Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет102/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

68 


Келесі  кезекте,  Іле  өңіріндегі  геосаяси  жағдайдың  орнауына  себеп  болған  фактор  ол  Ресей 

империясының аймақта күшеюі болып, ол Ұлы жүздің Ресей билігін мойындаумен байланыстырылады. 

Нақтырақ  айтқанда  Жетісу  жерінің  Ресейге  өтуі  онымен  іргелес  жатқан  Іле  өңіріне  қарай  орыстардың 

жақындауын айқындады. Бұл процесс ХІХ ғасырдың басында басталып, бұған дейін Орта жүз бен Кіші 

жүз аумағын иеленген Ресей империясы келесі кезекте Ұлы жүз жерін басып алуды көздеді және Жетісу 

мен  Іле  өңірінде  болып  жатқан  саяси  жағдайды  қырағы  бақылап  отырды.  Басты  мақсат,  қазақ  жерінің 

ендігі  иеленбеген  оңтүстік  аймағы  мен  Орта  Азияны  иелену  және  сол  арқылы  Оңтүстік  Азия  мен 

Үндістанға  шығу  болды.  Ол  үшін  Ресей  билігі  алдымен  Оңтүстік  Қазақстанға,  әсіресе  Жетісуға  қарай 

жүйелі түрде әрекет етті. Ол бойынша жергілікті Ұлы жүз қазақтары арасынан сұлтандар, рубасылар мен 

батырларды өз жағына тартып жұмыс істеді [4]. Мұның барлығы ХІХ ғасырдың басында жүргізіліп, бұл 

кезде  Ұлы  жүзде  хан  билігінің  біртұтастығы  әлсіреген  еді.  Бұл  кезде  Жетісу  жері  сырттай  Ресей  мен 

Қоқан  билеушілері  бақталастыққа  түсті.  Осы  тұста  Қоқан  хандығына  Англия  тарапынан  қолдаудың 

болғанын айта кеткен орынды. Ағылшындар Орта Азия мен Шығыс Түркістанды әлемдік империалистік 

мемлекеттердің  назарынан  тыс  қалған  аймақ  деп  есептеп,  оны  өз  ықпалына  алуды  көздейді.  Бұл  кезде 

қоқандықтар  өз  қоластындағы  қазақ,  қырғыз  және  басқа  да  халықтарға  қысым  көрсетіп,  бұл  жергілікті 

қазақтардың  наразылығын  тудырды.  Осыған  байланысты  Жетісу  қазақтарының  үлкен  бөлігі  Ресейге 

қосылуға  бел  буды.  Оның  басты  мысалдары  1818  жылы  Ұлы  жүз  қазақтары  тарапынан  өздерін  Ресей 

билігіне  өту  туралы  өтініш  түсті.  Осы  тұста  патша  үкіметі  де  белсенді  шешім  қабылдады.  1819  жылы 

патша үкіметі Ұлы жүзден 55462 адамды қабылдайтын шешім шығарды. Бұл жағдай бұдан соң жалғасып, 

1824  жылы  Ұлы  жүздің  14  сұлтаны  Сүйік  Абылайханұлы  бастаған  жалпы  165  мыңға  жуық  адам  Ресей 

билігін мойындады. ХІХ ғасырдың басында Іле өңірімен жақын жатқан Жетісу немесе нақтырақ айтқанда 

Ұлы жүз қазақтарының саяси жағдайы осындай болған еді [5, 127-128 с.].  

Осылайша, Іле өңіріндегі саяси ахуалдың өзгеруіне ықпал еткен сыртқы саяси факторлардың бірі ол – 

Ұлы жүз қазақтарының аймақтағы саяси жағдайды Ресеймен бірлесіп басқаруы болды. Бұл жағдай Ұлы 

жүздің  Ресейге  қосылуын  қамтамасыз  етіп,  Жетісуда  Ресей  әкімшілігінің  нығайғанын  көрсетті. 

Жетісудағы  қазақ-орыс  қатынастарының  күшеюі  және  жалпы  Ұлы  жүз  аумағының  Ресейге  қосылу 

процесі Ресей империясының Іле өңіріне енуіне мүмкіндік берді. Ресей билігінің көздегені де осы болып, 

ол уақыт өткен сайын Іле өңірін өз қолында ұстаған Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарай жақындай берді. 

Орыстардың Іле өңіріне табан тіреуі алғаш рет 1846 жылы орын алып, ол кезде алғашқы басқыншылық 

әрекеттер орын алды. Ресейдің бұл әрекеті Қытайды қатты алаңдатты. Алайда, Ресей жағы ашық соғыс 

қимылдарын  болдырмай,  Іле  өңіріне  қатысты  барлық  саяси  процестерді  қарусыз,  бейбіт  түрде  жүзеге 

асыруға тырысты.  

Орыстардың  Іле  өңіріне  бейбіт  түрде  жақындауына  1847-1848  жылдары  Ресей  империясының  Ұлы 

жүзді өзінің субъектісі ретінде танып, ондағы халықтар мен жалпы аймақты  басқару үшін арнайы өкіл 

(пристав)  тағайындау  жөнінде  шыққан  Ресей  императорының  арнайы  жарлығы  ерекше  әсер  етті.  1847 

жылы  Қапал  бекінісінің  салынуынан  кейін-ақ,  1848  жылдың  басында  Ресей  империясының  Ұлы  жүз 

қазақтарын  басқару  және  Жетісу  өлкесін  бақылау  үшін  Үлкен  орда  приставтығы  деген  атпен  аймақты 

басқару  әскери  әкімшілігі  құрылады.  Ресей  Сыртқы  істер  министрлігі  Ұлы  жүз  аумағының  Ресей 

империясының  құрамына  қаншалықты  тез  қосылуы  оның  Шығыс  Түркістанға  қарай  жақындауын 

соншалықты тездетеді деп мәлімдеді. Ұлы жүзде пристав тағайындау аймақта жергілікті халық пен Ресей 

әкімшілігі  арасындағы  саяси  диалог  жақсы  жүзеге  асырылады  деп  шешілді.  Ресей  билігі  мұндағы 

жергілікті қазақтарды өзіне қарсы қойып алмау үшін соғыс қимылдарын болдырмауға барынша тырысты. 

Билік тарапынан орынсыз тонау мен қиындықтар тудыру бұрынғымен салыстырғанда аз болды. Ұлы жүз 

қазақтарының  басым  бөлігінің  орыс  билігін  мойындауы  Ресей  империясы  осы  аймақта  тыныштық  пен 

бейбітшіліктің кепілі болады деп күтілді. Бірақ, Ресейге қосылуға ынталы болмай, керісінше оған қарсы 

болып, Қытай мен Қоқанға өтіп кеткен қазақтар да аз болмады [6, 68-69 c].  

Жоғарыда аталғандай, Ресей империясы Жетісуды иеленген соң ол үшін енді Шығыс Түркістанға жол 

ашылды.  Ендігі  кезекте,  саудасы  мен  қолөнері,  шаруашылығы  мен  егіншілігі  жоғары  дамыған  Шығыс 

Түркістан Ресей үшін қыруар байлықтың көзі болып саналды. Ресей билігі аймақта Қытай үстемдігінің 

әлсірей бастағанын пайдалануға тырысып, жылдар бойына оны өзіне қаратуға тырысты. XIX ғасырдың 

басынан  бастап  осы  ғасырдың  бел  ортасына  дейін  Іле  өлкесі  мен  жалпы  Шығыс  Түркістанда  Ресей 

саясатының дамуы аймақта үлкен өзгерістердің орын алуына себепші болды. Бұл жағдай Қытай билігін 

қатты алаңдатып,  Құлжа  аймағында Ресей саясатының тереңдеудің алдын-алу  жолдары қарастырылды. 

Шығыс  Түркістанда  Ресей  империясымен  шекаралас  болып  қалған  Іле  өңіріндегі  саяси  жағдай  ХІХ 

ғасырдың 40-50 жылдары аймаққа орыстардың жақындауына байланысты үлкен өзгерістерге ұшырады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет