Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет422/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

344 


Қазақ  тілінде  революциядан  бұрын  шыққан  кітаптарда,  газет  –  журналдарда  көптеген  мақала,  хат-

хабар  жарияланған,  елеулі  мәселелер  қозғалған.  Қазақ  халқының  өткен-кеткені,  тарихы  туралы,  сол 

кездегі саяси, шаруашылық, мәдени жағдайы, әдет-ғұрпы, салт-санасы, ізгі тілек-арманы туралы толып 

жатқан дәл, айқын ақпар-деректер берілген, талай құнды ой-пікірлер айтылған[14].  

Ал  осындай  деректерді,  құнды  ой-пікірлерді  біздің  бүгінгі  оқушыларымыз  бен  зерттеушілеріміздің, 

ғылыми  қызметкерлеріміздің  бәрі  бірдей  жете  біле  бермейді.  Себебі,  бізде  қазақ  тілінде  революциядан 

бұрын шыққан газет, журналдар бетінде жарияланған мақалалар мен хат-хабарлардың библиографиялық 

көрсеткіштері жоқ, болған емес. 

Міне,  осы  жағдайда  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясы  Орталық  ғылыми  кітапханасының  ғылыми 

қызметкері  Ү.  Субханбердинаның  қазақ  тілінде  революциядан  бұрын  шыққан  мерзімді  баспасөздер 

бетінде жарияланған материалдардың көрсеткіштерін жасауы-қуанарлық іс болды. 

Ү.  Субханбердинаның  еңбегі  «Айқап»  журналының  қазақ  халқы  саяси-әлеуметтік,  мәдени-

шаруашылық өмірінің көптеген түйінді, көкейкесті мәселелерін сөз еткенін көрсетеді. Соның бәрін де ол 

қазақ  халқының  саяси  әлеуметтік  бостандығы,  шаруашылығы  мен  мәдениетінің  өркендеуі  тұрғысынан 

сөз еткенін сипаттайды.  

Журнал  қазақ  халқын  отырықшы  болуға,  қала,  поселка  салуға,  қаладан,  орыс  поселкаларынан  үлгі 

алып, егін шаруашылығымен, ұсақ өнеркәсіппен айналасуға үндеді, мектеп, медресе салып, жаппай оқуға, 

өнер-білім үйренуге, ғылымды, техниканы меңгеруге үгіттеді. 

Журналда  қазақ  әйелдерінің  хал-жайы,  бостандық,  теңдік  мәселесі  көп  жазылды.  «Айқап»  журналы 

қазақтың ана тілі мәселесін, оның әліппе емлесін, ережесін кең талқылады, әдеби тілінің өркендей түсуіне 

теориялық жақтан да себепші болды[14]. 

Осы сияқты, журнал қазақ арасындағы оқу, мәдени-ағарту мәселелерін, жаңа оқуды өрістету, жаңа оқу 

бағдарамалары мен оқу құралдарын жасау мәселелерін кеңінен сөз етті.  

«Айқап»  сол  кездегі  ақын,  жазушыларының  жаңа,  таңдаулы  шығармаларын  үнемі  басып  отырды, 

көптеген  ақын,  жазушыларды  тәрбиелеп  өсірді.  Қазақ  әдебиетінің  түйінді  мәселелерін,  оның  өркендеу 

жолдарын  сөз  етті.  Абай,  Ыбырай  негізін  салған  жаңа  әдебиетіміздің,  ұлы  орыс  халқының  классик 

әдебиетінен  нәр  алып,  оның  озат,  демократияшыл  идеясын  уағыздай  отырып,  оның  өркендей  түсуіне 

жетекші болды. 

«Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар» деген кітапта бұл жағдайлардың бәрі дәл фактілермен, 

айқын деректермен толық баяндалған, тұжырымды айтылған[15]. 

Мәдениет  тек  қана  рухани  сабақтастық  баянды  болған  ортада  қалыптасып,  шешек  атуға  тиіс.  Кез 

келген  өкше  басар  ұрпақ  өзіне  дейінгі  тарихи  тәжірибе  мен  рухани  игілікті  бойына  жинақтап  отыру 

арқылы ұлттық мәдениеттің арнасын кеңейтіп, ағысын ұзарта алады. Тарихи тәжірибе мен рухани игілікті 

үзіп  алған  ұрпақ  бәрін  де  тырбанып  қайта  бастауға  мәжбүр.  Әке  мен  шешесіз  ұрпақтың  болмайтыны 

сияқты, тарихи тәжірибе мен рухани игілік жинақталмаса, қордалана молықпаса мәдениет те болмайды.  

«Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы» деген Ахмет Байтұрсыновтың 

сөзінде  зор  мағына  жатыр.  Демек,  тарихтың  үдеріне  тартқан  көш  жолындағы  мәдени  үрдістеріміздің 

сабақты  жібіне  дейін  ұмыт  қалмай  бүгінгі  және  болашақ  ұрпақтың  рухани  мұрасына  айналып  отыруы 

керек.  

«Дала  уәлиятының  газеті»  («Ғылым(  баспасы,  1988)  атты  кітап  осы  айтып  отырған  мәдени 

толысуымызға  кепіл  болар  рухани  сабақтастығымыздың  жарқын  бір  айғағы.  Осыдан  аттай  бір  ғасыр 

бұрын 1888-1902 жылдары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Дала уәлиятының газеті» сахара 

жұртының шын мәніндегі көзі мен құлағы, рухани қолқанаты болатын[16]. Осы уақытқа дейін қазақтың 

халық әдебиетіндегі аты аталғанымен, заты беймәлім болып келген алуан түрлі жанрдың тамаша үлгілері 

«Дала  уәлиятының  газеті»  беттерінде  үздіксіз  басылып  отырды.  Қазақтың  халық  прозасының  қазіргі 

ғылыми танымға белгілі миф, хикая, аңыз, батырлық ертегі, новеллалық ертегі, сатиралық ертегі сияқты 

жанрлық үлгілерінің тамаша нұсқалары газеттің нөмерін құрғатпай басылып отырған. 

Осыдан  аттай  бір  ғасыр  бұрынғы  қазақ  даласының  тіршілік  тынысына,  ой-таным  өрісіне,  рухани 

болмысына айна болған газет бетіндегі материалдардың кітап болып шыға бастауы, айтары жоқ, рухани 

зор қуаныш. Мұндай қуаныштың өздігінен келе қалмайтыны, көз майын тауысып, маңдай терді мың төгу 

арқылы жүзеге асатыны белгілі. Осы орайда, «құрастырушы» деп қана кітаптың бір бүйіріне аты-жөнін 

басқан Үшкөлтай Субханбердинаның еңбегін атап өту қажет. Себебі «құрастырушы» сөзінің астарында 

сырт көз аңғара бермейтін көп қасиеттер жасырынап қалғандай.  

Алдымен  «Дала  уәлиятының  газеті»  басылымдарының  нұсқаларын  түгендеп,  берісі  Алматы,  Омбы, 

әрісі  Москва,  Ленинград  қоймаларының  қойны-қонышын  ақтарып  жүріп  тапса,  сонан  соң,  әлі  тыныс 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   418   419   420   421   422   423   424   425   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет