Коммунистік рухтың қызыл туы желбіреп тұрғанда, ұлттық рухтың өзегімізді жалғауға ұмтылған бір
өмір бойғы еңбегін жайып салды. Бітеліп тасталған ұлттық рухтың қайнар көзін қайта ашты. Одан
қаншама адам нәр алып отыр. Өзегіңді жалғамасаң өлесің. Ұлттық рухтың өзегі де солай – жалғаусыз
Үшкөлтай Субханбердина – ғалым, филология ғылымдарының кандидаты. Ол 1927 жылы Павлодар
облысы, Баянауыл ауданында туған. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын
бітірген. 1952-1965 жылдары Орта ғылыми кітапхананың библиографиясы қазақ кітаптары мен сирек
кездесетін кітаптар және қолжазба бөлімінің меңгерушісі, 1966-1973 жылдары Әдебиет және өнер
институтының текстология және қолжазба бөлімінің аға ғылыми қызметкері, 1973-1982 жылдары
фонофото бөлімінің меңгерушісі, 1982-1999 жылдары қолжазба және текстология орталығының аға
ғылыми қызметкері болып қызмет атқарған. «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар», «Қазақтың
революциядан бұрыңғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар», «Әдеби мұра. Революциядан бұрынғы
мерзімді баспасөз бетіндегі жарияланған көркем шығармалар», «Алаш. Қазақ. Сарыарқа» т.б. жинақтарда
Алаш қайраткерлерінің шығармаларын таратуға және насихаттауға үлкен үлес қосты[1].
Үшкөлтай Субханбердинаның әкесі Субханберді 1937 жылы «халық жауы» болып ұсталып кеткен.
Субханберді Семейдегі педагогикалық техникумды тәмамдаған оқытушы-педагог кезінде Баянауылда,
Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында, Алтай селосында мұғалім, мектеп директоры
болып жұмыс істеді. Елдің санасын ояту, ұрпаққа білім ұрығын себу арманын арқалаған Субханберді
мектеп ісіне бүкіл жан-тәнімен берілсе керек. Өзінің сүйікті қызының атын «Школтайға» ұқсатып
Үшкөлтай қойған. Көңілі сүйген іске құлай берілуі де халқымызға тән қасиет. Халық санасын оятушы
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің биік рухтағы идеологиясымен қаруланған математика пәнінің
Үшкөлтай әкесі ұсталғанда небәрі он жаста болған. Ерте есейтпей қоймас заман. Алды-артыңды түгел
ойламай болмайды. «Халық жауының» тұқымына бойтасалау үшін біреу біліп, біреу білмес орта да
қажет, жастайынан оқу керектігін көңілге түйіп өскен қыз өз болашағына да алаң болады[2].
Бүгінгі Үшкөлтай Субханбердина – биік деңгейдегі ұлттық рух. Осы рухтың емшегін ерте емген ол өз
1961 жылы Қазақ мемлекеттік баспасынан «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар»
библиографиялық кітабы басылып шыққан соң ғана Үшкөлтай Субханбердинаны шақырар жер көбейді.
Осының алдында Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың «Қазақ тілі туралы библиографиясының» 1-кітабы
«А.Б.» деген көрсеткіштің болғандығына байланысты түгел өртеліп тасталған болатын. Ал, «А.Б-да»,
«М.Д-да» ішінде жүрген Ү. Субханбердинаның кітабы әп-сәтте тарап кеткен болатын. Тіпті, «Қазақстан
мұғалімі» газетіне Бейсенбай Кенжебаевтың кітапты мақтай жазған мақаласы да шығып үлгереді[3].
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
342
Талай мәрте талқыға түскен бұл библиографиялық кітаптың редакторы болған Есмағамбет
Ысмайловтың «Қарағым, қиын да, қатерлі де қасиетті жұмыс бастаған екенсің. Мақтаса-аспа, даттаса-
саспа, жоныңды төсей бер» деген сол уақыттағы бір ауыз сөзінің мән-мағынасына да кейіннен қанықты.
Талай мәрте мұңайды, қамықты, бірақ бетінен қайтпады.
1963 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының баспасынан «Қазақтың революциядан бұрынғы
мерзімді баспасөзіндегі материалдар» кітабы шықты. Одан кейінгі «Қазақ кітаптары», «Дала уәлиятының
газеті: әдеби нұсқалар»[4] кітаптарының орны бөлек. Қойын дәптеріндегі жазбалар кітап болып басылып
шығып жатты. Әрбірінің тағдыры, тарихы әрқалай. Бір ғана ортағы – шыққанша да, басылған соң да
айтыс-тартысы мен кедергі, қиындықтары мол болды. Алайда, ертерек күш алған асқақ рух жеңістен
жеңіске қарай жетелей берді. Оқырман қолына тиген «Айқап», «Қазақ» кітаптары да, міне, соның жемісі.
Қиын-қыстау заманда ел арыстарының аманатын арқалаған Үшкөлтай Хасенқызы Субханбердина оны
бүгінгі таңға жеткізіп отыр.
Сауапты істің жанына қашанда жақсылар үйір болады. Гуманитарлық ғылымдар академиясының
академигі, филология ғылымдарының кандидаты, ғалым-библиограф Үшкөлтай Субханбердина салған
жолда бір қауым ел жүріп келеді. Үшкөлтай Субханбердинаның ес білгелі атқарып келе жатқан қасиетті
іс-әрекетіне әділ баға беру, қадірлеп қастерлеу, кімге болсын ар алдындағы сыни сәт болып келеді.
Біздің ұлттық баспасөзіміздің тарихына байыпты барлау жасап, жоғары саналылықпен зерттеп жүрген
белгілі ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР Ғылым академиясының М. Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институтының қазақ әдебиеті мен сирек кездесетін кітап, қолжазбалар
бөлімінің меңгерушісі Үшкөлтай Хасенқызы Субханбердинаның еңбегі ерекше[5].
Ана тілімізге тұңғыш рет жарияланып, қазақ халқының мұңы мен зары, қуанышы бола білген алғашқы
газет-журналдардың әрбір хат-хабарынан бастап үлкен әдеби шығармаларына дейін сол кезеңдегі
әлеуметтік, тұрмыстық, қоғамдық сананы, елдің көңіл-күйін, тыныс-тіршілігін айқын танытты. Сол
алпысыншы жылдарға дейін архив қойнауында шаңға батып жатқан қымбат қазынаны игерген Үшкөлтай
Хасенқызының ауыз толтырып айтарлықтай тамаша табысы – 1870-1882 жылдар аралығында Ташкент
қаласында жарық көрген «Түркістан уәлияты» газетін қайта жаңғыртуы еді[6].
Ү. Х. Субханбердинаның «Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзі және көркем
әдебиеті» (ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы) атты кандидаттық диссертациясынан соң ғана
«Түркістан уәлияты» алғаш рет ғылыми айналымға түсті. Бұл еңбектің құндылығы осы ғасыр басындағы
қазақ халқының тарихын, экономикасын, әдеби, мәдени және саяси өмірлерін жеке-жеке зерттейтін сан-
сала ғалымдарының мүйенер бірден-бір дүние екендігі. «Қазақтың революциядан бұрынғы баспасөзіндегі
материалдар» атты библиографиялық еңбегі де қазақ журналистикасындағы соңғы жаңалық, ірі бетбұрыс
бола білді[7].
Сондай-ақ, ұлттық библиография саласына бүкіл саналы ғұмырын арнаған алғашқы ғалымдардың бірі
осы Үшкөлтай Хасенқызы. Оған библиограф-ғалымның 1961 жылы «Айқап» журналының бетіндегі
«мақалалар мен хат-хабарлар», 1963 жылы «Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі
материалдар», 1986 жылы «Қазақ кітаптары», 1989 жылы «Дала уәлиятының газеті» (Әдеби нұсқалар)[8]
атты библиографиялық көрсеткіштері куә.
«Мен Октябрь революциясына дейінгі жарық көрген 6 газет, 1 журнал, 2-3 шамалы қазақ
кітаптарының тізімін алып, олардың мазмұнымен жан-жақты да терең танысу барысында күні кешеге
дейін есімдері атаусыз қалып келген бес арыстан өзге де талай таланттылардың, өз халқының қамы үшін
тегеурінді күш-қайрат таныта білген қоғам, қалам қайраткерлерінің аса құнды деген шығармаларымен
таныс болдым. Және оларды ешкімге сездірмей арнайы бір каталогқа тіркеп, үйге жинай бердім. Менің
көңілім әділеттіліктің әйтеуір бір жеңетініне сенімді болды. Қазір мен жалған жаламен жазықсыз
жазаланған қайраткерлердің сол кездердегі қазақ газет-журналдарында жарияланған мақалалары мен
әдеби шығармаларын топтастыру үстіндемін», - дейді[9].
Ол кезде Үшкөлтай Хасенқызының жас кезі еді. Қазақтың қыздар педагогикалық институтының тіл
және әдебиет факультетін бітіріп, Қазақ КСР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасына
қатардағы кітапханашы болып орналасқан жас алғашқы күннен өз жұмысына шығармашылықпен
қарады. Ол бұрын-соңды кітапхана қызметінде қолға алынбаған тың бастаманың көшбастаушысы бола
білді.
Айналасы үш-төрт жылдың ішінде қарапайым кітапханашылықтан бас библиографтыққа дейін өскен
талантты жас өз ісіне ғылыми тұрғыдан келіп, ұлттық библиография көрсеткіштерін жасауға жетекшілік
етті. Революциядан бұрын қазақ тілінде шыққан мерзімді баспасөз беттеріндегі мақалалардың, әдеби
шығармалардың қысқаша мазмұнын баяндайтын библиографтық көрсеткіштер жасау кезінде Ахмет