ХХ ғасырдың 30-шы жылдары бұрынғы кеңестік тарихнамада тарих ғылымын зерттеуде
формациялық теорияға негізделеген ұстаным толық орнағаны белгілі. Бұл методологиялық ұстаным
көшпелілер тарихы мен мәдениетін зерттеу ісіне де үлкен өзгеріс әкелді. Жаңа тарихнамалық кезең
кеңестер билігінің үстемдігін орнатқан ақпан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресей тарихнамасында
қалыптасқан эволюциялық теорияға негізделген көшпелітану ғылымының жетістіктерінен толықтай қол
Эволюционистер көшпелілер социумын күрделі құбылыс ретінде қарастырған еді. Әсіресе,
жарық көрді. Осы орайда, ру-тайпалық құрылыммен қатар көшпелілер қоғамының күрделі әлеуметтік
жүйесі, сословиелік құрамы, сауданың дамуы, отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастары, саяси
Жалпы зерттеулерде XІX ғасырдың екінші жартысынан бастап адам мен мәдениетті зерттеуде тарихи
қөзқарас басым орын ала бастады. Осы кезеңде қалыптасқан этнография ғылымы қоғамды зерттеудегі
тарихи принциптің нығая түсуіне көп ықпал етті. Л.Г. Морган, Э. Тэйлор, М. Ковалевскийжәне басқа да
зерттеушілер ғылымға салыстырмалы-тарихи әдісті енгізді. Бұл ғалымдардың ілімдерінде әртүрлі
идеялық ағымдардың ықпалы басым болды. XІX ғасырдағы этнография ғылымына кантық позитивизм,
кейінірек Г. Спенсер идеялары өз ықпалын тигізді. XІX ғасырдағы эволюционистер салыстырмалы-
тарихи тәсілді этнографиялық зерттеулердің нақты тәсілі ретінде пайдаланды. Бұл ғалымдардың
еңбектерінде салыстырмалы-тарихи әдіс адамзат мәдениетіндегі ортақтықты анықтауға ұмтылды. Олар
халықтардың мәдениетіндегі ортақ құбылыстарды табуды мақсат тұтты. Осы жағдайда жекелік ортақ
адамзат мәдениетінің әртүрлі даму сатыларына сәйкес ретінде түсіндірілді. Мұндай тұрғыдан келу Кант
іліміндегі адамзатты зерттеу кезінде жалпыдан жалқыға принципіне сәйкес келетін. Әр халықтың
ерекшелігі – олардың тарихи қалыптасқан тайпалық немесе ұлттық ерекшелігі. Адамзат мәдениетінің
ортақтық критериін іздеу XVІ-XVІІІ ғасырлардағы ағартушылыр мен гуманистерден басталған еді. XІX
ғасырдың алдыңғы қатарлы ғылымында бұл критерий ретінде “ақыл-ойдың түпкілікті теңдігі”, барлық
жер шары халықтырының “біртекті психикалық бірлігі” алынып, ол “адамзаттың психикалық бірлігі
Дегеменмен, көпшілігі европацентристер болып табылатын эволюциялық теория өкілдері көшпелілер
қоғамы мен көшпелі образын ХIХ ғасырдың аяғы ХХ ғасыр басында еуропалық мемлекеттермен
салыстырмалы түрде қарастырғандарын естен шығармауға тиіспіз. Әрине, осындай жағдайда көшплілер
Бұл кезеңдегі зерттеушілер көшпелілердің әлеуметтік-саяси ұйымдасуы туралы мәселемен нақты
айналыса қойған жоқ. Өздері қарастырып отырған көшпелі қоғам эволюциялық дамудың қай сатысында
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
220
тұр, әр сатыға тән әлеуметтік-саяси даму деңгейі қандай болды деген мәселе көтеріле қоймады. ХХ ғасыр
басында орыс тарихнамасының өкілдері классикалық эволюциялық теорияның барлық тұжырымдарын
қабылдамағандарымен, дегенмен осы методологияның ықпалында болды. Сондықтан, В.В. Бартольд, Б.Я.
Владимирцев еңбекті эволюционистердің ықпалымен жазылды.
1920-шы жылдардың аяғында көшпелітану мектебінде айтарлықтай өзгерістер кезеңі басталды. Бұл
ғылымға маркстік принциптерді енгізу ұмтылысынан көрінді. ХХ ғасырдың 20-30 шы жылдарындағы
зерттеулер тарихи материализм, қоғамдық-экономикалық формацияларжәне өндірістің азиялық түрі
туралы проблемалар шегінде топтасты.
Әсіресе, кеңестік археолгия ғылымында автохонды халықтыңстадиялды трансформациясы (Н.Я.
Марр, И. Мещанников)негізінде қарастыру танымалдылыққа ие болды. Автохонизи конфепциясының
басымдылыққа ие болуының себебі, бұл концепция батыстық тарихнамада орын алған миграционизим
мен диффузионизм теорияларына қарсы ұстаным ретінде бағаланды.
Жалпы алғанда бұл кезеңде қоғамдық-саси өмірде де күрделене түскені белгілі. И. Сталиннің саяси
билікке келуі мен оның саяси оппоненттерімен күресі елдегі қоғамдық-саяси өмірдің негізі мазмұнына
айналды. Бұл жағдай өз кезегінде саясаттың ғылымға ашықтан ашық араласуын туындатты. ХХ ғасырдың
20-30 жылдары ғылымды репрессияға ұшыратқан бірнеше саяси науқандар ұйымдастырылды. Әсіресе,
«академиялық іс» шеңберінде көшпелітану ғылымын дамытуға зор үлес қосқан ғалымдар: С.И.Руденко,
С.А. Теплоухов, М.П. Грязнов, В.В. Бартольд және т.б. зардап шекті. Қуғын, қысым мен қоқан-лоқы
жасау академиялық ортадағы жағдайды шиленістіріп жібереді. С.И. Руденко ГУЛАГ-қа жер аударылды.
«Ресей ұлттық партиясы» ісі бойынша жауапқа тартылғандардың ішінен С.А. Теплоухов тағылған
айыптың бәрін мойындауға мәжбүр болып, артынан өзіне өзі қол жұмсап қайтыс болды.
Осындай шиленіскен қиын жағдайда, кеңестік тарих ғылымының қай бағытта дамуы қажеттілігі
туралы жоғарыдан берілген арнайы нұсқаулар күшіне енді. Тіпті, бағыттаушы еңбектер пайда болды.
Ғалымдар көшпелілер тарихын зерттеуде таптық және мәнін өзгерткен маркстік формациялық
концепцияға негізделген сталиндік методологияны басшылыққа ала бастады. Көшпелітану ғылымында
белгілі тұтастай бір бағыттарды зерттеу, мысалы, көшпелілердің құқығы мен құқықтық дәстүрлері, діни
доктриналары және т.б. жабылды. ХХ ғасырдың басына дейінгі эволюционизм теориясы негізінде
жарияланған еңбектердің көпшілігі «буржауазиялық» ілім ретінде теріске шығарыла бастады. Себебі,
эволюционизмнің қағидалары «жаңа методология» бойынша «байлармен таптық күрестің» теориялық
негіздерімен үйлеспейтін еді. Көшпелілердің қоғамдық қарым-қатынастарының сипатын анықтауға
негізделген арнайы «әлеуметтік тапсырысты» орындаудан туындаған жұмыстар пайда бола бастады.
Нәтижесінде ортағасырлық және жаңа заман дәуіріндегі көшпелілер қоғамындағы «дамыған таптық
феодалдық» қарым-қатынастар анықталды [1-3].
Осылайша, 1930-40 жылдары кеңестік көшпелітану мектебінде формациялар туралы маркстік ілімнің
сталиндік нұсқасы толық қалыптасып, үстемдікке ие болды.
Ортағасырлардағы көшпелілер қоғамы көп жағдайда «әскери демократия», «әскери-демократиялық
құрылым» сатысында тұрған қоғам ретінде бағаланды. Тіпті көптеген зерттеушілерр бұл деңгей
көшпелілер қоғамы үшін қоғамдық-саяси дамудың ең жоғарғы шегі ретінде де көрсетілді. Зерттеу
тәжірбиесінде көшпелілерді «ерте (ранние)» және «кейінгі (поздние)» деп бөлуге негізделген стадиальды
кесте кең қолданыла бастады. «БКП (б) қысқаша курсына негізделген сталиндік концепция негізінде М.П.
Грязнов Батыс Сібір мен Қазақстан көшпелілерінің тарихындағы б.з.д. VII ғасырдан б.з. I ғасырының
аралығындағы «ерте көшпелілер дәуірін» бөліп көрсету керектігін ұсынды. Бұдан әрі оның аумақтық шегі
тұтас Еуразия тарихына колданылды.
Бұл кезеңдеу бүгінгі қазақстандық зерттеушілер, әсіресе, археологиялық зерттеулерде жиі қолданылып
келеді. Аталған концепцияға негіз болған хронологиялық кезеңнің ерекшелігін М.П. Грязнов көшпелі мал
шаруашылығына көшумен байланысты түсіндірді. Көшпелі мал шаруашылығына көшу қоғам өмірінің
барлық салаларынөзгеріске ұшыратты. Ғалымның түсіндіруінше бұл өзгерістер тек қоғамның
шаруашылық өмірі мен материалдық мәдениет саласын ғана емес, әлеуметтік-саяси құрылымында
өзгертті [4, с.15]. Формациялық даму концепциясы бойынша бұл кезең қоғамның әскери демократиялық
дамуымен сәйкес келеді.
Ал, «кейінгі көшпелілер» (поздние кочевники) деген терминмен негізінен ортағасырлық көшпелілер
қоғамы белгіленді. Бұл кезең көшпелілер қоғамындағы феодалдық қарым-қатынастардың
қалыптасыпдамуымен байланыстырылды. Дегенмен «кейінгі көшпелілер» қоғамының дефинициясын
жан-жақты талдаған еңбектер пайда болған жоқ.