Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет210/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Keywords: energy strategy, foreign policy, People's Republic of China, Russian Federation, oil and gas sector 


ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

150 


1990  жж.  орта  тұсына  дейін  Қытай  Халық  Республикасы  (ҚХР)  басшылығын  елдің  энергетикалық 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мәселесі  оншалықты  алаңдатпады.  Себебі,  ҚХР-дың  мұнай  өнеркәсібі  өз 

алдына  оқшауланған  сала  болғандықтан,  отандық  мұнай  саласы  халықаралық  энергетика  нарығындағы 

өзгерістерден  еш  әсерленбейтін  және  мұнай  бағасының  ауытқуы  да  ел  өнеркәсібінің  дамуына  әсер 

етпейтін.  Алайда,  1993  жылы  Қытайдың  мұнай  өнімдерін  импорттаушы  елге  айналуымен  бірге  бұл 

жағдай күрт өзгеріп, 1997 жылдан соң Қытайдың сырттан шикі мұнай импорттау көлемі едәуір ұлғайып, 

энергетикалық қауіпсіздік мәселесі туындай бастады. Ол кезде тек қана энергетика секторын қайта құру 

қажеттілігі сезілді, «энергетикалық қауіпсіздік» ұғымы әлі толықтай қолданысқа енгізілмеді [1, 32 б.]. 

ҚХР-дың  энергетикалық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  бірнеше  әдіс-тәсілдер 

болғанымен, оның ішінде екі маңызды әдіске жүгінген жөн. Оның біріншісі – АҚШ-тың энергетикалық 

стратегиясы.  Бұл  әдіс  бойынша  ірі  мұнай  өндірушілермен  диалогты  күшейтіп,  құбырлар  желісін  салу 

және  теңіз  арқылы  тасымалдаудағы  тәуекелді  азайту  мақсатында  Ресеймен  және  Қазақстанмен  қарым-

қатынасты дамыту; Қытайдың ұлттық компанияларына шет елдерде мұнай өндіру үшін қолайлы жағдай 

жасау және инвестициялық қолдау көрсету, елдің сыртқы саясатындағы энергетика саласының маңызын 

арттыру болып табылады. Ал, екінші әдіс бойынша ҚХР басшылығы ішкі нарықтың халықаралық мұнай 

бағасындағы  ауытқулардан  мейлінше  аз  әсерленуін  қамтамасыз  ету,  мұнай  өңдеу  көлемі  мен  сапасын 

арттыру  және  мұнай  импортын  әртараптандыру  мақсатында  елдің  мұнай  қорын  ұлғайтуға  ден  қоюы 

қажет. Нәтижеде, жоғарыдағы мақсат-мүдделер «10-шы бес жылдық жоспарға» (2001-2005) енгізілді [2, 

142 б.]. 

2001  жылдың  қаңтар  айында  Қытай  даму  және  зерттеу  орталығының  ұйымдастыруымен  өткен 

семинарда  Бүкілқытайлық  халықтық  саяси  кеңесі  төрағасының  орынбасары,  Мемлекеттік  жоспарлау 

ұйымының  бұрыңғы  төрағасы  Чен  Синьхуа  Қытай  компанияларының  шетелдегі  мұнай  өндіру  көлемін 

ұлғайтуға  бағытталған  стратегияны  бекітті.  Осылайша,  Қытай  компаниялары  мен  кәсіпорындарының 

шетелдердің  мұнай  саласына  қосымша  инвестиция  құюына  рұқсат  берілді.  Чен  Синьхуа  «шетелге 

шығудың» жеті баптық жоспарын ұсынып, Қытай компанияларын мұнай және газ өңдеумен қоса барлау 

саласында  да  шетелдік  серіктестермен  ортақ  кәсіпорын  құруға  шақырды.  Сондай-ақ,  ҚХР-дың  әлемдік 

мұнай  саласына  кеш  кірсе  де,  АҚШ-пен  бақталасуға  қауқары  жететінін,  ол  үшін  ҚХР  басшылығының 

табандылық  танытып,  «жеті  рет  өлшеп,  бір  рет  кесу»  саясатын  ұстану  керектігін  алға  тартып,  Таяу 

Шығыс, Орта Азия, Солтүстік Африка және Ресей нарығына енуді басты міндет етіп қойды.  

ҚХР нарығы үшін Ресейдің табиғи ресурстарына қол жеткізу басым бағыттағы міндеттердің бірінен 

саналды. Осыған орай ҚХР мен Ресей арасында екі елді байланыстыратын мұнай құбырларының желісін 

салу  бойынша  қызу  келіссөздер  жүргізілді.  Ресей  Федерациясының  Президенті  Б.Н.Ельцин  1994  жылы 

алғаш  рет  бастама  көтеріп,  екіжақты  сауда-экономикалық  байланыстарды  нығайту  мақсатында 

Ангарскіде  құбырлар  желісін  салуды  ұсынды.  1996  жылы  ұзаққа  созылған  келіссөздерден  кейін  Пекин 

мен  Мәскеу  Шығыс  Сібірден  Дацинге  дейін  созылған  мұнай  құбырларының  желісін  де  қамтитын 

Энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол қойды.  

1990 жж. соңы мен 2000 жж. басында мұнай импорты Таяу Шығыстан Азияға қарай ығысты. Қытайда 

энергия  тұтыну  көлемі  күрт  өсіп,  ел  басшылығы  мұнай  импортын  әртараптандыру  және  ұлттық 

энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  мақсатында Ресеймен ынтымақтастықты кеңейтуге  ұмтыла 

бастады [3]. 

11-қыркүйектегі  жантүршігерлік  оқиғадан  кейін  АҚШ-тың  Ауғанстанды  басып  алуы  және 

Вашингтонның  Орта  Азияға  бағытталған  саяси  жоспарын  осы  аймақтағы  стратегиялық  һәм 

экономикалық беделі мен күш-қуатын нығайту мақсатында қайта қарауға талпынуы Пекиннің Орта Азия 

ынтымақтастығын күшейтуге деген ұмтылысына қауіп төндірді. Осы орайда, көптеген мамандар АҚШ-

тың  ұзақ  уақыттан  бері  Орта  Азиядағы  мол  энергия  қорларына  көз  тіккенін  және  терроризмге  қарсы 

күресті сылтаурата отырып, осы аймаққа бойлай енуді көздегенін алға тартты.  

Сондықтан,  Қытай  тарапы  Ресеймен  Ангарсктен  (Шығыс  Сібір)  Дацинге  қарай  бағытталатын 

құбырлар  желісін  салуға  елеулі  қызығушылық  білдірді.  Қытай  мен  Ресейдің  мұнай  компаниялары 

Дацинге 2005 жылға дейін күніне 400 мың баррель және 2010 жылға дейін күніне 600 мың баррель мұнай 

тасымалдауға  мүмкіндік  беретін  осы  құбырдың  салынуына  қажетті  техникалық-экономикалық 

сараптаманы  жүргізді.  2002  жылдың  соңына  таяу  Қытай  тарапы  аталмыш  құбырды  салу  туралы 

келісімшарттың мәтінін әзірлеуге кірісіп, оған 2002 жылдың желтоқсан айында ҚХР Бас хатшысы Цзянь 

Цземин  мен  Ресей  Федерациясының  Президенті  В.В.Путин  қол  қою  тиіс  болатын.  Алайда,  екі  ел 

басшыларының кездесуі барысында бұл келісімге қол қойылмады. Өйткені, сол жылы Шығыс Сібірден 

Ресейдің Тынық мұхиты жағалауына дейін жететін құбырды салу және оған қаржылық қолдау көрсету 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет