Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»


PRELIMINARY RESULTS OF ARCHAEOLOGICAL EXCAVATIONS AT THE AYAN-I



Pdf көрінісі
бет397/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

PRELIMINARY RESULTS OF ARCHAEOLOGICAL EXCAVATIONS AT THE AYAN-I 

BURIALS IN 2018 

 

Annotation 

The article publishes new materials of excavations in 2018 at Ayan-I burial ground, located in the Kurchum 

district  of  the  East  Kazakhstan  region.  It  consists  of  more  than  50  different  mound  structures.  During  the  field 

season, three objects of the early Iron Age and Turkic periods were investigated. The mound-fence is of particular 

interest, it is sub quad shaped with a central stone box. According to the discovered artefacts, the burial is assumed 

to belong to a special group of noble women, possibly leading certain religious rites. The obtained materials from 

the barrow testify the existence of peculiar ethnographic features of this group of the population, which was part 

of the complex polytechnics association of ancient Turks. 

Keywords: East Kazakhstan, Ayan-I burial, early Iron Age, ancient Turkic time, mound-fence. 

 

Шығыс  Қазақстан  территориясында  бүгінгі  күні  көшпелі  қоғамның  пайда  болуы  мен  дамуы  жайлы 



қалыптасқан  ой-пікірлерді  өзгертетін  көптеген  ашылымдар  болды,  соның  ішінде  археологиялық 

зерттеулердің  орны  ерекше.  Еліміздің  шығысы  мен  батысында,  Жетісу,  Қазақтың  ұсақ  шоқысында 

әртүрлі  мәдениеттердің  өмір  сүру  кезеңіне  байланысты  білімімізді  кеңейтетін  атақты  археологиялық 

ескерткіштер ашылды. Жаңа ақпараттың көптеп жинақталуы, сонымен бірге, оны сапалы өңдеу аталмыш 

аймақпен қатар, кең ауқымда да қарастыруды қажет етеді. 

Еуразия  даласында  ежелден  бүгінге  дейін  физико-географиялық  және  саяси-аудандық  тұрғыдан 

ерекше  өңір  болып  табылатын  Оңтүстік-Батыс  Алтай  территориясы  маңызды  зерттеу  нысаны  ретінде 



ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

322 


бірнеше  мемлекет  ғалымдарының  назарында.  Соңғы  жылдарда  Шығыс  Қазақстан  мен  басқа  да 

Еуразияның  Азия  бөлігінде  жасалған  жаңа  археологиялық  ашылымдар  мен  зерттеулер  көшпелі 

мәдениеттің  қалыптасу  мәселелері  мен  уақытына  байланысты  дауды  одан  әрі  күшейтті.  Сондықтан 

протомемлекеттер қалыптасу кезеңі ескерткіштерін зерттеу бүгінгі күде өзекті болып табылады, әсіресе 

Қазақ Алтайы ескерткіштері негізінде. 

Аян  қорымы  Шығыс  Қазақстан  облысы  Күршім  ауданы  Қаратоғай  ауылынан  солтүстік-шығысқа 

қарай  18  шақырым  қашықтықта,  Оңтүстік-Батыс  Алтай  тау  сілемдері  –  Күршім  жотасының  күңгей 

баурайында  орналасқан.  Қорымнан  оңтүстікке  қарай  4  шақырым  жерде  Еңбек  ауылы  орын  тепкен. 

Ескерткіш  әр  түрлі  кезеңдерді  қамтитын  50-ге  жуық  жерлеу-ғұрыптық  ескерткіштерден  тұрады. 

Нысандар жоспарлы түрде оңтүстік-солтүстік бағытта, сәл ауытқуларымен орналасқан, тізбек бойымен 

үш қатар болып келеді. Жүйесіз орналастырылған нысандар да кездеседі. 

Қорымдағы  алғашқы  зерттеу  жұмыстары  2005  жылы  Шығыс  Қазақстан  облыстық  тарихи-өлкетану 

музейінің ғылыми қызметкерлерімен жүргізілді, негізінен барлау жұмыстары жасалған [1]. 

2015  жылы  Ғ.Қ.  Омаровтың  жетекшілігімен  қорымға  барлау  және  топографиялық  жұмыстар 

жүргізілді (1 сурет) [2, 133–142 б.]. 

2016  жылы  осы  жерде  ерте  темір  дәуірі  және  түркі  уақытына  жататын  2  қорғанда  (Қорған  №  1,  2) 

зерттеу жұмыстары жүргізілді [3, с. 194–199]. 

2018 жылғы далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге 3 нысан таңдалды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет