Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет365/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

281 


Осылайша,  әлеуметтік  әділдік  негіздері  әуел  бастан  отбасында  қалыптасып,  кейіннен  бүкіл  қоғамға 

тарады.  

Адамгершілік тәрбиеде кешірімді және әділ болуды қалыптастыру үлкен орын алды. 

Адамгершілік  тәрбие  беруде  кешірімді  және  адал  болуға  баулу  маңызды  орын  алады.  Қазақ  отбасы 

«Кешірімді бол, қайырымдылыққа баста және надандардан аулақ бол» деген Құран сөздерін ұстанды. 

Бұдан  кейін  тәрбие  үдерісінде  өз  сөзінде  тұру,  міндеттері  мен  берген  уәделерін  орындау  сияқты 

сапалар қалыптастырылды. Қасиетті Құранда : «Жақсы сөз бен кешірімділік – садақа беруден артық»[13]. 

Көшпенді  халық  үшін  намыс  пен  ардан  артық  құндылық  болмаған.  Осы  қасиеттерді  ата-аналар 

балаларының  бойында  тәрбиелеуге  тырысқан.  Олар  ниеті  таза,  адал,  қайырымды  адам  халықтың 

құрметіне бөленетінін жақсы білген. Осыдан келіп, ар-намыс туралы мәтелдер шыққан, мысалы: 

«жиған-тергенім – жанымның садағасы, ал жаным – арымның садағасы».  

Жасөспірімдерді,  әсіресе,  қыз  баланы  тәрбиелеуде  жаман  қылықтар  жасаудан  сақтандыратын 

ибалылық сезімін дарытуға үлкен мән берілді. Осы мақсатпен «Қызға қырық үйден тыю» деп айтылады. 

Қазақтың қыз баланы тәрбиелеуі орта азиялық тәрбиеден ерекше болды. Біздің ұлтымыз қыз баланы 

жат жұрттық деп, бала күнінен еркелетіп, еркін өсірді. «Қонақ қыздар босағаға емес, әдетте ақсүйектерге, 

сұлтандар  мен  ақсақалдарға  арналған  құрметті  орын  –  төрге  отырғызылады.  Олай  болмаса,  үй  иесі 

бақытсыздыққа ұшырайды» деген наным бар. 

Кейде олардың кейбір олақ қылықтарына кешірімділікпен қарау болған. Мысалы, Жүкенолв Қажыкен 

деген ақсақалдың айтуынша, қазақ халқына мынадай бір әзіл аңыз бар: «Үйі ішінде шаруа жасап жүрген 

келін үйге кіріп келе жатқан адамға: кім де болсаң, даладан көсеуді ала кір!» депті. Ола адам қайын атасы 

екен. Ұялған келін көсеуді қайта апарып тастауды өтініпті.». Тұрмысқа шыққаннан кейін олар күйеуінің 

ата-анасымен,туыстарымен  әзілдесуіне  болатын.  «Әзілің  жарасса,  атаңмен  ойна»  деген  халық  мақалы 

соны көрсетеді. Мұнда қазақ қызының тәрбиесінің екі бағыты көрінеді. Біріншіден, ол өзін еркін ұстады, 

екіншіден, жасы үлкендерді құрмет тұтты. 

Ер  балаларға  қарағанда,  қыздарға  ақыл-кеңес  айта  отырып,  жұмсақ  тәрбиелеу  әдісі  қолданылған. 

Мысалы, «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда. Әкесі қызына тікелей ескерту жасамаған, оны анасы 

немесе  басқа  үлкен  адам  арқылы  жеткізген.  Қыздарға  адамгершілік  тәрбие  беру  көзін  жеткізу, 

үлкендердің  ұлағаты,  үйрету,  жаттығулар,  мақтау,  ынталандыру,  құптау,  жазалау  әдістерін  қолдану 

арқылы жүзеге асырылған. 

Қазақ ұлтында үлкендерді сыйлай білу, сабырлылық сияқты қыз бала тәрбиесінің маңызды сапасын 

сипаттайтын  «Қыздың  инабаттылығы»  деген  кең  түсінік  кең  қалыптасты.  Әйелдің  адамгершілік  негізі 

халықтың  ар-намысы  деп  саналды.  Бала  күнінен  қыз  бала  отбасындағы  және  қоғамдағы  мінез-құлық 

тәртіптеріне тәрбиеленді. Қыз баланы осылайша тәрбиелеу мұсылман дәстүрлеріне толық сәйкес келеді. 

Исламдық  тәрбие  жүйесінде  отбасын  материалдық  қамтамасыз  етуге  үлкен  маңыз  берілген. 

Хадистердің  бірінде  «адамның  өз  балаларына  әкелетін  динары  ең  жақсы  динар  болады»  делінген. 

Исламның бұл принципі ауқатты туыстары өзінің кедей туыстарына көмектесуі керек деген көзқарастан 

туындаған. 

Отбасылық тәрбиелеуде ата-аналарының балалары үшін жауапкершілігі сезімін қалыптастыруға үлкен 

рөл  берілген.  Әке-шешесі  балаларын  мейіріммен,  сүйіспеншілікпен  тәрбиелеуге  міндетті.  Исламда 

баласын тастап кету, оларды мұқтаж жағдайға душар ету, өлім халіне жеткізу үлкен қылмыс саналады. 

Ата-ананың махаббаты туралы көптеген мақалдар бар, мысалы соның бірі: «Қарға баласын ағым дейді, 

кірпі баласын мамығым дейді».  

Қазақ  қоғамында  жетімдер  туралы  мәселе  ерекше  орын  алды.  Ол  туралы  Құранда  көп  айтылады: 

«Жетім көрсең, жебей жүр, тіленшіні қума»17, «Жетімнің мүлкін өзіне бер». Сондықтан, егер әйел жесір 

қалса,  күйеуінің  туыстары  көмектесуге  міндетті  болған.  Балаларын  тәрбиелей  отырып,  ата-аналары 

оларды жақындарының жетістіктеріне қуануға, жаман сөз айтпауға, қолынан келгенше жақсылық жасауға 

үйреткен. «Ашу-дұшпан, ақыл-дос. Таспен атқанды аспен ат» деген сөздер осыдан қалған. 

Еңбек  тәрбиесінің  баланы  қалыптастырудағы  маңызы  орасан  зор  болды.  Ата-аналар  балаларын 

еңбекқорлыққа тәрбиелеуді жоғары мақсат тұтты, жалқаулық жаман тәрбиенің салдары деп білді («Еңбек 

қарын тойдырады). Ата-аналар балаларын бірлескен еңбекке баулиды. Балалар жерді құрметтеуге, адам 

өмірінің негізі болатын нанды қастерлеуге тәрбиеленді. 

Ата-аналар  дене  дамуына  ғана  мән  беріп  қоймай,  балаларының  рухани  жетілуін  ойластырды. 

Құраннан  басқа  балаларға  тәрбиелік  мәні  бар  ертегі-аңыздар,  дастандар  оқып,  нақыл  сөздермен, 

мақалдармен таныстырды, бесік жырын және басқа да әндерді айтты. 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет