Казахской академии транспорта



Pdf көрінісі
бет26/30
Дата15.03.2017
өлшемі8,59 Mb.
#9284
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

 
 
ҚазККА Хабаршысы № 6 (73), 2011 
 
 
 
242
(полноте  информации,  ее  сопоставимости,  оперативности,  точности,  краткости, 
целесообразности и т.п.);  
– отсутствует ряд конкретных форм аналитических отчетов;  
– отсутствует иерархия форм отчетов для разных уровней управления. Отсутствует 
подробный регламент периодичности составления аналитических отчетов для различных 
пользователей.  
В  результате,  можно  выделить  рекомендуемые  направления  совершенствования 
системы управленческого учета и отчетности на предприятиях.  
–  проектирование  оптимальной  иерархии  отчетов  и  их  адаптация  к  нуждам 
руководителей  различных  уровней.  В  таблице 1 представлена  примерная  модель 
отчетности системы управленческого учета на предприятии.  
– разработка системы долго – (5-10 лет) и среднесрочного (3-5 лет) планирования на 
основе  оценки  конкурентоспособности  предприятия  на  внутреннем  и  мировом  рынке. 
Увязка долгосрочного, среднесрочного и текущего планирования;  
– оптимизация системы бюджетирования;  
–  совершенствование  системы  учета  затрат  и  нормативной  базы  расчета  их 
планового уровня.  
В  рамках  первого  направления – совершенствование  системы  управленческой 
отчетности,  определение  иерархии  отчетов  и  их  адаптация  к  нуждам  руководителей 
различных уровней –наиболее существенными представляются следующие мероприятия:  
– анализ действующей системы управленческой отчетности, ее состава, структуры и 
функций, а также организационно-технических аспектов ее функционирования;  
–  оценка  уровня  автоматизации  информационных  потоков  и  процессов  принятия 
решения  и  при  необходимости  приведение  их  в  соответствие  с  требованиями  системы 
отчетности управленческого учета.  
Таблица 1 – Примерная модель отчетности системы управленческого учета.  
Материальные потоки / 
виды деятельности 
«Закупки» и 
распределение 
материальных 
ресурсов 
«Производство» 
(затраты) 
«Продажи» 
(реализация) 
Оценка потребности в материальных 
ресурсах 
Отчет о потреблении 
мат.ресурсов 
Отчет о выпуске 
продукции 
Отчет о затратах на 
сбыт и маркетинг 
Отчет о запасах мат. 
ресурсов 
Отчет о запасах 
готовой 
продукции 
Отчет о продажах 
Операционная 
деятельность 
Отчет о закупках 
мат.ресурсов 
Отчеты о затратах 
на производство 
Отчет об отгрузке 
Инвестиционная 
деятельность 
Отчет о закупке и 
движении основных 
средств 
Отчет об 
эффективности 
инвестиций 
Отчет о работе с 
ценными бумагами 
Финансовая 
деятельность 
Контроль и 
регулирование 
финансовых 
результатов 
Отчеты о результатах основной деятельности 

 
 
ҚазККА Хабаршысы № 6 (73), 2011 
 
 
 
243
Контроль и 
регулирование 
дебиторской 
задолженности 
Отчеты о кредиторской задолженности 
Контроль 
поступления и 
использования 
денежных средств 
Отчет о дебиторской задолженности 
Контроль исполнения 
плана распределения 
прибыли 
Отчет о движении денежных средств 
 
Сводные отчеты для руководства 
Система  управленческого  учета  накладывается  на  сложившуюся  на  предприятии 
организационную структуру. Поэтому эффективность данной системы во многом зависит 
от  эффективности  организации  предприятия.  Весьма  часто  совершенствование  системы 
управленческого  учета  (особенно,  предполагающее  внедрение  дорогостоящих 
аппаратных и программных средств) должно сопровождаться, а возможно — и следовать 
за изменениями в организационной структуре предприятия, поскольку нецелесообразно и 
неэффективно  накладывать  современные  методы  управленческого  учета  и  тем  более 
компьютеризировать  их  в  условиях  неэффективной  организационной  структуры 
предприятия.  
ЛИТЕРАТУРА 
1.  Березной  А.  Практический  опыт  российских  организаций  в  ведении  и  организации 
системы управленческого учета. — М.: Финансы и статистика, 2004. - 536 с. 
2.  Виленский  П.Л.,  Лившиц  В.Н.  и  Смоляк  С.А.  Оценка  эффективности  инвестиционных 
проектов. — М.: Финансы и статистика, 2003. - 400 с. 
3. Волков И.М., Грачева М.В. Проектный анализ: финансовый аспект. 2-е изд., перераб. и 
доп. — М.: Инфра. - М, 1995. - 67 с. 
4. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет. — М: ЮНИТИ, 1998. – 
244 с. 
 
 
ƏОЖ 338.47 
Шадиев  Қайратбек  Хамзаханұлы – э.ғ.к.,  аға  оқытушы  (Алматы  қ.,  Абай 
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) 
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА 
ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ  
РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ 
Соңғы  жылдары  байланыс  саласы - əлемдегі  ең  ауқымды  дамып  жатқан  салалардың  бірі 
болып  келеді.  Қазақстанда  да  ол  ең  маңызды  бағыттардың  бірі.
 2010 жылы  республиканың 
ЖІӨ-дегі  «байланыс»  саласының  үлесі 2,4% құрады [1]. Қазақстан  Республикасының 
байланыс қызметтері кірістерінің жиынтық көлемі 2010 жылы 479,9 млрд. теңгені құрады, 
бұл 2009 жылдың  көрсеткішінен 9% пайызға  артық.  Телекоммуникация  қызметтерін 
тұтынудың төмендеуіне алып келген ғаламдық экономикалық дағдарыс салдарынан кейін 
2010  жылы  нарықтың  өсу  қарқынының  ұлғаюы  саланың  жандануын  көрсетіп  отыр. 

 
 
ҚазККА Хабаршысы № 6 (73), 2011 
 
 
 
244
Мұнымен қоса бұл кезеңді байланыс саласының жаңа құрылымын жасауда шешуші кезең 
деп қарастыруға болады, мұның нəтижесінде ұтқыр интернет-қатынау жəне деректер беру 
нарықтары  жеке  сегменттерге  бөлініп  шығады,  сондай-ақ  негізгі  нарық  сегменттерінде 
кірістерді қалыптастыруда VAS-қызметтердің ықпалы артады.  
Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігінің  мəліметтеріне  сəйкес, 2006-2010 
жылдар  аралығында  Қазақстандағы  телекомуникация  салаларының  барлық  негізгі 
көрсеткіштері бойынша күрт өсу қозғалысы байқалған (1-кесте).
  
1-кесте. 
2006-2010жж. Қазақстандағы байланыстың дамуының негізгі көрсеткіштері 
 
Көрсеткіштер 
2006ж. 
2007ж. 
2008ж. 
2009ж. 
2010ж. 
Байланыс  кəсіпорындарының  саны, 
бірлік 
338 
372 
395 
424 
457 
Байланыс 
кəсіпорындарындағы 
жалдамалы 
қызметкерлердің 
тізімдік саны, мың адам 
51,0 
50,5 
51,7 
48,5 
50,8 
Байланыс 
кəсіпорындарындағы 
қызметкерлердің  орташа  айлық 
жалақысы, теңге 
62660 
80909 
98681 
103415 
113996 
Ұялы  байланыс  абоненттерінің 
саны, мың бірлік 
7830,4  12587,8 16087,3 16873,7 19402,6 
Интернет желісіндегі абоненттердің 
саны, мың бірлік 
310,8 381,2 600,9 756,5 986,2 
Байланыс  қызметтерінің  түскен 
табыстар, млн. теңге 
278880 357811 403292 438434 479905 
Жалпы ішкі өнімдегі үлесі, 

2,2 2,5 2,5 2,7 2,4 
Ескерту: ҚР Статистика агенттігінің мəліметтері негізінде автор құрастырған 
2010 жылы байланыс кəсіпорындары 479,9 млрд. теңгеге қызмет көрсетті, бұл 2009 
жылғы  көлемнен  салыстырмалы  бағаларда 9,4%-ға  көп;  жеке  тұлғалардан 69,7% табыс 
түсті. 2010 жылы  кірістің  өсу  қарқыны 2009 жылмен  салыстырғанда  ұлғайғанына 
қарамастан, сала бойынша жалпы алғанда кірістің өсу қарқынының төмендеуі байқалады, 
бұл  дəстүрлі  байланыс  қызметтерінің  негізгі  нарықтарының  толысуына  байланысты.  
Соңғы  жылдары  көрсетілетін  байланыс  қызметтерінің  құрылымы  елеулі  өзгерді. 
Байланыстың  жаңа  түрлерінің – жедел  əрекетті,  Интернет – дамуына  байланысты 
табыстардың  жалпы  көлемінде  стационарлық  телефон  қызметінен  түскен  табыстар  үлесі 
байқарлықтай қысқаруда.  
Қазақстан  нарығында  көлемі  жыл  сайын  өсіп  отырған  жедел  əрекетті  байланыс 
айтарлықтай  дамып  келеді. 2010 жылы  осы  байланыс  түрінің  жалпы  кіріс  сомасындағы 
үлес  салмағы 54,4% құрады (2006 жылы – 49,6%). Жедел  əрекетті  байланыста  ұялы 
байланыс  алдыңғы  қатарда  тұр – ол  радиотелефон  байланысының  нағыз  қазіргі  заманғы 
технологиясы.  Соңғы  жылдары  ұялы  байланыс  абоненттерінің  саны  қарқынды  дамып 
отыр; 2010 жылы олар 19402,6 мың болды, бұл 2006 жылға қарағанда 2,5 есе көп. Бір жыл 
ішінде ұялы байланыс абоненттерінің саны 15,0%, көрсетілген қызмет көлемі 8,4%-ға өсті. 
2010  жылдың  соңына  республикада  Интернет  желісінің 986,2 мың  абоненті 
есептелді, олар Интернетке нөмірді терумен (коммутациялық) қолжетімділік жəне жоғары 
жылдамдықты кең жолақты қолжетімділікті пайдалану қызметтерін жүзеге асырды. 
Осы  мəліметтерге  сүйенсек,  шындығында  да,  бүгінгі  күні  телекоммуникациялық 
қызметтер  секторы  əлемдік  экономиканың  қызмет  көрсету  саласының  барынша  серпінді 
дамып  келе  жатқан  жаңа  бағыты  болып  табылады.  Егер  əлемдік  телекоммуникациялық 
қызмет  көрсету  нарығын  сипаттайтын  болсақ,  онда  ол  дəстүрлі  телефония  қызметтерін 

 
 
ҚазККА Хабаршысы № 6 (73), 2011 
 
 
 
245
(жергілікті  байланыс,  қалааралық  жəне  халықаралық  байланыс),  жылжымалы  (мобильді, 
ұялы)  байланысты,  радиобайланысты,  радио  хабарларын  таратуды,  теледидарды, 
спутниктік  байланысты,  құжат  байланысын,  байланыс  қызметінің  басқа  түрлерін 
(телекоммуникациялық  арналарды  жалға  беру,  абоненттік  телеграф  беру  жəне  т.б.) 
біріктіреді. 
 
Телекоммуникациялық  компаниялар  бір  мезгілде  экономиканың  бірнеше 
салаларында  қызмет  етеді;  өнім  шығару  ғылымды  көп  қажет  ететін  болғандықтан, 
телекоммуникациялық  саладағы  инновациялық  процесс  үздіксіз  сипатта  болады,  кезекті 
жаңалықты енгізу бүкіл саланың жаңа технологияға көшуін қажет етеді, ол, өз кезегінде, 
инновациялардың жаңа буынын туғызады: 
• телекоммуникациялық өнімнің ықтимал нысаналы нарығы халықтың басым бөлігі 
болып  табылады,  нарықтың  қамтылу  дəрежесі  уақыт  факторына  жəне  жаңа  техникалық 
мүмкіндіктерге (яғни нарықтарға нақты қолжетімділікті қамтамасыз етуге) байланысты; 
• техникалық сипаттамаларына байланысты телекоммуникациялық компаниялардың 
өнімдеріне  ұлттық  шеңберде  ғана  əрекет  ету  тиімсіз  жəне  мүмкін  емес.  Осы  бейіндегі 
батыс  компанияларына  жасалған  шолу  олардың  барлығы  қызмет  ету  саласы  бойынша 
халықаралық  болып  табылатынын  көрсетті,  кейбір  дамушы  елдердің  компаниялары  ғана 
ұлттық шеңберден аспайды. Экономиканың аталған секторына инвесторлардың қарқынды 
келуі  нəтижесінде  телекоммуникациялық  компаниялардың  өз  инновациялық  саясатын 
жүзеге асыру үшін қомақты қаржы салуға мүмкіндіктері бар [2]. 
NTT, Alcatel, DeutscheTelecom, Nortel, Intel, BritishTelecom, Vodafone 
компанияларының 
инновациялық 
қызметін 
талдау 
телекоммуникациялық 
компаниялардың  инновациялық  саясатының  негізгі  бағыттарын  анықтауға  жəне 
қорытынды  жасауға  мүмкіндік  берді.  Олар  ғылыми-зерттеу  жəне  тəжірибелік-
конструкторлық  жұмыстарға  (ҒЗТКЖ)  саласын  қарқынды  қаржыландыру  негізінде 
технологиялық  көшбасшылықты  жаулап  алу  қажеттілігін  негізгі  стратегиялық  мақсат 
ретінде  қояды.  Орта  есеппен  алғанда  ғылыми-техникалық  базаны  дамытуға  жұмсалатын 
фирмаішілік шығындар телекоммуникациялық компаниялар кірісінің 10-15% құрайды. 
Инновациялық саясаттың келесі бағыты жаңа өнімдер енгізуге ғана бағдарлану емес, 
сонымен қатар маркетингтік инновацияларды белсенді түрде пайдалану болып табылады. 
Егер  мұның  алғашқысы  сыртқы  ортадағы  өзгерістерді  есепке  алатын  стратегиялық 
сипаттағы  бағыттар  болса,  маркетингтік  инновациялар  технологиялық  жаңалықтардан 
алынатын нəтижені ұзарту үшін баға, коммуникациялық, өткізу, ассортимент саясатының 
жаңа нысандары мен əдістерін іздестіруге негізделеді. 
Соңғы бірнеше жылда телекоммуникациялық сала шеңберінде бəсекелестік күрестің 
негізгі  басымдықтары  өзгерді:  бəсекелестік  күрес  қосымша  қызметтер  жəне  нарықтың 
жаңа  сегменттерін  тарту  үшін  өнім  өткізуді  ынталандыру  саласына  ығысты.  Қазіргі 
жағдайда  инновациялық  қызметті  оңтайландырудың  ең  кең  таралған  əдістерінің  бірі 
компанияның бəсекелестерімен ынтымақтасуына жəне бірігуіне бағытталған бəсекелестік 
саясаты  болып  табылады.  Біріктіру  инновациялық  жобалардың  нəтижелілігін 
жоғарылатудың  ғаламдық  факторына  айналуда,  ол  компаниялардан  басқару  қызметіне 
жəне маркетингтік стратегияға жаңашылдықтар енгізуді қажет етеді. 
Motorola  корпорациясының  телекоммуникациялық  саладағы  ең  қымбат  сəтсіз 
жобаларының  бірі «Iridium» жобасын  талдау  технологиялық  тұрғыдан  барынша 
жетілдірілген  кез-келген  жаңашылдықты  енгізу  кезінде  жоспарлау  мен  жан-жақты 
маркетингтік талдаудың маңызды екені жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік берді. 
Оңтүстік-Шығыс Азияның телекоммуникациялық компанияларының инновациялық 
қызметінің  ерекшеліктері – SingTel, ChinaTelecom, PacificCenturyCeberWorks сияқты 
жылдам  дамып  келе  жатқан  компаниялардың  батыс  компаниялары  жинақтаған  іс-
тəжірибені 
жергілікті 
нарық 
жағдайына 
бейімдей 
білгендігінде, 
онда 

 
 
ҚазККА Хабаршысы № 6 (73), 2011 
 
 
 
246
телекоммуникациялық салаға мемлекет тарапынан белсенді түрде субсидия беріледі жəне 
ол экономиканың дəстүрлі салаларымен біріктіріледі.  
Айтарлықтай 
ескірген 
өніммен 
нарыққа 
шығу 
арқылы 
халықаралық 
телекоммуникациялық  компаниялар  оның  өмірлік  циклін  ұзартады,  бұл  олардың 
жергілікті 
нарыққа 
корпоративтік 
ҒЗТКЖ 
соңғы 
нəтижелерін 
шығарғысы 
келмейтіндігімен түсіндіріледі. 
Практика  Интернет  телекоммуникациялық  салада  болып  жатқан  өзгерістерге  зор 
ықпал  еткенін  көрсетті.  Алғашқыда  бұл  желі  сондай  көп  функция  орындаған  жоқ. 
Біріншіден,  Интернеттің  арқасында  ғаламдық  инфрақұрылымды,  барлық  басқа  деректер 
желісін  біріктіру  тиіс  ғаламдық  желіні  құру  басталды  (мысалы,  университеттердің 
желілері  жəне  телекоммуникациялық  компаниялардың  желілері).  Екіншіден,  Интернет 
кеңжолақты  желілер  салу  қажеттілігін  туғызды.  Ғаламдық  желі  барлық  жұртшылықты 
интеграцияланған  мультимедиалы  қызметтермен  таныстырды  жəне  осыдан  бастап 
тұтынушылардың  сұраныстары  толассыз  өсуде.  Интернет  арқылы  бейне  беру  қызметі 
кеңінен  таралуда,  бұл  орайда  суреттердің  сапасы  қанағаттанарлық,  тіпті  жақсы  деңгейге 
жетуде. Сонымен қатар соңғы тұтынушылардың талаптары да үздіксіз өсуде. Абоненттер 
жаңа  қызметтер  болғанын  қалайды  жəне  мұның  техникалық  тұрғыдан  мүмкін  екенін 
біледі.  Бұл  жерде  қандай  компаниялар  мультимедиалы  байланыс  қызметінің  аса 
функционалды,  сенімді  жəне  тартымды  түрлерін  ұсына  алатыны  жайында  болып  отыр. 
Сондықтан  барлық  қызметтер  Интернет  желісі  немесе,  нақтырақ  айтсақ, IP-хаттаманы 
қамтамасыз ететін технологиялар негізінде байланыс инфрақұрылымы төңірегіне бірігуде. 
Осындай  негізгі  хаттама  дауысты,  бейнені,  деректерді  жəне  комбинациялардың  шексіз 
саны берілген мəтіндерді беру қызметін қоса алғанда, байланыстың барлық түрлері үшін 
тығырыққа айналған желілік технологиялардың ашық экожүйесінің дамуына негіз болып 
табылады.  
Байланыс  қызметін  жеткізушілер  неліктен  интернет-технологиялар  негізінде 
құрылған желілерге көшуде? Интернет-технологиялар Web-коммуникация үшін де-факто 
стандарты 
ретінде IP-хаттаманы 
жан-жақты 
қолдануды 
айтпағанда, 
қызмет 
жеткізушілерге екі артықшылық береді. Ең алдымен, олар ақша қаражатының үнемделуін 
қамтамасыз етеді. Кейбір ірі компаниялар ондаған желіні басқарады: бір желі - телефония 
үшін,  бірнеше  желі - деректерді  беру  үшін,  бір  немесе  екі  сымсыз  желі  жəне  т.с.с. 
Компанияларды  біріктіру  кейбіреулердің 40, тіпті 50-ге  дейінгі  түрлі  желілері  қалыпты 
жағдайда  ұстауына  алып  келді.  Сонымен  бірмезгілде  интернет-технологиялар,  атап 
айтқанда IP-хаттама  түрлі  байланыс  жүйелері  үшін  деректерді  əмбебап  түрлендіргіштің 
ролін  атқарады. IP-желі  деректер,  дауыстар  жəне  бейнесуреттер  үшін,  сондай-ақ  анық 
көрсететін  теледидар  үшін  қызметтердің  толық  жиынтығын  қамтамасыз  ете  алады. 
Сондықтан  барлық  немесе  кемінде  бірнеше  желіні  біріктіру  ағымдағы  шығындарды 
айтарлықтай азайтады. Бұл - IP-нің бірінші артықшылығы. Оның екінші артықшылығы – 
жаңа  табыс  көздерін  қалыптастыратын  интернет-технологияның  икемділігі. IP-желілер 
трафиктің  кез  келген  түрін  беру  үшін  қолданылатындықтан,  түрлі  байланыс  түрлерін 
біріктіруге ең қолайлы негіз болып табылады. Сонымен, егер телефон компаниясы бейне 
суреттерді бергісі келсе, онда ол  IP-инфрақұрылымын дауыс трафигі ретінде жəне бейне 
деректер трафигі ретінде пайдалана алады. Егер барлық қызмет жеткізушілердің олардың 
бəсекелестерінен ерекшеленетін жəне жаңа тапсырыс берушілерді тартатын жаңа бірегей 
қызметтер  ұсынуға  тырысатынын  ескерсек,  икемділікке  қойылатын  талаптардың 
өзектілігі арта түседі. 
Жоғарыда  айтылғандай,  телекоммуникациялық  салаға  ақпаратты  беру  бойынша 
қызметтер  мен  технологияларды  ұсынатын  компаниялар,  сондай-ақ  осы  процесс  үшін 
құрал-жабдықтар өндіретін жəне оларға қызмет көрсететін фирмалар жататынын ескерсек, 

 
 
ҚазККА Хабаршысы № 6 (73), 2011 
 
 
 
247
телекоммуникациялық  саланың  құрал-жабдықтар  нарығын  қарастыру  қажеттілігі 
туындайды. 
Телекоммуникациялық  құрал-жабдықтар  нарығында  байланыс  операторларының 
секторы  корпоративтік  нарықтан  айтарлықтай  үлкен.  Сондықтан  нарықтың  өсуіне 
байланыс  операторларының  қомақты  шығындарының  ықпал  етуі  таңқаларлық  жағдай 
емес.  Осы  компаниялардың  құрал-жабдықты  сатып  алуға  жұмсалатын  шығындары 
нарықтың  белгілі  дəрежеде  толысуы  салдарынан  шұғыл  азайған  кезде  құрал-жабдықтар 
нарығының өсуі баяулады, компаниялардың кірістері азайды, жұмыс орындары қысқарды 
жəне  т.б.  Телекоммуникациялық  құрал-жабдықтар  жеткізіп  берушілердің  барлығы  даму 
стратегияларын қайта қарастырып, өз қызметтерін нарықтық жағдайларға, атап айтқанда 
үнемдеуге  мүмкіндік  беретін  шешімдер  негізінде  өнімнің  жаңа  түрлеріне 
шоғырландыруда.  
Бұл  соңғы  жылдары  оптикалық  көлік  желісі  секторында  жаңа  технологияның – 
тығыз  толқынды  мультиплексациялау  технологиясының (Dense Wave Division 
Multiplexing — DWDM) қарқынды  дамуына  себеп  болды,  аталған  технологияның 
жақында  пайда  болғанына  қарамастан (1997-2000 жылдар),  қазірдің  өзінде  ол  дүние 
жүзінің көптеген елдерінде желілік инфрақұрылымда кеңінен пайдаланылады. 
DWDM  оптикалық  талшықтың  өткізгіштік  қабілетін  жоғарылату  құралы  ретінде 
ғана емес, сонымен қатар желінің өткізгіштік қабілетін шұғыл жоғарылатуды қамтамасыз 
ететін  жəне  байланыстың  түбегейлі  жаңа  қызметерінің  кең  ауқымын  іске  асыратын 
мультисервистік жəне мобильді желілердің тірек инфрақұрылымы үшін  барынша сенімді 
технология  ретінде  қарастырылады. DWDM-нің ATM, IP, ASDL жəне  цифрлық  ақпарат 
берудің басқа да  келелі технологияларымен жəне хаттамаларымен сəйкестену мүмкіндігі 
оны  байланыстың  алуан  түрлері  мен  қызметтері  арасындағы  конвергенция  процесінде  
таптырмас құралы етеді [3].  
Іс  жүзінде  желілік  оператор  үшін  оптикалық  арналардың  саны  емес,  талшықты-
оптикалық  желінің  (ТОЖ)  жалпы  өткізгіштік  қабілеті  жəне  осы  көрсеткіштің 
ауқымдылығы,  яғни  нарықтың  талабы  артқан  сайын  ТОЖ-нің  өткізгіштік  қабілетін 
арттыру мүмкіндігі маңызды болып табылады.  
DWDM технологиясының мүмкіндіктерін талдау кезінде оның ТОЖ бойынша, атап 
айтқанда SDH синхронды цифрлық иерархия құрал-жабдығын пайдалану арқылы сигнал 
беру  кезінде  сигналды  түрлендіретін  əдістерді  жетілдіру  жəне  дамыту  болып 
табылатынын  есепке  алу  керек.  Жүйелік  тұрғыдан SDH технологиясы  Халықаралық 
электр  байланысы  одағы  (ХЭБО)  стандарты  болып  табылады.  АҚШ-тағы  Американдық 
ұлттық  стандарттау  институты (ANSI) стандарттаған  осындай  технология – SONET 
технологиясы болып табылады. Олар кең ауқымды байланыс қызметін жəне, ең алдымен, 
кеңжолақты ISDN қызметін қамтамасыз ету үшін əзірленген. SDH технологиясы цифрлық 
трафикті 2 Мбит/c-тан 40 Гбит/c-қа дейінгі белгіленген жылдамдықта беруді қамтамасыз 
етеді.  Бүгінгі  таңда DWDM технологиясы  кеңжолақты  сигналды 2,5 -160 Гбит/c  дейінгі 
жылдамдықпен  беруге  мүмкіндік  береді.  Бұдан  əрі  беру  жылдамдығының  жоғарғы  шегі 
айтарлықтай ұлғайтылуы мүмкін. Əлемдік үрдістерге сəйкес, телекоммуникацияның даму 
болашағы  пакеттік  жəне IP–желілермен  байланысты.  Сондықтан  келешекте  толықтай 
SDH–технологиясына  негізделген  желілер  өзінің  маңыздығын  жоғалтады. SDH жəне 
DWDM  құрал-жабдықтарын  жəне  қолданыстағы  желілерде  кеңінен  таралған PDH 
стандартындағы  құрал-жабдықты  бірлесе  қолдану  толықтай IP–сəйкестендірілген 
желілерге  икемді  жəне  қиындықсыз  көшуді  қамтамасыз  етеді.  Дамудың  осындай 
сценарийі  желілердің  өткізгіштік  қабілетіне  жəне  функционалдығына  қойылатын 
талаптарды қанағаттандырады [4]. 
Жыл  сайын  мультисервистік  желілер  көбеюде.  Бұған  осы  технологиялардың  сөзсіз 
артықшылықтары негіз болып отыр – оларды қолдану компанияларға жаңа міндеттердің 

 
 
ҚазККА Хабаршысы № 6 (73), 2011 
 
 
 
248
қойылуна қарай бейне конференция, ІР-телефония жүйелерін жəне басқа мультисервистік 
қосымшаларды аз шығынмен енгізуге мүмкіндік береді.  
Телекоммуникациялардың  келешектегі  даму  сценарийі  осы  саладағы  құрылымдық 
өзгерістерді 
есепке 
алады. 
Келесі 
мыңжылдықта 
экономикалық 
өсу 
телекоммуникациялардың,  ақпараттық  технологиялардың,  ақпарат  тарату  құралдарының 
жəне  ойын-сауық  қызметінің  жақындауымен  сипатталады,  бұл  жаңа  индустриалдық 
революцияның  басталғанын  білдіреді.  Телекоммуникацияның  əлемдік  инфрақұрылымы 
ғаламдық экономиканың «орталық жүйке жүйесіне» айналады [5]. 
Телекоммуникациялық  қызметтердің  əлемдік  нарығы  ірі,  жылдам  дамып  отырған 
тауар нарықтарының қатарына жатады, өнеркəсіптік дамыған мемлекеттердің жалпы ішкі 
өніміндегі  оның  үлесі 2,2-2,5% құрайды.  Көлік  қызметтерінің  бір  бөлігінің 
телекоммуникациялық қызметтермен алмастырылуы (телесөйлесу, тележұмыс жəне т.с.с.) 
телекоммуникациялық  қызметтерді  сату  көлемінің  өсуін  ынталандыруы  мүмкін. 
Американдық 
сарапшылардың 
бағалаулары 
бойынша, 
телекоммуникациямен 
пойыздардың 10-20% ауыстыруға  болады.  Бұл  жыл  сайынғы  көлік  шығындарынан 
шамамен 23 млрд. доллар үнемдеуге мүмкіндік береді. 
Телекоммуникация нарығында құрал-жабдықтар секторының, əсіресе деректер беру 
қызметтері  саласындағы,  сондай-ақ  сөйлеу  жəне  бейне  қызметтер  саласындағы  құрал-
жабдықтар  секторының  одан  əрі  дамуға  үлкен  əлеуеті  бар.  Телекоммуникацияның  даму 
сценарийлерінің  ешқайсысы  осы  процестің  экономикалық,  əлеуметтік  жəне  тіпті 
моральдық  салдарын  қарастырмаса,  толық  болып  саналмайды.  Бүгінгі  күннің  өзінде 
ақпараттық  қоғамды  қалыптастыру  кезінде  неге  қол  жеткізу  керектігін,  неден  бас  тарту 
керектігін  анықтаудың  маңызы  зор.  Бизнес  саласында,  мысалы  виртуалдық  фирманы 
басқару,  тележұмыс  кезінде  еңбек  процесін  ұйымдастыру  мəселесін  жəне  т.с.с. 
мəселелерді  шешу  қажет.  Саяси  салада  қазіргі  ақпараттық  жəне  коммуникативтік 
технологиялар мемлекетке қалай əсер ететінін, ақпараттық желілерде пікір жəне ақпарат 
алмасу  еркіндігіне  қол  сұғушылықты  болдырмау,  жеке  тұлғалардың,  деректердің 
қорғалуына  қандай  кепілдік  берілетінін  жəне  т.б.  анықтау  керек.  Əлеуметтік  салада  
қоғамның  ақпаратты  иеленушілер  мен  пайдаланушыларға  жəне  осындай  мүмкіндіктері 
жоқ  топтарға  жіктелуіне  жол  бермеуді  ойластыру  керек.  Басқа  да  көптеген  сұрақтар 
туындайды,  атап  айтқанда:  виртуалдық  ақиқат  өмірді  түсінуге  жəне  оны  басқаруға 
көмектесе  ме;  ақпараттық  қоғам  қозғалысы  төмен  қоғамға  айналуы  мүмкін  бе  жəне  бұл 
қандай  салдарға  əкеп  соқтырады;  ұлттық  тілдердің  компьютерлік  жаргондарға  айналып 
кетуі;  білім  беру  жүйесін  қалай  реформалау  керектігі;  мультимедиа  саласындағы  өнер 
қандай  болатыны;  адамдардың  қызығушылықтары  қандай  болатыны;  өмір  сапасының 
қалай анықталатыны жəне тағы басқа сұрақтар. Бүгінгі күні телекоммуникацияны дамыту 
жолдарын жан-жақты зерттеп жатқан  жəне осы процесте өздерінің алатын орны туралы 
ойланып жүрген мемлекеттер ХХІ ғасырда гүлденетін болады. 
Зерттеу соңғы уақытта жаңа  технологиялық жетістіктер қоғамның экономикалық 
жəне  əлеуметтік  құрылымын  түбегейлі  өзгерту  арқылы  экономиканың  түбегейлі  жаңа 
салаларының  қалыптасуына  алып  келгенін  көрсетті.  Ең  алдымен,  бұл  қазіргі 
телекоммуникация саласына қатысты. 
Телекоммуникация  саласының  пайда  болуы  мен  қалыптасуы  нарыққа  қызметтің 
жаңа түрлерін – ұялы, спутниктік, кеңжолақты байланыс жəне Интернет қызметін ұсынған 
халықаралық 
компаниялардың 
белсенді 
ғылыми-зерттеу 
жəне 
тəжірибелік-
конструкторлық  қызметінің  нəтижесі  болды.  Бəсекелестікке  төтеп  беру  үшін 
телекоммуникациялық  компаниялар  белсенді  инновациялық  саясатты  жүргізеді  жəне 
нарыққа  жаңа  тауарлар  мен  қызметтерді  жоспарлы  түрде  ұсынып  отырады,  бұл  салалық 
өнімнің  ғылымды  көп  қажет  ететіндігімен  жəне,  басқа  салалармен  салыстырғанда, 
тауардың  өмірлік  циклінің  айтарлықтай  қысқа  болуымен,  сондай-ақ  қолданыстағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет