Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет27/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

11 


жасаған тұжырымын қайталауы, Қаныш Имантайұлының қарсыластары тарапынан оған бағытталған сын 

пікірлер тасқынын ағытуға мүмкіндік туғызды.Міне осы жиналыста Қазақ педагогикалық институтының 

саяси  экономия  кафедрасының  меңгерушісі  С.Толыбеков  Ғылымдар  Академиясындағы  гуманитарлық 

ғылыми  зерттеу  институттарындағы  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  «реакциялық  феодалдық-

монархиялық  қозғалысы  прогресшіл,  ұлт-азаттық  қозғалыс  ретінде  ұзақ  уақыт  насихатталып  келгенін» 

айтып,  бұл  жағдай  үшін  Ғылым  Академиясының  президиумын  кіналап,  «мұның  өзі,  ең  алдымен, 

кадрларды  іріктеп  алудың  большевиктік  принциптерін  бұзудан  басталғандығын,  академиялық 

институттарға «сенуге болмайтын адамдардың қабылданғандығын, олардың ғылыми дәреже мен атақты 

оңай  алғандықтарын  сөзіне  тиек  етті  [7].  Ғалымның  «сенуге  болмайтын  адамдар»  деп  меңзеп 

отырғандары қатарында , әрине, 1943-1945 жж. академиялық институттарға қызметке алынған М.Әуезов, 

Е.  Бекмаханов,  Б.Сүлейменов  сияқты  ғалымдар  бар  еді.  Қазақ  мемлекеттік  университетінің  аға 

оқытушысы  Ә.Тәкежанов  сөзінде  «1939  жылдан  бері  Қ.Сәтпаев  республиканың  Ғылыми  орталығының 

басшы  қызметтерінде  болып  келеді.  Ол  ССРО  Ғылым  Академиясының  Қазақ  филиалына,  одан  кейін 

Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясына  буржуазияшыл  ұлтшылдықты  таратушыларды  жоғарылатты.  Оның 

қолдауымен...  Бекмаханов,  Ділмұхамедов,  Исмаилов,  Кеңесбаев,  Жұмалиев,  Жұбанов  және  басқалары 

сияқты  тарихшылар,  тіл  зерттеушілер,  әдебиет  зерттеушілер  және  искусство  зерттеушілер  Едігені, 

Кенесары Қасымовты реакцияшыл феодалдық ақындарды мақтады» - деп көрсетті [8]. 

Шамамен осы мазмұндағы сын Қазақ Мемлекеттік Университетінің ректоры Т.Тәжібаевтың да атына 

айтылып жатты.  

Актив  жиналысында  сөз  алған  Т.Тәжібаев  пен  Қ.Сәтпаевтың  өз  оппоненттеріне  айтқан  жауап 

пікірлеріне  байланысты  «Социалистік  Қазақстан»  газеті  олар  жиналыс  трибунасын  өздерінің 

«буржуазиялық  ұстанымын  ақтап  алуға»  пайдаланды,  айтқан  ойлары  «принципсіз,  іскерсымақ  сипатта 

болды» деп жазды [9]. 

Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысының Ғалым академиясының 

атына бағытталған бұл қаһарлы сындары жеке ғалымдарды жазалау шараларына ұласқан еді. ҚКП ОК-

нің  бюросы  1951  жылғы  23  қарашадағы  отырысында  Қ.И.Сәтбаев  қызметі  туралы  мәселе  қарап, 

шешімінде оның «а) партияға кіру барысында өзінің әлеуметтік тұрғыдан жат тегін жасырған, ал Сәтбаев 

жолдастың  әкесінің  бай  шаруашылығы  болған;  б)  ....  соңғы  уақытқа  дейін  «Едіге»  кітабына  жазған 

кіріспесінде  хандық-  феодалдық  эпосты  насихаттап  және  Едігенің  өзін  мадақтап  ұлтшылдық 

ұстанымдағы қателік жібергені туралы кінәсін мойындап, одан бас тартпай отыр; в) Қазақ ССР Ғылым 

академиясын  саяси  тұрғыдан  сенім  тудырмайтын  және  кездейсоқ  адамдарды  қабылдауға  жағдай 

жасағандығы»  туралы  қаулы  қабылдап,  оны  Ғылым  академиясының  президенті  қызметінен  босатады 

[10]. Ғалымға таңылған кінә, әрине, мұнымен шектелген жоқ-тын. Негізгі кінә партия бюросының болуы 

Қ.И.Сәтбаевтың Алаш қозғалысына қатынасы болуы мүмкін деген күдікпен Республикалық Қауіпсіздік 

Комитетіне тапсырма ретінде берген мынадай құпия құжатта айтылған еді: «Қазақстан Компартиясы ӨК 

бюросының 1951ж. 23 қарашадағы отырысының № 91 хаттамасынан . Аса құпия. 

3.  Қазақ  ССР  Мемлекеттік  қауіпсіздік  министрі  Фитин  жолдасқа  Алашорданың  Семей  комитетінің 

Қ.И.Сәтбаев  жолдасты  үгітші  ретінде  пайдаланғаны  туралы  материалдарды  тексеріп,  оның  нәтижелері 

туралы Қазақстан К(б)П ӨЛ-не баяндау жүктелсін 1951ж. 23 қараша» [11] 

 Алаш  қозғалысына  қатынасына  байланысты  Қ.И.Сәтбаевтың  Қауіпсіздік  мимнистрлігіне  жүктелген 

бұл  қандай  материал  еді?  Сөз,  әрине,  1917  жылдың  соңғы  айларында  бүкіл  ресейлік  Құрылтай 

жиналысына қазақ қоғамына депутаттар сайлау науқаны тұсындағы Қ.Сәтбаевтың Алаш партиясы атына 

түскен  депутаттыққа  кандидаттар  тізімін  насихаттауға  байланысты  атқарған  қызметі  жөнінде  еді. 

«Сарыарқа» газеті 1918 жылғы 19-ншы санында Алаш партиясының « Құрылтай сайлауы таянған себепті 

ел  аңдаусыз  қалмасын  деп,  облостной  Қазақ  комитеті  Павлодар,  Семей  һәм  Өскемен  уездеріне  7  кісі» 

шығарғанын  хабарлап,  «  Павлодарға  да  осы  мақсатпен  кеткендер»  қатарына  Жүсіпбек  Аймауытов  пен 

Қаныш Сәтбаевтың барлығын айтқан. [12].  

Ғылымдағы «қазақ ұлтшылдарының» ұстанымын түрлі деңгейдегі партия жиналыстарында талқылау 

репрессиялық  шараларға  ұласты.  1951  жылы  6  қарашада  ұзақ  жылдар  бойы  Қазақ  КСР  Ғылым 

Академиясының Тіл және әдебиет институтында ғылыми қызметте болып, 1946 жылы оның директоры 

қызметін атқарған, ал 1950 жылдың соңына қарай осы мекемедегі әдебиеттану саласындағы жұмысынан 

босатылған,  Ысмаилов  Есмағамбет  Самұратұлы  тұтқынға  алынып  Мемлекеттік  Қауіпсіздік 

Министрлігінің  абақтысына  жабылды.Ал  келесі  1952  жылдың  17  шілде  күні  Қазақ  КСР  Ғылым 

Академиясы тарих институтының сектор меңгерушісі Сүлейменов Бекежан, осы жылы 5 қыркүйек күні 

ғылыми  және  университеттегі  оқытушылық  қызметтерінен  босатылып.  Жамбыл  облысы  Шу  ауданы 



ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

12 


Ново-Тройцк  селосындағы  орта  мектепте  мұғалімдік  жұмыста  жүрген  Бекмаханов  Ермұхан  тұтқынға 

алынды.  «  Ұлтшылдар  ісі»  бойынша  сотқа  тартылғандар  қатарында  белгілі  ғалым-  жазушы  Қажым 

Жұмалиев, жас әдебиетші Қайым Мұхаметханов және басқалар бар еді. 

1952  жылы  15-17  сәуірде  болып  өткен  Ғылым  академиясының  жалпы  жиналысы  геолог-ғалым 

М.П.Русановты,  өнертанушы,  ғалым,  композитор,  әдебиеттанушы  Қ.Ж.  Жұмалиевті  Советтер  Одағына 

зиянды  қызметі  және  Ғылым  академиясымен  «байланысын»  үзіп  алғаны  үшін  академияға  мүшеліктен 

шығарады [13].  

Міне  осы  абақтыға  жабылған  ғалымдарды  сұрау  барысында  тергеушілер  үшін  аса  маңызды  мәселе 

Қазақ  Ғылым  Академиясындағы  гумантарлық  ғылымдар  саласындағы  М.Әуезовтың  рөлін  анықтау 

болды.  Олар  М.Әуезовтың  Ғылым  Академиясында  әдебиеттану  және  тарих  ғылымдары  салаларында 

түрлі «бұрмалаушылық» бағыттардың өріс алуына қосқан үлесін анықтауға біраз күш салды.  

Мәселен, тергеуші 1952 жылы 14 қаңтарда Е.Ысмайловты тергеу барысында М.Әуезовтың Тіл және 

әдебиет институтына қашан келгені туралы сұрау қояды. Е.Ысмайлов өз жауабында: «Ауэзов поступил на 

работу  в  Институт  языка  и  литературы  в  1943  году.  Надо  сказать,  что  до  этого  Ауэзову  неоднократно 

предлагали  официально  поступить  на  работу  в  Академию,  но  до  1943  года  он  отказывался  от  этого,.. 

сылался на свою занятость в творческой работе. Во всяком случае, в 1943 году, вскоре после избрания на 

пост  Председателя  Президиума  Казфилиала  АН  СССР  Сатпаева  Каныша,  Ауезов  дал  согласие  на 

официальное занятие должности старшего научного сотрудника Института языка и литературы. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет