 сек., қысымы: 0 мбар, кернеуі: + 25 кВ, толқын ҧзындығы: 200 нм. 
2- сатысы: Уақыт: 300 сек., қысымы: 50 мбар, кернеуі: + 25 кВ, толқын ҧзындығы: 200 нм. 
 
  Зерттеу нәтижелерін талқылау 
  Зерттеу  нәтижесінде  Helianthus  Tuberosus  ӛсімдігінің  жерҥсті  және  жерасты  бӛліктері, 
гҥлі,  жемісі,  жапырағы  мен  сабағының  қҧрамында  В1  (тиаминхлорид),  В2  (рибофлавин),  С 
(аскорбин  қышқылы),  В3  (пантотен  қышқылы),  В5  (  никотин  қышқылы)  дәрумендерінің  бар 
екендігі  анықталды.  Helianthus  Tuberosus  ӛсімдігінің  қҧрамындағы  дәрумендердің  мӛлшері 
ӛсімдіктің  жерҥсті  және  жерасты  бӛліктерінде  әртҥрлі  мӛлшерде  таралғандығы  белгілі  болды. 
Зерттеудің нәтижелері 1-4 кесте және 1-4 суреттерде кӛрсетілген. 
   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет