Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет398/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   493
№3  қорған-қоршау  жазықтың  батыс  бөлігінде  жотаның  баурайында  басқа  қорғандардан  оқшау 

орналасқан. Ескерткіштің маңайында басқа объектілер байқалмайды. Бастапқы кезде қорған биіктігі 1 м, 

бетін  дала  өсімдіктері  басқан  тік  төртбұрышты  тас  үйінді  ретінде  көрінді.  Үйінді  тау  тастары  мен 

кішігірім  гранитті  тастардан  тұрғызылған.  Үйіндінің  беткі  қабаты  ұсақ  тастардан,  ал  ескерткіштің  шет 

жақтарында  құрылыстың  қабырғасы  болып  табылатын,  қырынан  тұрғызылған  әртүрлі  пішінді  плита 

тастар тұрады. Ескерткіштің тік бұрышты пішіні нысанның батыс бөлігінде айқын көрініп тұр (2 сурет). 

Құрылыстың беткі қабатындағы, жүйесіз орналасқан артық тастары алынғаннан соң өлшемі 5 х 5 м, 

биіктігі  0,7  м  тік  төртбұрышты  қоршау  түріндегі  алғашқы  қалпы  қалпына  келтірілді.  Қоршау  әртүрлі 

пішінді үш-төрт қатарлы тікбұрышты плита тастардан тұрғызылған. Кейбіреулері қырынан тұр. Қоршау 

қабырғасы ішіндегі бос орын топырақпен және ұсақ тастармен толтырылған. Батыс жағында жылқының 

сүйектері мен тістері есепке алынды. Қоршаудың орталық бөлігінде ұзын жақтары батыс-шығыс бағытта 

жатқан, өлшемі 2,3 × 1,1 м қырынан тұрғызылған төрт плита тастан тұратын жәшік орналасқан (3 сурет). 

Жерлеу  орны  жер  бетінде.  Жәшіктің  шығыс  жағында  кезінде  жәшіктің  қақпағы  қызметін  атқарған 

іспеттес  (?)  тігінен  орналасқан  плита  тас  бар.  Тонау  кезіндегі  қозғалған  болуы  мүмкін.  Тас  жәшікті 

тазалау кезінде жәшіктің солтүстік-шығыс жағынан қола білезік пен белдіктің темір бөлшектері табылды 

(4 сурет, 1,2). Жерлеу орны тоналған, адам сүйектерінен тек қабырға мен саусақ сүйектері шықты. Адам 

сүйектерінің арасында жылқы тістері де шашылып жатты. 

Қоршаудың ішінде жәшіктің оңтүстігінде 0,2 м тереңдікте жылқы жерленген. Жылқы жерлеу орны да 

тоналған  (2  сурет).  Табылған  сүйектердің  орналасуына  қарай  жылқы  басы  адам  басы  сияқты  шығысқа 

қаратылған болуы мүмкін (?). Тазалау кезінде ат әбзелдерінің бөлшектері табылды (4 сурет, 3,4). 

Осыған ұқсас тас жәшіктер б.з.д. IV–V ғғ. басымен мерзімделетін Зевакино қорымында табылған [4, с. 

122–133].  Бірақ  жерлеу  орнының  жер  бетінде  орналасуы  мен  табылған  заттар  ескерткіштің  ерекшелігін 

көрсетіп тұр. Ескерткіштің тура аналогиялары әрі белгісіз. Табылған артефактілер бойынша бұл жерлеу 

орны белгілі бір діни рәсімдерді басқаратын текті әйелдің жерлеу орны болуы мүмкін (?). 

Қорғаннан табылған табылымдар бұл жерде күрделі полиэтникалық түркі бірлестігіне кіретін өзіндік 

этнографиялық  ерекшеліктері  бар  топтың  болғандығын  көрсетеді.  Ерте  түркі  уақыты  ескерткіштерінің 

мерзімделу  мен  этникалық  атрибуциясы,  аудандағы  әлеуметтік-саяси  жағдайы  мәселелерін  түпкілікті 

шешу үшін тарихи өлкетанушылық базаны кеңейтіп, жиналған мәліметтерді сараптаудан өткізу қажет. 

Ескерткіш шамамен б.з.д. IV–V ғғ. мерзімделеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет