Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
151
туралы Жапониядан ұсыныс келіп түскен болатын. Осының нәтижесінде 2003 жылы Ресей мен Қытай
арасындағы келіссөздер тоқтатылды [4, 81 б.].
2011 жылға дейін ҚХР-да мұнай тұтыну көлемі ұдайы артып отырды. Әсіресе, соңғы жылдары
қарыштап дамып келе жатқан ҚХР экономикасындағы мұнайға деген ішкі сұранысты қанағаттандыру
үшін шикі мұнай импортына қажеттілік туындады. Сол жылы ҚХР мұнай импорттаушы елдер тізімінде
әлемде екінші орынға шықты [5]. ҚХР мен Ресейдің бір-біріне шекаралас орналасуына байланысты осы
саладағы ынтымақтастықты нығайтудың екі ел үшін де пайдалы екені анық. Сол себепті, 1994 жылдан
бастау алған Ресейден Қытайға мұнай құбырларының желісін тарту жөніндегі келіссөздер он жылдан
астам уақыттан бері жүргізіліп келеді.
Осындай құбырлар желісін салу және тікелей тарту туралы пікірді 2001 жылы «ЮКОС»
компаниясының басшысы М.Ходорковский ұсынған болатын. Ол желі «Шығыс Сібір – Тынық мұхит»
деп аталған-ды. Осы жоба аясында Ресейдің Ангарск қаласынан Қытайдың солтүстігіндегі Дацин
қаласына дейін мұнай құбырын тарту қарастырылды. Бұл Қытайға мұнай экспорттайтын ең ірі құбырға
айналуы тиіс болды. 1999 жылдың желтоқсан айынан «ЮКОС» компаниясының басшысы
М.Ходорковский мен Қытай Ұлттық мұнай компаниясының өкілі арасында Ангарск-Дацин мұнай
құбырын салу мәселесі бойынша қызу келіссөздер жүргізіле бастады. Осы келіссөздердің нәтижесінде
2001 жылы шілде айында Ресей Премьер-министрі М.Касьянов пен ҚХР төрағасы Цзянь Цземин
арасында «Ресей-Қытай мұнай құбырының техникалық-экономикалық негіздерін дайындау туралы»
келісімге қол қойылды. Тіпті, келісімге қол қою кезінде тараптар оның барлық баптары бойынша, әсіресе
импортталатын мұнай көлемі мен бағасы, мұнай құбырының құрылысына қажетті кепілдіктер жөнінде де
өзара келісімге келді. Әйтсе де, құрылысты бастау қиынға соқты. Себебі, бір жылдан кейін-ақ Ресейдің
«Транснефть» компаниясы Ангарсктен Находка қаласына дейін балама құбырды салуға ұсыныс жасап,
бұл жобаға Жапония мемлекеті мен Жапония Премьер-министрі Дзюнъитиро Коидзуми зор
қызығушылық танытып, бұл жобаны қаржыландыруға ниетті екендіктерін білдірді. Осыған орай,
«жапон» және «қытай» жобаларын біріктіру мәселесі бойынша ұзын-сонар келіссөздер басталып,
«Шығыс Сібір – Тынық мұхит» атты жобаны жүзеге асыруға шешім қабылданды. Жаңа мұнай құбыры
Ангарск қаласынан бастау алып, Находка қаласына дейін ұласатын болды және осы желінің бойынан
Қытайдың Дацин қаласына қарай бір тармақ жүргізу ұйғарылды. Алайда, сол кездегі құрылыс жобасы
Қоршаған ортаны қорғау комиссиясының оң қорытындысынан өтпей, жобаны іске асыру кейінге
шегерілді.
Негізгі мәселелерді шешу жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылып, аталмыш жоба қайта
қарастырылғаннан соң 2004 жылы мұнай құбырының құрылысын жүргізу туралы шешім қабылданды.
Ресей тарапынан жобаны «Роснефть» компаниясы басқарды. Жаңа мұнай құбыры Иркутск облысының
Тайшет қаласынан Приморьенің Козьмино айлағына дейін салынады деп ұйғарылды. Сондай-ақ, мұнай
құбырының бір тармағын Қытайдың Дацин қаласында салу да жоспарланды. 2004 жылдың қазан айында
ҚХР Төрағасы Вэнь Цзябао Мәскеуге арнайы іс-сапары барысында РФ Премьер-министрі М.Фрадковпен
кездесіп, екі елдің үкімет басшылары Дацин қаласында «Шығыс Сібір – Тынық мұхиты» құбырының
құрылысын жүргізумен қоса, Қытайға тасымалданатын мұнай көлемін 2005 жылы 10 миллион тоннаға, ал
2006 жылы 15 миллион тоннаға дейін жеткізу жөнінде уағдаласты. 2004 жылы жасалған келісімге сәйкес
2006 жылы наурыз айында аталмыш мұнай құбырының Қытайға бағытталған тармағын салу жұмыстары
басталды. Бұл жобаның бір бөлігі Қытай Ұлттық мұнай компаниясы тарапынан қаржыландырылса, бұған
қосымша Ресейдің «Транснефть» компаниясы да 400 миллион АҚШ доллары көлемінде субсидия бөлуге
ниет білдірді.
Ресейден тікелей мұнай тасымалын қамтамасыз ету мақсатында ҚХР Үкіметі аталмыш жобалардан
бөлек, энергетикалық ынтымақтастықты кеңейтудің өзге де жолдарын қарастыра бастады. Атап айтқанда,
2006 жылы тамыз айында ҚХР Сахалинде көмірсутек шикізатын шығаратын «Сахалин-3» жобасына
қатысу үшін өзінің «Кантан-3» атты бұрғылау алаңын (платформасын) ұсынды. Осы жоба аясында
тасымалданатын мұнай көлемі 8000 миллион тоннаны, ал табиғи газ көлемі 900 млрд. м
3
-ті құрайтын
болды.
2006 жылдың қазан айында Ресейдің «Роснефть» мемлекеттік мұнай компаниясы мен Қытай Ұлттық
мұнай компаниясы Шығыс Сібір аймағындағы қазба байлықтарды игеру және өңдеу мақсатында
серіктестік негізінде «Восток-Энергия» компаниясын құру жөніндегі хаттамаға қой қойды. Қытай тарапы
РФ Үкіметі өз қазба байлықтарын игеруге және мұнай өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етуге кепілдік
берген жағдайда осы жобаның даму кезеңін қаржыландыруға келісім берді. Компанияның жарғылық
капиталы 10 миллион АҚШ доллары көлемінде болады деп бекітілді және оның акцияларының 51%-ын
|