Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет101/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Keywords: Ili region, Qing Empire, Russia, Kulja, Geopolitics, Economics 

 

Іле  өңіріндегі  геосаяси  факторлар  XVIII  ғасырдан  қытайлар  тарапынан  басталған  саяси-әскери 



басқыншылықтардан  бастап  орын  алды.  Оның  басты  мысалдарының  бірі  1755  жылы  қытайлық  Цин 

патшалығының  Жоңғария  мемлекетін  құлатуы  және  бұл  өңірдің  қытайлар  тарапынан  толық  басып 

алынуы  болды.  Бұған  дейін  Іле  өңірінің  үлкен  бөлігін  жоңғарлар  иеленген  еді.  Ал  кейіннен  Цин 

империясы  басып  алған  соң  бұл  өңір  Цин  билеушілерінің  қоластына  қараған  болатын.  Бұл  аймақ 

қытайлардың  қол  астына  кірген  кезден  бастап  онда  Цин  үкіметінің  әскери-әкімшілік  жүйесі  енгізілді. 

1759 жылы Цин империясы Жоңғарияны иеленгеннен кейін мұнымен қанағаттанбай, ол бұрынғы Жоңғар 

мемлекетінің  қоластына  қараған  Шығыс  Түркістандағы  аймақтардың  бәрі  Цин  билігіне  өтуі  керек  деп 

шешті  және  соның  негізінде  Қашқарияны  басып  алды  [1,  154  с.].  Жоңғария  мен  Қашқария  Цин 

империясының құрамына енгізілген соң, бұл аймаққа жаңа атау беріліп, ол Синьцзянь (Жаңа шекара) деп 

аталды. Оның орталығы Іле өзенінің аңғарында болып, бұл өңір осы өзеннің атауын иеленді.  

Бұл кезде Шығыс Түркістанда, оның ішінде Іле өңірінде бірнеше халықтар өмір сүріп жатты. Аймақта, 

қазақтар,  ұйғырлар,  дүнгендер  және  басқа  да  мұсылман  халықтар  өмір  сүрді  Қазақтар  осы  өңірдің 

жергілікті  және  байырғы  тұрғындарының  бірі  болды.  Шығыс  Түркістанды  түгел  дерлік  иеленумен 

шектелмеген  қытайлар,  ондағы  өзге  халықтарға  қысым  көрсете  бастады.  Мұндай  әрекеттер  жергілікті 

қазақтарға да көрсетілді. Мысалы, 1760 жылдары Қытай билігі Шыңжаңда (Синьцзянь) қазақтардың Іле 

өзенінің  аңғарларында  көшіп-қонуына  кедергі  жасаған.  Тіпті  қысым  көрсетіп,  оларды  бұл  аймақтан 

көшіріп жіберуге дейін барған. Қытай билігі тарапынан тіпті қазақтардың малын тартып алу фактілері де 

орын алған. Дегенмен, Іле өңіріндегі қазақтар Қытай билігінің көп талабын орындамады. Соның негізінде 

елден тыс кету, қарулы көтеріліске шығу жағдайлары да болған. Ең маңызды жағдайлардың бірі мұнда 

көбінесе  Ұлы  жүз  қазақтары  өмір  сүріп,  олардың  біразы  Қытай  билігін  мойындаса,  екінші  бір  бөлігі 

тәуелсіз күн кешті. Бұл жағдай жергілікті халық үшін ауыр болды [2, 59-60 б.].  

 Дегенмен,  Қытайдың  Шығыс  Түркістан,  оның  ішінде  Іле  өңіріндегі  мұндай  саясаты  уақыт  өте 

өзгерістерге ұшырады. Мұның басты көріністері Цин билігі мұнда өмір сүріп жатқан халықтарға қысым 

көрсетпей,  керісінше  олардың  бірлік  пен  саяси  тұрақтылықты  ту  етуге  тәрбиеледі.  Себебі,  Қытайдың 

оңтүстік  және  батыс  аймақтарында  түрлі  ішкі  наразылықтар  мен  соған  негізделген  көтерілістер  орын 

алып, ол Қытайдың ішкі-сыртқы саясатына айтарлықтай әсер етті. Бұл жағдай XVIII-ХІХ ғасырлардың 

тоғысында  күшейіп,  ол  ХІХ  ғасырдың  басында  да  жалғасты.  Бұл  фактор  Іле  аймағында  саяси 

өзгерістердің орын алуына алып келді. Іле өңірінде саяси ахуалдың өзгеруіне әсер еткен келесі бір жағдай 

ол  жергілікті  қазақтардың  және  өзге  де  мұсылман  халықтарының  аймақта  Цин  билігіне  қарсы 

наразылығы болды. Оның негізгі себептері Шығыс Түркістандағы жергілікті халықтар өз жерінде еркін 

және  бастысы  тәуелсіз  өмір  сүруі  қажет  еді.  Жергілікті  халықтың  саяси-әлеуметтік  мүддесіне  қайшы 

келген  жағдайлардың  бірі  ол  –  Цин  үкіметінің  аймақтан  салық  жинауы  мен  сауда-саттыққа  мейлінше 

араласуы болды. Жоғарыда аталғандай бұл аймақта сауда-саттық ертеден дамып, ол жергілікті халықтың 

шаруашылықтан кейінгі күнкөріс тіршілігі еді.  

Бұл  кезде  Шығыс  Түркістан  (Шыңжаң)  аумағында  ішкі  тұрақтылықтың  болмауына  тікелей  ықпал 

еткен  оқиғалар  ол  осы  аймақта  Цин  билігіне  басқаруына  қарсы  болған  жергілікті  басқарушылардың 

наразылығы, маньчжур әулеті өкілдерінің еркіндікке ұмтылуы, Алтайда қазақтардың әр түрлі деңгейдегі 

баскөтерулері, сондай-ақ ең маңыздысы осы сәтті пайдалануға тырысқан Қоқан хандығының осы өңірдегі 

саяси  және  сауда-экономикалық  талаптары  Қытай  билігінің  аймақта  әлсірей  бастағанын  көрсетті  [3]. 

Осының  салдарынан  ХІХ  ғасырдың  басында  Цин  империясы  өзінің  Іле  өңірі  мен  бүкіл  Шығыс 

Түркістандағы ықпалы мен билігінен айырылып қалмау үшін бұл аймақтағы халықтарға ауыртпалықтар 

мен түрлі алым-салықтарды азайтты және басқыншылық қимылдарын тоқтатты. 

Іле  өңірі  мен  онымен  іргелес  жатқан  аймақтарда  өмір  сүрген  қазақтар  бұл  өңірде  Қытай  билігінің 

орнауын қаламады. Сонымен қоса, Іле өңірімен шекаралас болып отырған Ұлы жүз қазақтары өздеріне 

Цин империясы тарапынан қашан да болмасын қауіптің келуі мүмкін екендігін түсінді. Мұның алдын-алу 

мақсатында  түрлі  саяси  шаралар  жүзеге  асырылды.  Ұлы  жүз  сұлтандарының  бір  бөлігі  Қоқан  билігін, 

екінші бір бөлігі аймақта уақыт санап күшейіп келе жатқан Ресей империясының билігін мойындады ал 

келесі бір бөлігі дербес өмір сүруді көздеді. Олар тіпті Іле өңірінде қалып қойған қазақтарға дем беріп, 

ондағы  билікті  жергілікті  халыққа  берудің  жолдарын  қарастырды.  Дегенмен,  бұл  Іледегі  жергілікті 

қазақтар үшін оңай емес еді. Ол үшін қуатты және тұрақты армия қажет болды. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет