Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»


ACADEMY OF SCIENCES of KAZAKHSTAN and its PRESIDENT K.I. SATPAYEV IN THE



Pdf көрінісі
бет26/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ACADEMY OF SCIENCES of KAZAKHSTAN and its PRESIDENT K.I. SATPAYEV IN THE 

PERIOD OF POLITICAL REPRESSION in 1946-1952 

 

Annotation 

In  1946-1952  the  leading  scientists  of  the  scientific  research  institutes  of  the  National  Academy  and  its 

president,  K.I.  Satpayev  was  subjected  to  political  repression,  such  outstanding  scientists  as  M.P.  Rusakov,  K. 

Zhubanov, K.Zh. Zhumaliev, E. Bekmakhanov, B. Suleimenov, E. Ismailov and others. They were sentenced for 

a long time or lost their jobs, academic degrees. The examination of these cases in the post-Stalin period showed 

that there was no basis for condemning the scientists. 

Key words: Academy of Sciences, state power, national policy, academic degree, plenum, K.I. Satpayev 



ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

10 


1946  жылы  1  маусымда  Кеңестік  Қазақстанда  республикалық  Ғылым  Академиясының  шаңырақ 

көтергендігі жария етілді [1]. Бұл ел өміріндегі ерекше маңызы бар оқиға еді. Араға алты жыл салып қазан 

айында  Қазақстан  К  (б)  П  ОК-нің  VIII  пленумында  жасаған  баяндамасында  Ж.Шаяхметов  осы  қысқа 

мерзімде  республикадағы  ғылыми  қызметкерлердің  сапалық  құрамындағы  өзгерістер  жөнінде  мынадай 

фактілер келтірді: 

1945 жылы ғылым докторларының саны -25, оның ішінде қазақтары -7, ғылым кандидаттарының саны 

-155, оның ішінде қазақтары -34 

1951 жылы ғылым докторларының саны-98, оның ішінде қазақтары-16, ғылым кандидаттарының саны 

-780, оның ішінде қазақтары-145 [2]. 

Бұл көрсетуден бар болғаны 5-6 жылдың ішінде республикадағы түрлі ғылым салаларындағы ғылыми 

қызметкерлердің сандық және сапалық тұрғыдан қарышты өсу жолына түскендігін байқау әрине қиынға 

түспейді.  Республикада  Ғылым  Академиясының  бой  көтергендігінің  қаншалықты  пайдалы  мемлекеттік 

шара болғандығын осы сандық көрсеткіштер анық аңғартып-ақ тұрғандай. 

Сонымен бірге Ғылым Академиясының бой көтеруі , оның шаңырағы астында жергілікті ұлт өміріне, 

әсіресе  оның  мәдениеті  мен  өзін-  өзі  тану  санасына  жақын  тұрған  гуманитарлық  ғылым  салаларының 

қанат  жаюы  партияның,  Орталық  биліктің  ұлт  саясатында  күрделі  қайшылықтардың  бар  екендігін 

көрсетіп берді.1943 жылы жарық көрген «История Казахской ССР. С древнейших времен до наших дней 

(под  редакцией  М.Абдыкалыкова  и  А.Панкратовой)»  атты  еңбектің  жарық  көріп,  кітапта  жасалынған 

кейбір тұжырымдардың келесі жылдан бастап- ақ алдымен одақтық, сонан соң республикалық баспасөз 

бетінде, идеологиялық орталықтар мен ғылыми мекемелерде қызу пікірталас тақырыбына айналуы соның 

айғағы  еді.Аталған  кітап  шыққан  бетте-  ақ  маңызды  еңбек  ретінде  Сталиндік  сыйлыққа  ұсынылды  да, 

бірақ  бұл  әрекет  түрлі  деңгейдегі  қарсылыққа  тап  болды.  Сыйлық  бойынша  Комитетке  арнайы  пікір 

жазған тарихшы А.Н.Яковлев кітаптың идеологиялық ұстанымына байланысты бірнеше ауыр сын айтты. 

Мәселен  ,ол  қазақтардың  орыс  отаршылдығына  қарсылығы  соншалықты  маңызды  тақырып  емес  еді 

деген пікір білдіріп, ал кітапта жағымды көзқарас Ресей империялық мемлекетіне ғана емес, тіптен орыс 

халқының өзіне де жоқ деген қорытынды жасады. Осыдан соң кітаптың авторлар ұжымының жетекшісі 

А.М.Панкратова мен әріптестері өз ұстанымдарын қорғап сыйлықтар бойынша Комитетке және БК(б)п 

ОК-не хаттар түсіруге мәжбүр болды. 

Кітап  төңірегінде  қалыптасқан  жағдай  1944  жылы  мамыр-шілде  айларында  БК(б)П  Орталық 

комитетінде  оның  идеология  бойынша  хатшысы  А.С.Щербаковтың  төрағалығымен,  сондай-ақ  ОК-тің 

хатшылары А.А.Андреев және Г.М.Маленковтың қатысуымен КСРО тарихының мәселелеріне арналған 

тарихшылар  кеңесінің  өткізілуіне  себепші  болды.  Тарихшы  А.М.Панкратова:  «Дискуссияға  сырттай 

түрткі болған  «Қазақ  КСР  тарихы» кітабы, ал бірақ бұл себеп осыған дейін іште айтылмай, тұншығып 

жатқан ойдың сыртқа бұлқынып шығуына жол ашты»,- [3] деп жазды. Кеңес барысында бой көрсеткен 

нәрсе құрамында Тарле, Ефимов, Яковлев бар топтың «Қазақ КСР тарихын»жазған авторлар ұстанымына 

қарсы  шабуылы  еді.  Тарихшы  А.В.Ефимов  кітап  авторлары  қазақ  халқын  тіптен  «таңдаулы  халық»  (« 

избранный народ») дәрежесіне көтеріп, негізі жоқ концепция жасау жолына түсті деп көрсетті. Жалпы 

кеңесте «Қазақ КССР тарихына» айтылған сын бұл кітапқа жасалған шабуылдың басы ғана еді. Ал 1946 

жылғы  14  тамызда  БК(б)П  ОК-нің  «Звезда»  мен  «Ленинград»  журналдары  туралы  қаулысының 

қабылдануы Кеңестер Одағында қуғын сүргіннің жаңа кезеңін бастап берген еді.   

1947 жылы 21 қаңтарда Қазақстан  Коммунистік партиясы  Орталық  Комитетінің  «Қазақ  КСР Ғылым 

Академиясының  Тіл  және  әдебиет  институтының  жұмысындағы  «Өрескел  саяси  қателіктер  туралы» 

қаулысы  қабылданды.  [4]  Қаулы  республикадағы  гуманитарлық  ғылымдар  саласында  жемісіті  еңбек 

жасап  жүрген  ғалымдардың  зерттеулерінен  идеологиялық  қателіктер  табу,  сол  арқылы  «буржуазиялық 

ұлтшылдарды» әшкерелеу және жазалау науқанына жол ашты. 

1951  ж.  қазанда  Қазақстан  К(б)П  Орталық  комитетінің  VIII  пленумында  жасаған  баяндамасында 

Ж.Шаяхметов  «Ғылым  Академиясының  президиумы  және  Академияның  президенті  Сәтпаев  жолдас 

БК(б)П  Орталық  Комитетінің  идеологиялық  мәселелер  жөніндегі  қарарларын»  Қазақ  ССР  Ғылым 

Академиясының  тіл  және  әдебиет  институтының  жұмысындағы  өрескел  саяси  қателер  туралы»  1947 

жылғы 21 январьдағы қарарын орындамады... Академияда Бекмахановтың және оның жақтаушыларының 

қызметін егжей-тегжейіне дейін айырып қарау үшін дабылдар болды және ол үшін уақыт та жеткілікті 

болды.  Бірақ  Академияның  басшылары  бұл  дабылдарға,  партияның  қатардағы  мүшелерінің  үніне, 

былайша айтқанда, «кішкентай адамдардың» үніне, халықтың үніне құлақ қоймады»,- [5] деп көрсетті. 

  Осы  жылдың  31  қазан  және  қараша  күндері  болып  өткен  Алматы  қалалық  партия  ұйымының 

активінде жасаған баяндамасында [6] Ж.Шаяхметовтың Ғылым Академиясына байланысты бұдан бұрын 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет