Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет363/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Key words: Kazakh family, religious education, spiritual development, spirituality, Muslim religion 

 

Дін  –  тұлғаның  рухани  дамуындағы  басты  фактор.  Адамның  руханияты  дінмен  ғана  белгіленбейді. 



Рухани  өмірдің  барлық  жақтарының  өзара  үйлесімді  іс-қимылы  маңызды.  Дін  идеал  үлгі  сияқты 

қорытынды факторға жақын. Құрандағы имандылық уағыздары христиан постулаттарымен үндес. Садақа 

тарату  –  әділдіктің  бұлжымас  заңы,  мұсылмандардың  парызы:  «басқаларға  өзіңі  қарағандай  қара».  Дін 

адамзат мәдениетінің ұлы қабаты. Одан алшақ болсақ біз руханиаттың берік шаңырағын құра алмаймыз. 

Адамзат ұстаздарының даналығы үстазды да, оның шәкіртін де рухани байытады. Будда өз шәкіртттеріне 

айтқан екен: «Өздерің өздеріңе Ками шырағы бола біліңдер». Христос ұстазды оқушыларына үлгі қылған. 

Көптеген  халықтардың  ұстазы  Мұхамет  адамзаттың  ұлы  тақуасы  болды.  Оның  ілімі  бүкіл  араб 

мәдениетінің  негізін  құрады.  Исламды  уағыздаушылардың  халықтық  педагогикасына  Құрансыз  жол 

таппайсың. Зайырлы, мектеп және отбасы педагогикасы тәрбиелеудің қуатты факторы діннен бас тартып, 

көп  нәрсені  жоғалтты.  Сондықтан  да  діни  тәрбие  қазақтардың  этнопедагогикасының  маңызды 

аспектілерінің бірі болып табылады.  

Алайда, қазақтар арасында болған И. Сиверс «өмір сүру салты, әдеттері, діндері қырғыздарға білімді 

болуға мүмкіндік бермейді» деген жаңсақ пікір айтты[1]. 

Керісінше,  қазақтар  ұстанған  мұсылман  діні  білімнің,  сауаттылықтың,  халықтың  жоғары  рухани 

мәдениеті беделінің нығаюына ықпал етті. Мұсылмандық дінге сәйкес  «әр мұсылман өз өмірі бойында 

оқуы керек, өйткені Алла оқуға бұйырды». Адамның білімі оның мінез-құлқын белгілейді: «Әрбір жан өзі 

тапқанының  құлы»[2].  Құранда  біліммен  байланысты  700-ден  астам  сюжет  кездеседі.  Мұсылман 

қазақтардың білімге, өздерінің салт-дәстүрлеріне деген құрмет сезімі туралы этнографтар, саяхатшылар, 

тіпті  патша  шенеуніктері  жазды.  «Халықтың  түсінігі  бойынша  білімнен  ешқашан  бас  тартылған  жоқ, 

бізде қариялардың «Балаңды моллаға немесе қоғамға бер» деген мәтелі жиі айтылады» деп жазды М. С. 

Бабаджанов.  Бірінші  жағдайда  молланың  оқытуы,  екіншісінде  –  адамдардың  үлгісі  айтылады»[3]. 

Оренбург генерал-губернаторы А. В. Катенин «Оның бағынысындағы Оралдың аржағындағы қырғыздар 

даласын аралап, олардың қарапайымдыларымен де, құрметтілерімен де әңгімелесе отырып, осы халықта 

көшпенділікке қарамастан, сауаттылықтың пайдасы кең таралған» деп хабарлаған»[4].  

Өкінішке орай, зерттеліп отырған кезеңде қазақ қоғамында білім алу үшін көп кедергілер болды. Ең 

алдымен,  мешіттер  мен  мектептер  жетіспеді.  Білімге  көпшіліктің  қолы  жетпеді,  ол  үшін  белгілі 

материалдық  қаражат  қажет  еді.  Ал  сол  кездің  статистикасы  бойынша  «қазақтардың  3/5  бөлігі 

кедейшілікте  өмір  сүрді,  тек  мал  бағатын  қазақтардың  бірнеше  пайызы  ғана  ауқаттылардың  қатарына 

жатқызылды»[5].  Өмір  сүрудің  төмен  деңгейі  қазақтардың  басым  көпшілігінің  мектепте  оқу 

мүмкіндіктеріне кедергі болды.  

Осы  мәселені  ішінара  шешу  үшін  қазақ  ағартушысы  Ы.Алтынсарин  қазақ  баларын  тәрбиелеуге 

капитал  құру  үшін  қоғамның  бұйыруымен  жыл  сайын  жалпы  ақша  жинауды  ұсынды.  С. 

Ешмұхамбетовтің «Қазақтардың тарихынан» атты кітабында И. Крафтың «Түркістан өлкесінде және дала 

аймақтарындағы сот бөлігі» очеркінен мынадай үзінді бар: «Қырғыздардың ауылдарында бірнеше жеке 

меншік  мектептер  болғанымен,  олардың  саны  аз  еді  және  олардағы  оқу...  Құранның  сүрелерін 

жаттатумен шектеліп, ешқандай жүйесіз және бағдарламасыз жүргізілді…»[6]. 

Оқу  үдерісі  әдістемелік  әдебиетпен  нашар  қамтамасыз  етілді.  «Сауаттылыққа  үйрететін  дұрыс 

басшылық жасайтын құралдар жоқтың қасы. Көпшілігі жазуды да үйрене алмады… Бұл істің қиындығы 

инемен  құдық  қазғандай  болды.  Білімге  деген  көзқарас  көп  адамның  санасында  еңсеруге  болмайтын 

кедергі  ретінде  қабылданды:  оқудың  қажеттілігін  сезінумен  қатар,  оқуға  деген  ынтаның  барлығы 

басталмай жатып жойылды»[7]. 

Сонымен қатар, кедейлер ғана емес, байлардың өздері де сауатсыз еді. Өйткені, дала өлкесінде шала 

сауатты, шамалы жазып,  оқи білетін моллалардың  өзі аз еді.  Ауқатты қазақтар, сауатсыз бола отырып, 

үйлерінде тілмәштің, әр түрлі іскерлік және жеке қағаздарды құрастырушының рөлін атқаратын білімді 

молланы ұстады. 

Қазақ  даласының  Геродоты  А.  Левшин  былай  деп  жазды:  «Хандардың,  сұлтандар  мен  билердің 

өздерінің  қарамағындылардан  айырмашылығы  болған  емес  және  олар  үйлерінде  хат  жазушыларды 

немесе алған хаттарын оқып, жауап беретін моллаларды ұстады»[8]. 

Бірақ  XIX  ғасырдың  соңында  және  XX  ғасырдың  басында  шаруашылық-интеграциялық  және  саяси 

үдерістердің ықпалымен қазақтардың сауаттылығының және мәдениетінің қарқынды артқаны байқалды. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет