ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
252
М. Усовтың күнделігінде 6 қыркүйекте Қаныштың Томск технологиялық институтына оқуға кететіні
туралы хаты отбасына келгенін және ол өзіне қажеттілерді тез арада дайындап қоюды табыстап жазғаны
айтылады.
«6 қыркүйек (сейсенбі). ... Қаныштың Баянауылдан жазған хаты келді, ол Томск технологиялық
институтына оқуға кетуді біржола шешкенін және кетуіне керек-жарақтарын дайындауды өтініп жазды. 2
жасар тайшық сойылды және оның еті сүрленді. Еттің сүрленуі қарапайым жолмен жүреді: күндіз далада
ашық ауада ілініп тұрады, ал түнде шаңыраққа ілінеді де ошақтың түтінімен қақталады» - деп жазатын
профессор Усов қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігінен байқағандарын да көрсетіп отырады.
13 қыркүйекте Усов былай деп жазады: «Каныш Сатпаев предполагал ехать с нами в Томск, чтобы
учиться в институте. Он уехал в конце августа в Баян-Аул, чтобы ликвидировать дела. Хотел вернуться к
7-10 сентября, но до сих пор его нет. Вчера со всей семьей выехал в Семипалатинск Абикей Зеинович. И
мы решили ехать, тем более, что началась приличная погода, которая могла долго не продержаться.
Выехали мы на лошадях Имантая в 11 часов» [4, 44].
Оқуына алып кетуі үшін Қанышқа 3 кендір қап дайындалды, деп жазады естелігінде Т.А. Сәтбаева. 1
қапта сүрленген ет, екіншісінде бауырсақ пен құрт, үшіншісіне саптама етік, жүннен тоқылған шұлық,
түлкі терісінің ішігі және түлкі тымақ салынды. Көп қапты және олардың түрін көріп қобалжыған
Қанышқа әкесі: «Азықты сен емес, азық сені көтереді». Сенің профессорың Михаил қандай суық және
аштық жайлаған жерге кетіп бара жатқаныңды айтты. Менің берерім осы ғана.
Сен қанаттанған құстай ұяңнан ұшып барасың. Михаилға жақын жүр. Ол жақсы адам. Аз сөйлейді,
бірақ көзінің шуағы бар. Біздің қарапайым, дала халқын сыйлайды. Денсаулығың әлсіз. Өзіңе абай бол,
қарағым» деп шығарып салған екен [5, 3-4].
Институт жанындағы арнайы корпустарда М. Усовтың пәтері болды. Ол осы пәтердің бір бөлмесін
Қаныш Сәтбаевқа бөліп берді [5, 5п.].
Сәтбаев оқыған кездегі Томск қаласын Сібірдің Афинасы деуге болар еді. Себебі бұл қалада Сібірдегі
екі ірі жоғары оқу орны орналасты – университет пен технологиялық институт. Жоғары оқу орындары
салтанатты ғимараттарда орналасты. Классикалық стильде салынған зәулім ғимараттағы университет,
оның кітапханасы, түрлі мұражайлары өзінің қайталанбас архитектурасымен қалаға сән мен салтанат
беріп тұрды. Университеттің барлық ғимараттарын парктер қоршап тұратын еді.
1900 жылы салынған Томск технологиялық институтының ғимараты таулы биік жерде орналасты.
Сондықтан сол биіктіктен институт корпусының әсемдігі мен зәулімдігі алыстан көз тартып тұрды.
Институттың ішкі кеңістігі де кірген адамға сондайлық зор әсер берді. Жарық және керемет акустикасы
бар кең аудиториялар, жабдықталған сызу залдары, лабораториялар, шеберханалар, осылардың барлығы
жазық даладан келген қазақ балаларына ұмытылмастай әсер қалдырды. Сарайдан ғұлама ғалымдардан
білім алу, сонда тұрып, сол қоғамның бір мүшесіне айналу санада түбегейлі төңкеріс жасайтын,
менталитетті өзгертетін ірі құбылыс деп ойлаймыз. Томск институтын бітірген әрбір студент, даңқты оқу
орнының түлегі екенін өмір бойы мақтан тұтады.
Қ. Сәтбаев та өзін геологтардың Сібір мектебінің, Томск мектебінің өкілі деп таныған.
1920-шы жылдары Томск технологиялық институтында дәріс берген профессор В.А. Хахлов
студенттер құрамы менің көз алдымда өзгере бастады. Бұрын қазақ немесе аз ұлт өкілдерінен келген
студенттер, қыздар кездеспейтін дейді [6, 254]. Қ. Сәтбаевтың студенттік шағы геология қызметіндегі
маңызды тарихи кезеңмен тұспа-тұс келді. Кеңестік индустрияландыру саясаты елде минералдық-шикізат
базасын жасауды қажет етті. Жаңа міндеттерді іске асыратын геологтар мен геолог-барлаушылар
дайындау жұмысы мемлекеттік маңызға ие болды. Томск институтының тау факультетінде алғашында
геологиялық барлау бөлімі ашылады, кейіннен ол жеке факультетке айналды. Студенттер Сібір, Қиыр
Шығыс, Орта Азия мен Қазақстан жерін зерттеуге жұмылдырылды. 1 курстан бастап студенттер
оқытушыларымен бірге барлау экспедицияларына шығып отырды. 2-ші курстан Қ. Сәтбаев та М.А.
Усовтың Қазақстанда жүргізген экспедицияларына қатысты. Біздің ойымызша, осы студент шағында Қ.
Сатпавтың ғылыми-инженерлік дүние пайымы сібір геологтары мектебінің аясында қалыптасты.
Олардың қатарында, М.А. Усов бастаған Сібір геолог-ғалымдарының әсері, студенттік ортасы, геолог-
барлаушыны тәрбиелеуде қолданылған сол кездегі кеңестік идеологияны көреміз.
Бірегейлік мәселесін зерттейтін еңбектерде, олардың алуан түрлілігі айтылады. Отансүйгіштікке, туған
жерін қадірлеу сияқты қасиетті маңыздарға ие азаматтық бірегейлік өз елінің тағдырына деген
жауапкершілікке ұласатыны көрсетіледі. Қ. Сатпавтың туған кезінен бастап Томск кезеңін қоса қарастыра
отырып дүниетанымының қалыптасуында өзін бір ұлттың өкілі деп тануынан бастап, кәсіби маман
ретіндегі азаматтық бірегейлігінің қалыптасуындағы негізгі факторларларды, маркерлерді осылай
пайымдадық.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
253
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Әуезов М. Қазақ халқының зор ғалымы // Заңғар. Қ. Сәтбаев туралы естеліктер/ Құраст. Ғ.
Жайлыбай. – Алматы, 1999. – 316 б.
2. Коптев-Дворников В.С. Слово о Сатпаеве // Академик К.И. Сатпаев. Сборник посвященный памяти
выдающегося советского ученого/ под ред. Ш.Ч. Чокина – Алма-Ата, 1965. – 262 с.
3. Академик К. И. Сатпаев: Сборник документов и материалов / Сост.: Б. Т. Жанаев (отв.), Н. П.
Кропивницкий, К. А. Сакенова, Ш. К. Саманова. – Астана: 1С-Сервис, 2009. – 560 с.
4. ҚР ОМА. Р-2057 қ., 4- т., 714-іс . 2–61 пп.
5. ҚР ОМА. Қ. 2121, Т. 1, 21-іс. Жауқазын гүлдей жас күндер. Незабываемые дни молодости.
Воспоминания о К.Сәтбаеве. 3-4 пп.
6. Хахлов В.А. Каныш Имантаевич – студент // Академик К.И. Сатпаев. Сборник посвященный
памяти выдающегося советского ученого/ под ред. Ш.Ч. Чокина – Алма-Ата, 1965. – 262 с.
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
254
Достарыңызбен бөлісу: |