ХХ ғасырдың ғұлама ғалымы, Кеңес Одағындағы бұрынғы Шығыс республикаларынан шыққан
шытырман оқиғаларға толы тұлға. Сәтбаевтың 50 жасқа толған мерейтойына орай М. Әуезов «қай халық
болса да өз ортасынан ғалым өсірген дәрежеге жеткенде, жалпы мәдениет тарихында өзінің елдігі мен
өсуі туралы тың жаңалық мәлім еткен халық болады» деп еді [1,6]. Яғни, халық пен ғалым, ұлт мәдениеті
мен ғалым бірге өседі. Сонымен қатар, сол Әуезов «қазақтың советтік буындарының ең алдыңғы
қатарында, жұртшылық мақтаны боп, толып өскен ғалым азаматтың ең алдыңғы сапында қадырлы орын
М. Мақатев ақын ой толғағаны мәлім. Кеңестік дәуірдің қолдауын да, қудалауын да көрген Қ.
Сәтбаевтай күрделі тарихи тұлғалардың шынайы болмысын тануда белгілі бір дәрежеде естеліктер
пайдалы дерек көзіне айналады. К. Чуковский естеліктердің тамаша бір қасиетін көрсететін анықтама
береді «естеліктер – ойдан шығарылмаған әңгімелер». Қ. Сәтбаев туралы жазылған ондаған естеліктер
бар. Сол естеліктердің арасында алғашқы шыққаны 1965 жылғы «Академик Қ.И. Сәтбаев. Кеңестік
белгілі ғалымды еске алуға арналған жинақ» болды. Бұл жинақтың ішінде КСРО министрлері мен
академиктеріне бастап, үзеңгілес әріптестері, достары, шәкірттеріне дейін өз естеліктерімен бөлісті.
Жинақ Қ. Сәтбаев өмірден озғаннан кейін көп өтпей жарық көргендігімен де құнды. Мұндағы естеліктер
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
251
Жалпы, Қ. Сәтбаев туралы естеліктерді бірнеше топқа бөлуге болады. Ол естеліктер отбасы
мүшелерінің естелігі, қызметтестердің естеліктері, яғни бірге жұмыс істеген әріптестері мен шәкірттерінің
естеліктері, ғалым-қайраткерлердің естеліктері және ауылдастарының естеліктері және т.б.
Естеліктерді жинау, жариялау жұмысына ғалымның жұбайы Таисия Алексеевна Кошкина
(Сәтбаеваны) көп үлес қосқан. Тіпті, жұбайы Қаныш Сәтбаев қайтыс болған уақыттан бастап өз өмірін
ғалымның есімін насихаттау, сақтау жұмысына арнады деуге болады. Оның қатарында Сәтбаевтың жеке
архивін жасақтау мен жүйелеу, оның таңдамалы шығармаларын, библиографиясын, естеліктер жинағын
шығару жұмыстарын тікелей өз қолына алған. Баянауыл мен Қарсақпайда мұражайын ашуға көмек
етті.Зерттеуіміз барысында ҚР ОМА жеке қорларының Т.А. Сәтбаеваның 2121-қорымен таныстық. Т.А.
Сәтбаеваның жарық көрген екі естелігі белгілі. Бірі -1949 жылы «Незавываемые годы» деген атаумен
Вестник журналында жарық көрді. Екіншісі 1965 жылы «Жезказған – детище К.И. Сатпаева» деген атпен
жарияланды.
Енді осы естеліктерден Сәтбаевтың шыққан ортасы, тәрбиеленуі, ұлттық дәстүрге қанықтығы туралы
деректерді молынан табуға болады. Бұл мәліметтер оның ұлттық бірегейлігінің мықты тамыры
болғандығын көрсетеді деген ойдамыз. Қ. Сәтбаев қазақы ортадан шыққан, дәстүрлі және сыйлы, текті,
білімді отбасының мүшесі. Әкесінің екі кластық білімі болған. Омбыда училище бітірген. Арабша да
оқуы болған. Араб, парсы тілдеріндегі көп хиссаларды жатқа айтқан. Имантай әкесі турашылдығымен,
әділдігімен ауызға іліккен беделді адам болыпты.
Қаныштың өзі сегіз жасында ауылдан сауатын ашып, арабша еркін жазатын да сөйлейтін болған. Біраз
хиссаларды жатқа айтқан. Зерек, суретке, табиғатқа, тастарға қызыққыш қиялы жүйріктігін де
естеліктерден табамыз. Домбыра, гитара, мандолинада ойнаған, қосылып жап жақсы ән айтқан.
Екінші жағынан, 1908-1911 жж. Баянауылдың Ақкелін болысындағы орыс-қазақ бастауыш мектебінде
оқиды. Мектепті бітіргеннен кейін сол жылы Павлодар қаласында екі кластық орыс-қазақ училищесіне
түседі. Орыс мәдениетіне жақындайды. Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқып жүргенінде
Қанышқа сол жердің интеллигенциясы ішінен прогресшіл бағыт ұстаған ағайынды Белослюдовтар көп
әсер еткен. Потанин саяхаттары туралы алғаш рет солардан естиді. Өз бетімен Чернышевскийдің,
Добролюбовтың, Белинскийдің шығармаларын да оқитын болған.
Қ. Сәтбаев ғалым ретінде кеңестік кезеңде қалыптасты. Өзін геология ғылымының сібірлік мектебінің
өкілі ретінде – В.А. Обручев негізін қалаған және М.А. Усов сияқты ғалым тікелей ұстазы болған сібір
мектебінің өкілі деп – атаған. Бұл жөнінде профессор В.С. Коптев-Дворников өз естелігінде жазады [2,
42]. Ол, сонымен қатар, студент кезінде жолыққан М.П. Русаков, Н.Г. Кассин сияқты атақты
геологтармен ұзақ жылдар бойы достасқан. Қолынан келген көмегін аямай, бірге қызмет еткен.
Қ. Сәтбаевты геология ғылымының қыр-сырын ашу жолына ертіп келген және оған дәріс берген
ғалым-ұстазы М.А. Усов болды деп көрсетеді көптеген зерттеушілер, ғалымдар, замандас әріптестері. Ол
жайлы М. Усовтың күнделігінен де оқып білуге болады.
Дәрігердің кеңесімен қымыз ішіп емделу үшін студент Әлімхан Ермековтің шақыруымен қазақ
даласына аттанған Томск университетінің профессоры М.А. Усов 1921 жылдың мамыры мен қазан
айларындағы осы саяхаты туралы күнделігінде айтады. Күнделігінде Қаныш Сәтбаевпен қалай кездескені
туралы және оның Томск институтына аттануы жайлы да мәліметтер береді. Семей өңірін біраз аралаған
профессор отбасымен Қаныш Сәтбаевтың немере ағасы Әбікейдің (Абикей) ауылына бет алады және
жолда шілденің 21-інде Баянауыл ауданының халық соты Қаныш Сәтбаевқа соққандарын жазады. Ол
жерден тек А. Н. Белослюдовты кездестіргенін ал қалғандары қонақта болғанын жазады. Усовтың
күнделігі Қ.Сәтбаевтың сол кезеңде араласатын ортасы туралы біршама деректер береді. Солардың
қатарында Белослюдовтармен таныс болғанын және бірге тұрғандарын көреміз. Сонымен қатар, Қ.
Сәтбаев ауылында театрланған қойылымдар және концерттер ұйымдастыратынын жазады. Мысалы, «12
тамыз (жұма). .. Кешке Қаныш импровизацияланған қазақ концертін және хорын өткізді, ол кешкі асқа
дейін жалғасты...
17 тамыз (сәрсенбі). .. Кешке қарай Қаныш біздің ауылда бір актілі спектакль ойнатты. Оған жергілікті
адамдар және аудандық труппаның 2 мүшесі қатысты, ал кешке европалық тағамдар ұсынылып қошемет
көрсетті» [3, 35-36].
Тамыз айының аяғында Томскіге оқуға аттануға бел буған Қаныш халық соты істерін аяқтап, тапсыру
үшін Баянауылға асығыс аттанады. Себебі 7-10 қыркүйектер аралығында М. Усов отбасымен Томскіге
шығып кетпек болады, солармен бірге кетуге үлгермек болады. Семей губерниялық халық сотының
коллегиясына жазған өтінішінде: «Желая завершить свое образование, прошу коллегию губнарсуда не
отказать в отчислении меня со службы по судебному ведомству к началу судебных занятий и не позднее 1
сентября 1921 г. о результатах не откажите известить. Нарсудья Сатпаев» [3, 21].