Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
345
белгісін қоюды білмейтін кездегі «қадым» жазуымен жазылған материалдарды қазақ және орыс
тілдерінде қолмен көшіріп шықса, ол көшірген еңбегінің жалпы көлемі 100-150 баспа табаққа ұласып
жатса, одан кейін әр материалға тыныс белгілерін қойып, түсініктеме жазып, текстологиялық еңбек
сіңірсе, ең ақыр аяғында тарихи мұра десе ытырына қарайтын баспагерлермен дау-шарға түсіп жүріп,
тақырыптық жоспарға енгізсе, әрине, мұндай еңбектің жай ғана «құрастырушылықтан» гөрі жер мен
көктей айырмашылығының бар екені ешкімге күмән келтірмейді. Бұл – туған халқының рухани мәдениеті
үшін сатысып-санасуды білмей тер төге алатын және сол төккен терін өмірінің мағынасына байлайтын
адамның ғана қолынан келетін қомақты іс десек, әсіре сөз бола қоймас.
Ү. Субханбердина – революцияға дейінгі қазақ баспасөзімен айналысып жүрген республикамыздағы
белгілі маман, филология ғылымының кандидаты. «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хаттар» (1961),
«Қазақтың революциядан бұрыңғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар» (1963), «Қазақ кітаптары»
(1986) деп аталатын еңбектері бұл күндері библиографиялық сирек кездесетін кітапқа айналып үлгерді.
Октябрь революциясына дейін жарық көрген «Түркістан уәлияты», «Айқап», «Қазақстан», «Қазақ»
сияқты мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген қыруар материалдарды жинауға Ү. Субханбердина
еңбегін арнаған адам[17].
Үшкөлтай Субханбердинаның үміті, болашақтан күтетіні 60-жылдары қылышынан қан тамған кездің
өзінде қазақтың төл тарихын арқау еткен басылымдарды арашалау, ақ бас тарихтың ақтаңдақтарын ақтап,
ақ-қараны ажырату болатын. 90-жылдары келешек ұрпаққа шаң астындағы асқақ рухты, асыл мұраны тас
түйін жарқын дүниеге айналдыру, қайсар халықтың тарихын өзіне қайтарып, келешек алдындағы аға
буын парызы мен қарызын өтеу болатын. Үміт үкіленіп, сенім ақталды. Қиямпұрыс қоғамда мұндай ауыр
жүк арқалау қанша қиындық туғызса да күресіп-ақ бақты. Ана, ғалым ретіндегі тұлғасын асқақ ұстады.
Бастысы – ағалар, әкелер алдындағы ары таза. Енді егделікті елеп, шау тартқан шағын шамалағанымен,
ана, ғалым, ретіндегі тұлғасы төмендемек емес. Бастысы – ұрпақ алдындағы аманатты ақтау.
Қазіргі уақыттың қым-қуыт екендігі ме, адамдардың алакөңілдігі ме, әйтпесе жақсы мен жасықты
ажыратып отыратын әдеби сын қырағылықты әлсіретіп алды ма, әйтеуір рухани дүниемізге олжа болып
келіп қосылып жатқан жан жадыратар жақсылық – әдеби жаңалық, құбылыстардың өзіне жұртқа көрсете
насихаттап, жетістік-кемшілігін жеткізе айтудан қалып барамыз. Әрине, мүмкін болса, әдеби дәстүрден
қол үзбеген дұрыс, жақсы дағдыдан көз жазбаған абзал.
Айталық, бірі 1989, бірі 1990 жылы «Дала уәлиятының газеті» аталатын қос том кітап жарыққа
шықты. Қалайық, қаламайық, бұл – әдеби-рухани өміріміздің үлкен жаңалығых»[18].
Ұрпақтар көзінен тасаланып, көңілінен ұмыт болып бара жатқан көне газет-журнал материалдарын
арнайы жинаққа топтап, белгілі бір жүйемен басын біріктіріп кітап етіп шығару, әл-әзір қазақ әдебиетінде
кездесе қоймаған құбылыс-ты. Рас, Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқы мұң-зарын ащы да, ашық айтып
тұрған «Айқап» журналы материалдарын жеке жинақ етіп жарыққа шығару Бейсембай Кенжебаевтың
өмір бойғы арманы еді. Ойға арманын орындамай тынбайтын табанды ғалым «Айқап» журналында
жарияланған материалдардың бір парасын көшіріп, жүйелеп «Жазушы» баспасына тапсырған еді.
Өкінішке орай, жинақ қолжазба күйінде жоғалып кетіп, ғалымның ізгі арманы жүзеге аспады. «Дала
уәлиятының газеті» осындай талай адамдар армандап жүзеге асыра алмаған игі істің бастамасы[19].
Алғашқы бастаманы әдеби құбылысқа балаймыз, оны жылдар бойы тірнектеп жинап, құрастырып,
жарыққа шығарған библиограф-ғалым Үшкөлтай Субханбердина.
Үшкөлтай өзін ұдайы қиынға салып, ұинаудан бір танбаған жан. Және мен мынандай іс тындырдым
деп кеуде қағу, көкірек көрсетудің бірі жоқ. Ол әуелі ғылымға библиограф болып келді.
1956 жыл. Жеке адамға табынудың салқыны қайтадан бір оралып, халық зиялыларын қайтадан қайғы-
шерге батырған кез. Қазақтың маңдайына біткен санаулы зиялылардың бірсыпырасына жала жабылып,
бірі қуғындалып, бірі айдалып, әбіржіп жатты. Қазақтың қарғадай қызы, Қазақ КСР Ғылым академиясы
кітапханасының библиографы Үшкөлтай Субханбердинаның «Түркістан уәлияты газеті», «Дала
уәлиятының газеті», «Айқап» сынды Қазан төңкірісіне дейінгі ағымдағы баспасөз материалдарын ден
қойып, елеулілерін жинап, библиографиялық көрсеткіш тізе бастаған сәті – республикадағы жұрттың
бәрін алакөңіл еткен, осындай аласапыран кезбен тұспатұс келді[20]. Балаңдығы ма, әйтеуір ол бірен-
сараны ғана ашық, көбі ұлтшылдық басылым деген жаламен жабық жатқан баспасөзі материалдарын
одақ бойынша кітапханалар мен архивтерден іздестіруге қызу кірісіп кетті. Еңбегі жеміссіз болған жоқ.
«Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар» (1961), «Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді
баспасөзіндегі материалдар» (1963) деп аталатын мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш кітаптары
жарық көрді. Аталмыш кітаптың алғашқысының редакциясын Е. Ысмайлов, соңғысының редакциясын Ә.
Марғұлан басқарды[21].
|