Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
221
М.П. Грязновтың «ерте» көшпелілер концепциясы арқылы маркстік догматизмнен бөлек бірқатар
альтернативті зерттеу бағытын бөліп көрсеткенін атап өтуге тиіспіз. Көшпелілер қоғамының өзіндік даму
ерекшеліктерінің болуы туралы идеяның өзі кейінірек кеңестік тарихнамада көшпелілер қоғамының
альтернативті дамуы туралы жаңа бағыттағытеориялық еңбектердің (мысалы, С.Е.Толыбеков, Л.Н.
Гумилев, Г.Е. Марков, А.М. Хазанов, Н.Э. Масанов және т.б.) пайда болып дамуына ықпал еткені даусыз.
ХХ ғасырдың 40-60 жылдарын көшпелілер қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымын зерттеудегі
формациялық теорияның үстемдік құрған кезеңі деп бағалауға болады. И. Сталиннің тіл ғылымы
мәселеріне тікелей араласып, Н.Я. Марр концепциясын сынға алуынан кейін ғылыми ортадағы жағдай
қиындап кетті. Ғылыми ортада барлық мәселелер «тарихи үдерістің маркстік-лениндік теориясы»
шеңберінде ғана талқыланып жатты.
Көшпелітану ғылымындағы еңбір маңызды әрі табысты кезеңретінде 60- шы жылдардан кейінгі
зерттеулерді атауға болады. Бұл біріншіден, «жылымық» кезеңнен кейінгі қоғамдық саяси өмірдегі
өзгерістермен, көптеген ғалымдардың ақталып, ғылыми ортаға қайта оралуымен, ғылымға жаңа
толқындағы жас мамандар буынының келуімен, сондай-ақ шет елдік ғалымдармен байланыстардың
орнығуымен байланыстыруға болады. Әрине, шет елдік тарихнама туындылары «буржуазиялық
көзқарас» ретінде толықтай қаралансада, жаңа идеялармен танысу, жеке ғылыми қарым-қатынастар
орнату кеңестік ғалымдардың жаңа ғылыми зерттеу бағыттарын дамытуына мүмкіндік бергені сөзсіз.
Кеңестік кезеңде орнаған тоталитарлық жүйе гуманитарлық ғылымдарды өзіне идеологиялық құрал
есебінде пайдаланды. Ғылымға араласу, оны көпе-көрінеу бұрмалау бел алды. Кеңестік кезеңдегі
зерттеулердің теориялық-методологиялық негізін құраған маркстік- лениндік ілім өзінің негізінен
айырылып, догмағаайналдырылды. В.А. Шнирельман кеңестік ғылымда догмалық “марксизациялану”
процессі болып өткен ғасырдың 30-80 жылдары қарқынды жүргендігін атап өтеді [5, 65 б.]. Ал
марксизация өз кезегінде славянофилизммен үндесіп жатты. Сондықтан да ғылымның қай саласында
болмасын славян-орыс халқы ерекше дәріптеліп, көшпелі халықтар екінші кезекке ығыстырылды. Бұл
жағдай көшпелілердің тарихын зерттеуде ауыр зардаптарға әкеліп соқтырды. Мәселен, кеңестік кезеңде
түркітанушылардың бүкілодақтық съездері 50 жыл аралықты қамтитын үзіліспен 1926 жылы Бакуде,
1976 жылы Алматы қаласында өтті [6]. Түркітанусаласындағымұндаймаңыздыбасқосукезінде де:
“Наконец, при всей общности этнических компонентов народов Казахстана и Средней Азии несомнен
общепризнанный факт возникновения еще в средневековье самостоятельной казахской народности со
своими этническими атрибутами, факт, опревергающий ошибочный тезис существовании некоей
тюркской общности Средней Азии, Казахстана и других районах земного шара от глубокой древности
чуть ли не до наших дней” [7, 356 б. ],- дегенпікірлерайтылмайқалмады. 30-жылдардың басында-
ақбіршамакөрнекітүркологғалымдарЕ.ЭБертельс, В.А. Забиров, М.Косаев, А.Н. Самойлович, Н.Хаким,
Б.М. Чобан-Заде т.б репрессиялауқұрбанынаұшырады. Соғыстанкейінгіжылдардакөшпелілердің көрші
халықрамен халқынатигізгеноң саяси, мәдени ықпалын мүлдем ойындамайтын үрдіске қарсы пікір
айтушыларды бірден жазаға тартып отырды. Сондықтан да жоғарыда аталған таза ғылыми зерттеулердің
өзінде де көшпелілердің қоғамдық-саяси дамуының ерекшеліктері ашық айтыла бермеді. Ғылыми ортада
ашылғанжаңалықтаракадемиялықортаданәріаспады.
Батыстық тариханамада соғыстан кейінгі кезеңде жаңа тарихи парадигмалар (өркениеттік,
құрылымдық (структурный), антропологиялық) қалыптаса бастады. Жаңа методологиялық бағыттар,
мысалы ментальдық тарихы, неоэволиционизм, әлем-жүйелік талдау (мир-системный анализ), микро
тарих дамыды. Пәнаралық байланыстар негізіндегі зерттеулер көбейді. Батыстық зерттеушілер 50-70
жылдары түрлі бағыттардың синтезі туралы пікір таластарды өрбітті. Әлеуметтік және тарихи
антрапология пайда болды, социогенездің неоэволиционистік схемасы нақтылана бастады, Фернан
Броделдің структуралистік идеяларынан И. Валллерстайннің әлем-жүйе (мир-системный) анализі пайда
болды. «Күнделікті өмір» тарихы мен өлкетанушылық, аймақтық тарих бағыттарыдамыды. Көріп
отырғанымыздай батыстық тарихнаманың жаңа методологиялық ұстанымдары мен концепциялары
кеңестік тарих ғылымына таныс болғанымен, олардың көпшілгі кеңестік тарихнамада дамыған жоқ.
Жоғарыда айтып өткен өзгерістер нәтижесінде өткен ғасырдың 60-70 жылдары шет ел әдебиетінде
Тойнби концепциясынан бас тарту басталды. Көшпелі түркі-монғол халықтарының өткен кезеңдегі
әлеуметтік құрылымының жалпы мәселелері, көшпелі құрылымдағы қалалардың орны, көшпелі
халықтардың шапқыншылықтарының тарихи рөлі туралы мәселерге арналған ірі зерттеу еңбектері мен
ғылыми мақалалар көптеп жарық көре бастады. Көшпелі халықтардың тарихы мен мәдениетіне қатысты
нақты әрі жаңа тұжырымдар бар [8-11].
|