Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет212/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   493
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

152 


«Роснефтьтің»,  қалған  49%-ын  Қытай  компаниясының  бақылауына  беруге  шешім  қабылданды.  Бұған 

қоса, жаңа компанияға Ресейде барлау жұмыстарын жүргізуге, кен орындарын жетілдіруге және жерасты 

қазба байлықтарын игеруге лицензия беру мүмкіндіктері қарастырылды. Екі елдің де аталмыш жобадан 

өзіндік мақсат-мүддені көздегені анық. Мәселен, Қытай көмірсутек шикізатының сатып алушысы ретінде 

отандық  өнеркәсібін  одан  әрі  өркендетуге  және  өндіріс  көлемін  ұдайы  арттыруға  қажетті  мүмкіндікті 

қарастырса, «Роснефть» компаниясы (РФ Үкіметі) Қытайға мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдағаны 

үшін бұның қарымына Қытай компаниясы Шығыс Сібірдегі барлау жұмыстарын қаржыландырады деп 

күтті.  


2007 жылы ҚХР мен РФ арасында көптеген салаларда екіжақты байланыстар күшейіп, наурыз айында 

ҚХР  төрағасы  Ху  Цзиньтао  Ресейдегі  Қытай  жылын  атап  өту  шараларына  қатысу  үшін  Мәскеуге  ат 

басын тіреді. Онымен бірге Қытайдың энергетика саласындағы ең ірі үш кәсіпорнының (Sinopec, Қытай 

Ұлттық мұнай компаниясы және Қытай Ұлттық оффшорлық мұнай корпорациясы) бас директорлары да 

келді.  РФ  мен  ҚХР  басшылары  энергетика  саласындағы  көптеген  жобаларды  бірлесіп  атқару  жөнінде 

ортақ  меморандум  қабылдап,  жалпы  құны  4,3  миллиард  АҚШ  долларын  құрайтын  бірқатар  келісімдер 

мен  шарттарға  қол  қойды.  2007  жылдың  қазан  айында  ҚХР  Премьер-министрі  Вэнь  Цзябао  Ресейдегі 

Қытай  жылының  салтанатты  жабылу  рәсіміне  қатысу  үшін  Мәскеуге  келген  кезде  энергетика 

саласындағы  екіжақты  ынтымақтастықты  нығайтуға  бағытталған  10-нан  астам  келісім  түзіп,  оларға  екі 

елдің үкімет басшылары қол қойды.  

2008  жылы  Д.Медведев  РФ  Президенті  болып  сайланды.  Билікте  ешқандай  түбегейлі  өзгеріс  орын 

алмай, В.В.Путин Премьер-министр лауазымына тағайындалды. Әлбетте, мұндай жағдайда Қытай билігі 

жаңа  президенттің  қандай  саясат  ұстанатынынан  бейхабар  болғандықтан,  екі  ел  арасындағы  қарым-

қатынастың  бұдан  былайғы  жайына  алаңдай  бастады.  Алайда,  Ресейдің  жаңа  көшбасшысы  Тәуелсіз 

мемлекеттер достастығына мүше-елдердің тысындағы ең алғашқы шетелге іс-сапарын Қытайдан бастауы 

бұл уайым мен күдікті сейілтеді. Д.Медведевтің 2008 жылдың мамыр айының 23-24 күндері аралығында 

Қытайға  жасаған  іс-сапары  барысында  маңызды  халықаралық  мәселелердегі  екі  елдің  ортақ  мақсат-

мүддесін көксейтін ортақ меморандум (декларация) қабылданады [6]. Бұл құжатта көп полюсті әлемдік 

жүйені  құруға  екі  елдің  де  тәуелді  екені  баяндалады.  Д.Медведев  пен  Ху  Цзиньтао  В.Путиннің 

басшылығы  кезінде  басталған  дәстүрді  одан  әрі  жалғастыра  отырып,  маңызды  халықаралық  және 

екіжақты мәселелер бойынша пікір алмасу мақсатында тұрақты түрде (жылына бірнеше рет) кездесулер 

өткізеді.  Көп  ұзамай  2008-2009  жж.  екі  елдің  көшбасшылары  арасындағы  байланыс  нығайып,  Ху 

Цзиньтаоның 2009 жылдың маусым айындағы Ресейге жасаған ресми іс-сапары мен G8[7, б. 62], ОПЕК, 

Шынхай  ынтымақтастық  ұйымы  сынды  белді  халықаралық  ұйымдарға  мүше-елдердің  басшылары  бас 

қосқан  алқалы  жиындардан  бөлек  2009  жылдың  маусым  айында  Екатеринбургте  ұйымдастырылған 

BRICS саммиті мен G20 жиыны барысында (үш рет) екеуара кездесу өткізеді [8]. 

Әлбетте,  мұндай  кездесулер  мен  басқосулар  екіжақты  ынтымақтастықтың  күшеюіне  түрткі  болады. 

«Тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы» келісімді түзу үшін «2009-2012 жж. арналған іс-

шаралар жоспары» қабылданады. Қытай мен Ресейдің энергетика саласындағы ықпалдастығы премьер-

министр  орынбасарларының  деңгейінде  де  жүзеге  асып,  мұнай  және  табиғи  газ  салаларында  жаңа 

ынтымақтастық келісімдерінің жасалуына ұйытқы болады [9]. Екіжақты ынтымақтастық инвестициялар 

мен  сауда-саттық  саласында  да  жанданып,  2009  жылдың  маусым  айында  мемлекет  басшылары 

инвестиция саласында Ресей-Қытай ынтымақтастық жоспарын бекітеді. Ал, сол жылы қыркүйек айында 

2009-2018 жж. арналған металлургия, көлік өндірісі және құрылыс салалаларында Қиыр Шығыс, Ресейдің 

Шығыс  Сібір  аймағы  және  Қытайдың  солтүстік-шығыс  өңірі  арасында  ынтымақтастық  орнату 

бағдарламасы қабылданады [10]. 

2009  жылы  Ресей  мен  Қытай  арасында  Ресейдің  мұнай-газ  саласына  бағытталған  қытайлық 

инвестицияларды  болашақта  өндірілетін  мұнай  және  газ  өнімдерінің  есебінен  қайтару  туралы  келісім 

жасалады.  Осы  келісімге  сәйкес  Қытай  тарапы  Ресейге  жалпы  сомасы  25  миллиард  АҚШ  долларын 

құрайтын  ұзақ  мерзімді  несие  беруге,  оның  ішінде  15  миллиард  АҚШ  долларын  Ресейдің  «Роснефть» 

мұнай компаниясына және 10 миллиард АҚШ долларын «Транснефть» мұнай тасымалдау компаниясына 

бөлуге, ал Ресей тарапы 2011-2030 жж. аралығында жылына 15 миллион тоннадан барлығы 300 миллион 

тонна мұнайды жеткізіп беру арқылы несиені қайтаруға, сондай-ақ Шығыс Сібір-Тынық мұхиты мұнай 

құбырының құрылысы аяқталғаннан кейін мұнай жеткізу көлемін біртіндеп ұлғайтуға өзара уағдаласады. 

2009  жылы  «Энерджи  инвестмент»  орыс-қытай  корпорациясының  51%-ын  Ресейдің  «Сунтарнефтегаз» 

мұнай  компаниясының  сатып  алуы  энергетика  саласындағы  Ресей-Қытай  ынтымақтастығының  аса 

маңызды жетістіктерінің біріне баланады [11]. 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

153 


2010  жылдың  қыркүйек  айында  РФ  Президенті  Д.Медведьев  Қытайға  ресми  іс-сапармен  барады. 

Аталмыш іс-сапардың басты мақсаты энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және 

құрылысы  тәмамдалған  жаңа  мұнай  құбырын  ашу  болып  табылады.  Қытай  ұлттық  мұнай  компаниясы 

мен Ресейдің «Транснефть» компаниясының өкілдері арасында өткен бейнеконференция кезінде көптен 

күткен  айтулы  жобаның  аяқталғаны  жарияланады.  Мұнай  құбырының  іске  қосылуы  энергетика 

саласындағы Қытай-Ресей қарым-қатынастарының жаңа белесі деп бағаланады. 

2013  жылы  Қытай  Ресейден  жалпы  құны  19  миллиард  АҚШ  долларына  тең  барлығы  24  миллион 

тонна мұнай импорттайды. 2013 жылдың қазан айында Ресейдің «Роснефть» компаниясы мен Қытайдың 

«Sinopek» компаниясы 2014 жылдан бастап 10 жыл ішінде 100 миллион тонна мұнай импорттау туралы 

келісімге  қол  қояды.  2009  жылы  «Роснефть»  пен  «Sinopec»  арасында  түзілген  алғашқы  келісімшартқа 

сәйкес Ресей Қытайға алдағы 25 жыл ішінде жылына 15 миллион тонна мұнай жеткізуге уағдаласады.  

 

4.1-кесте. Қытайдың шикі мұнай импортындағы шет елдердің үлесі (2014) 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет