Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет137/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

95 


Сондай-ақ,  ислам  банктерінде  тәуелсіз  бақылау  органы  —  Шариғат  Кеңесі  бар,  ол  банктің 

оқшауланған  тәуелсіз  құрылымы  болып  табылады.  Кеңестің  қызметі  мен  міндеттері  Банк  жарғысында 

және Қазақстанның ислам банктерінің қызметін реттейтін заңнамасында анықталады. Шариғат Кеңесінің 

міндеттеріне  банктік  қызметті  жүргізуде  Шариғат  қағидаттары  мен  ережелерінің  сақталуын  бақылау 

кіреді. Ислам банкіндегі барлық банктік үрдістер мен операциялар Шариғат Кеңесімен мақұлдануы тиіс. 

Шариғат  Кеңесі  өнімдер  мен  қызметтердің  Шариғаттың  қағидаттары  мен  ережелеріне  сәйкестігін 

анықтайтын ақырғы орган болып табылады. 

Ислам банкингінің негізгі қағидаттары: 

Банк пен клиенттің серіктестігі (пайда мен шығынды бөлу); 

Ақша – сатылатын зат емес, ол айырбас және құнның өлшем құралы; 

Шарттың мәні мен оның талаптарына (гарар) қатысты тұрлаусыздыққа тыйым салу; 

Кездейсоқ  жағдайлардың  нәтижесінде  пайда  көруге  тыйым  салу  (майсир):  құмар  ойындар,  туынды 

қаржы құралдарымен (деривативтермен) ұтыс тігу және операциялар жасау; 

Шариғат  қағидаттарына  сай  белгілі  бір  қызмет  түрлерін  қаржыландыруға  тыйым  салу:  темекі, 

алкоголь, қару-жарақ өндірісін, есірткі заттарын, сонымен қатар порнография мен ойын бизнесін таратуға 

қатысты қызметтерді (харам); 

Өзгенің меншігін иемденуге тыйым салу; 

Қарызды сатуға тыйым салу [6].  

Бүгінгі  таңда  әлем  бойынша  90  астам  ислам  банктері  қызмет  етуде.  Ислам  активтерінің  71  %  Таяу 

Шығыс  елдерінің  үлесінде,  24  %  Азия  мемлекеттеріне  тиесілі.  Батыс  елдерінің  ішінде  Исламдық 

қаржыландырудың  көшбасшысы  Ұлы  Британия  болып  саналады.  Әлемдік  практиканы  зерделейтін 

болсақ,  ICD-Thomson  Reuters  есептемелеріне  сәйкес,  2018  жылы  әлемде  исламдық  қаржыландырудың 

активтері  $2,5  трлн.  (банкинг  –  73%,  сукук*  (исламдық  облигациялар)  –  16%,  қорлар  –  4%,  такафул* 

(исламдық сақтандыру жүйесі) – 2%, басқа қаржы институттары – 6%) құраған [7].  

 

 

 



ICD-Thomson Reuters мәліметтеріне сәйкес жасалған авторлық диаграмма 

 

Ал, Қазақстанда қазіргі таңда исламдық бөлшек сауда банкі өз қызметін жүзеге асыруда, олар - «Al 



Hilal»  және  «Заман-Банк»ислам  банктері.  «Al  Hilal»  ислам  банкі  өз  қызметін  2010  жылы  бастаған, 

Қазақстан  және  ТМД  аумағындағы  ең  алғаш  ислам  банкі  болып  табылады.  «Al  Hilal»  ислам  банкінің 

Алматы,  Астана  және  Шымкент  қалаларында  бөлімшелері  бар.  2017  жылдың  тамыз  айында  «Al  Hilal» 

Банк Алматы қаласында бөлімшесін ашып, бөлшек сауда бизнесін бастағанын жариялады. Қазіргі күнде, 

«Al Hilal» Банкінің активтері $70 млнға жуық. «Заман-Банк»-тің активтері $50 млнға жуық.  

Сондай-ақ, бүгінде Қазақстанда 2 исламдық лизингтік компания бар – 2013 жылдан бастап Kazakhstan 

Ijara Company және 2017 жылдың басында дәстүрлі лизингтік компаниядан исламдыққа қайта құрылған 



ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

96 


Al  Saqr  Finance.  Kazakhstan  Ijara  Company-дің  негізгі  акционерлері  -  Жеке  секторды  дамыту  жөніндегі 

Ислам корпорациясы (ICD), «Al Hilal» Банк және «Заман-Банк». Al Saqr Finance 2017 жылы өз акционері 

«Астана-Банкі»-мен  бірлесіп  исламдық  қаржыландыру  қағидаларына  сәйкес  дебет  карталарын  шығару 

жобасын сәтті жүзеге асырғанын атап өткен жөн. 

Ендігі  кезекте  атқарылған  іс-шаралар  және  жоғары  тараптардан  артылған  үміттің  қаншалықты 

ақталғанын  сараптасақ.  Зерттеуіміз  барысында  негізгі  қарастырылатын  сұрақтар:  Қазақстандағы 

исламдық  қаржыландырудың  үлесі  қандай?  Еліміздің  зайырлы  мемлекет  құқығы  және  шариғат  заңы 

өзара қалай үйлеседі? Ішкі жалпы өнімге пайдасы қандай болмақ?  

Исламдық қаржы құралдарын діни наным-сенімдеріне қарамастан кез-келген тұлға пайдалана алады. 

Жаңа  клиенттерді  тарту,  сондай-ақ,  бай  мұсылман  елдерінен  инвестиция  тарту  және  қор  жинауды 

әртараптандыру  мақсатында,  Еуропа  елдерінің  мұсылман  тұрғындарының  жоғары  сұранысына 

байланысты  бірқатар  Еуропа  және  Азия  елдері  исламдық  қаржы  институттары  да,  дәстүрлі  банктер  де 

исламдық қаржы өнімдерін ұсынуға мұрсат беретін заңнамалық өзгерістер енгізді. Мысалы, жақын арада 

бірқатар  мұсылман  емес  елдер  мемлекеттік  исламдық  құнды  қағаздар  шығарды.  Олардың  ішінде  – 

Ұлыбритания,  Люксембург, Германия,  Оңтүстік Африка және Гонконг. Әлемдегі ең ірі банктердің бірі 

Goldman  Sachs  2014  жылы  көлемі  $500  млн  құрайтын  сукук  шығарды.  Малайзия  және  Дубай 

Биржаларымен қатар, Лондон, Ирландия және Люксембург алаңдары сукук исламдық құнды қағаздарды 

орналастыру және сату көлемі жағынан көшбасшы. Яғни байқағанымыздай, әлем нарығында исламдық 

қаржы орталықтарының даму қарқыны айтарлықтай жоғары.  

Қазақстан ТМД кеңістігі және Орталық Азия аймағындағы исламдық қаржыландыруды заңнамалық 

деңгейде енгізген алғашқы мемлекет болды. Бүгінде Қазақстанда исламдық банк активтерінің үлесі банк 

секторының жалпы үлесінен 0,08% құрайды [8].  

 

Кесте 3. Қазақстан банктерінің активтері мен капиталы (қаңтар 2016-қаңтар 2017 жж.) [9] 



 

Дәрежесі 

(Rank) 

Банк атауы 

Активтері  (мың 

теңге) 


Депозиттері  (мың 

теңге) 


Капиталы  (мың 

теңге) 


Halyk Bank 

4890124825 

3449457879 

616194113 

Qazkom 



4869393937 

2863689696 

474298802 

Цеснабанк 



2081907387 

1535291268 

164582978 

Сбербанк 



1654861160 

1154202441 

147943786 

АТФ 



1371196437 

1050065471 

80463280 

БанкЦентрКредит 



1359211138 

1021553884 

98671147 

Forte Bank 



1218400388 

865052545 

176861992 

Kaspi Bank 



1200169091 

808990742 

123661055 

Bank RBK 



1020999031 

774568023 

82222989 

10 


Eurasian Bank 

996601344 

654150495 

94086405 

30 

Al-Hilal 



21225011 

14591756 

 

31 


Заман-Банк 

14455951 

2247951 

11729185 

32 

Қазақстандағы Пәкістан ҰБ  5678830 



588894 

4799466 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет