PRELIMINARY RESULTS OF ARCHAEOLOGICAL EXCAVATIONS AT THE AYAN-I
BURIALS IN 2018
Annotation
The article publishes new materials of excavations in 2018 at Ayan-I burial ground, located in the Kurchum
district of the East Kazakhstan region. It consists of more than 50 different mound structures. During the field
season, three objects of the early Iron Age and Turkic periods were investigated. The mound-fence is of particular
interest, it is sub quad shaped with a central stone box. According to the discovered artefacts, the burial is assumed
to belong to a special group of noble women, possibly leading certain religious rites. The obtained materials from
the barrow testify the existence of peculiar ethnographic features of this group of the population, which was part
of the complex polytechnics association of ancient Turks.
Keywords: East Kazakhstan, Ayan-I burial, early Iron Age, ancient Turkic time, mound-fence.
Шығыс Қазақстан территориясында бүгінгі күні көшпелі қоғамның пайда болуы мен дамуы жайлы
қалыптасқан ой-пікірлерді өзгертетін көптеген ашылымдар болды, соның ішінде археологиялық
зерттеулердің орны ерекше. Еліміздің шығысы мен батысында, Жетісу, Қазақтың ұсақ шоқысында
әртүрлі мәдениеттердің өмір сүру кезеңіне байланысты білімімізді кеңейтетін атақты археологиялық
ескерткіштер ашылды. Жаңа ақпараттың көптеп жинақталуы, сонымен бірге, оны сапалы өңдеу аталмыш
аймақпен қатар, кең ауқымда да қарастыруды қажет етеді.
Еуразия даласында ежелден бүгінге дейін физико-географиялық және саяси-аудандық тұрғыдан
ерекше өңір болып табылатын Оңтүстік-Батыс Алтай территориясы маңызды зерттеу нысаны ретінде
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
322
бірнеше мемлекет ғалымдарының назарында. Соңғы жылдарда Шығыс Қазақстан мен басқа да
Еуразияның Азия бөлігінде жасалған жаңа археологиялық ашылымдар мен зерттеулер көшпелі
мәдениеттің қалыптасу мәселелері мен уақытына байланысты дауды одан әрі күшейтті. Сондықтан
протомемлекеттер қалыптасу кезеңі ескерткіштерін зерттеу бүгінгі күде өзекті болып табылады, әсіресе
Қазақ Алтайы ескерткіштері негізінде.
Аян қорымы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қаратоғай ауылынан солтүстік-шығысқа
қарай 18 шақырым қашықтықта, Оңтүстік-Батыс Алтай тау сілемдері – Күршім жотасының күңгей
баурайында орналасқан. Қорымнан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде Еңбек ауылы орын тепкен.
Ескерткіш әр түрлі кезеңдерді қамтитын 50-ге жуық жерлеу-ғұрыптық ескерткіштерден тұрады.
Нысандар жоспарлы түрде оңтүстік-солтүстік бағытта, сәл ауытқуларымен орналасқан, тізбек бойымен
үш қатар болып келеді. Жүйесіз орналастырылған нысандар да кездеседі.
Қорымдағы алғашқы зерттеу жұмыстары 2005 жылы Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану
музейінің ғылыми қызметкерлерімен жүргізілді, негізінен барлау жұмыстары жасалған [1].
2015 жылы Ғ.Қ. Омаровтың жетекшілігімен қорымға барлау және топографиялық жұмыстар
жүргізілді (1 сурет) [2, 133–142 б.].
2016 жылы осы жерде ерте темір дәуірі және түркі уақытына жататын 2 қорғанда (Қорған № 1, 2)
зерттеу жұмыстары жүргізілді [3, с. 194–199].
2018 жылғы далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге 3 нысан таңдалды.
Достарыңызбен бөлісу: |