УДК 754-09
ГРНТИ 03.11.00
Әпендиев Т.Ә.
1
, Сейтов М.Ж.
2
1
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, PhD
философия докторы;
2
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері,
Алматы қ., Қазақстан
E-mail: timur.apendiev@mail.ru, egipt_17@mail.ru
ҚАБЫЛБЕК САРЫМОЛДАЕВТЫҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
Аңдатпа
Мақалада, қазақ зиялысы Қабылбек Сарымолдаевтың өмірі және саяси қызметі қарастырылады.
Әулиеата жерінен шығып, халық арасында белсенді қызмет еткен, бүкіл ғұмырын елі мен жерінің дамуы
мен көркеюіне арнаған саяси қайраткер, қазақ зиялысы Қабылбек Сарымолдаевтың қызметін ғылыми
талдаудан өткізу ХХ ғасыр басындағы ұлт қайраткерлерінің тарихын зерттеудің басты тақырыптарының
бірі болып саналады. Қабылбек Сарымолдаев 1898 жылы 22 ақпанда Сырдария облысы, Әулиеата уезіне
қарасты болған Қорағаты болысында дүниеге келген. Отбасында әлеуметтік жағдайдың төмен болғанына
қарамастан, оның оқуға және кейіннен халыққа қызмет етуге деген құлшынысы өте жоғары болды.
Қабылбек Сарымолдаев берісі Әулиеата, әрісі еліміздің аумағында қазақ халқының жарқын болашағы
үшін жан аямай еңбек етті. Қазіргі уақытта, белгілі халық жанашыры, коммунист, Қазақстанда Кеңес
үкіметінің кемшіліктеріне қарамай, халық арасында белсенді қызмет атқарған Қабылбек Сарымолдаевтың
өмірі мен саяси-әлеуметтік қызметін саралауда ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Ұсынылып отырған
ғылыми мақала осындай ізденістердің бірі болып табылады. Ғылыми жұмыста Қабылбек
Сарымолдаевтың аталып отырған саяси қызметі талдауға түсіп, тарихи баға беріледі. Өзге де қазақ
зиялыларымен бірлесіп, Әулиеатада жергілікті халықты аштықтан құтқару, олардың әлеуметтік деңгейін
көтеру жолында жүзеге асырылған көптеген саяси процестерге бел шеше араласқан ұлт зиялыларының
бірі Қабылбек Сарымолдаевтың қызметі жан-жақты талдауға түседі. Саяси тұлғаның мұндай қызметтерін
көрсету, сипаттау ұсынылып отырған ғылыми мақаланың негізгі міндеттері болын саналады.
Түйін сөздер: Қабылбек Сарымолдаев, Әулиеата, төңкеріс, Ұлт-азаттық қозғалыс, аштық.
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
348
T.A. Apendiyev
1
, M.Zh. Seitov
2
1
Senior researcher of the Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology, PhD;
2
Researcher of the Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology;
Almaty, Kazakhstan
E-mail: timur.apendiev@mail.ru, egipt_17@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |