Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет430/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   493
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

351 


қабылданды. Бұл құжаттар бойынша қазақ байларының мал-мүлкін тәркілеу белгіленді. Малмен қоса бау-

бақша, ауыл шаруашылығы құралдары – соқа-сайман, арба, шана, тіптен күрке, жертөлелер де тәркілеуге 

жатқызылды.  Тәркілеудің  басы-қасында  болған  Қабылбек  Сарымолдаев  бұл  туралы  бірнеше  мақала  да 

жариялады [17, 112 б.].  

Осы  тұста  айта  кетерлік  маңызды  жәйттердің  бірі,  ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысында  өмір  сүріп 

қызмет  еткен  саяси  және  қоғам  қайраткерлері  мен  ұлт  зиялыларының  қызметін  талдауда  соңғы 

уақыттарда  кеңестік  Қазақстанның  дамуына  қызмет  еткен  зиялылардың  қызметіне  қатысты  біржақты 

тұжырымдар  жасалуда.  Дегенмен,  коммунистік  режимді  қолдаған  зиялылардың  кеңес  мемлекетінің 

ұжымдастыру  саясаты  мен  оның  ішінде  тәркілеу,  күштеп  отырықшыландыру  сияқты  жұмыстарға 

араласуы кезінде олар да кеңестік биліктің саясатының қате тұстарына қарсы пікір білдіргенін, сонымен 

бірге  оның  қаншалықты  қиын  болғанын  ескерген  жөн.  Қазақ  қоғамы  мәскеулік  биліктің  қазақтың 

бұрынғы ұлт-азаттық қозғалыс басшыларына көпе-көрнеу жасаған қиянатын көзімен көрді, ендігі уақытта 

оның айтқанына көнбеген күнде коммунистік режимді қолдаған қазақ зиялылар да алашордалықтардың 

кебін киетіндігін жақсы түсінді.  

Жоғарыда  көрсетілгендей,  Қабылбек  Сарымолдаев  ауыл  шаруашылығы  жұмыстарын  белсенді  және 

нәтижелі  жүргізуіне  байланысты  оны  осы  салаға  қайта  әкелу  шаралары  қарастырылды.  Ақыры,  1931 

жылы Қазақ АКСР Орталық Комитетінің нұсқауымен Қабылбек Сарымолдаев Жер-су халық комиссары 

болып  тағайындалды  [21].  Өзінің  мемлекеттік  қызметтегі  өмірінде  дағдыланып,  зор  тәжірибе  жинаған 

ауыл  шаруашылығы  саласын  басқару  жұмыстарын  одан  ары  қарай  жалғастыруда  партия  тапсырған 

міндеттерді  асыра  орындап  отырды.  Ауыл  шаруашылығының  өркендеуі  салдарынан  аймақтарда  жаңа 

елді-мекендер  мен  қыстақтар  пайда  болды.  Мұның  барлығы  жергілікті  жерлерде  колхоздардың  көптеп 

пайда  болуымен  байланысты  еді.  Қабылбек  Сарымолдаев  бастаған  ауылшаруашылығының  басты 

жұмыстары Ауылдарды ұжымдастыру болды.  

Ауыл шаруашылығы саласында айтулы нәтижелерге қол жеткізгенімен, Қабылбек Сарымолдаев бұл 

салада да ұзақ отыра алмады. Үкімет тез арада шешім қабылдап, 1933 жылы оны әуелі Шығыс Қазақстан 

облысына облыстық, одан соң көп ұзамай Ақтөбе облысына қарасты Торғай аудандық (Қазіргі Қостанай 

облысы  Жангелдин  ауданы)  атқару  комитеттерінің  төрағасы  болды.  Торғайда  жүргенде  Сарымолдаев 

халық  батыры  Амангелді  Имановтың  көтерілісін  зерттеп,  «Казахстанская  правда»  газетіне 

«Революцияшыл қазақ кедейлерінің жетекшісі», «Амангелді Иманов» атты мақалалар жазды [17, 114 б.]. 

Бұл кезде осы ауданда басқару жұмыстары мен бұл аудандар мен облыстардың әлеуметтік ахуалы қиын 

жағдайда  еді.  Қазақ  АКСР-нің  басшылығы  бұл  ауданды  көтеруде  өте  лайықты  кадр  ретінде  Қабылбек 

Сарымолдаевты  таңдады.  Негізгі  қызметтік  жылдарын  Оңтүстік  өңірге  арнаған  Қабылбек 

Сарымолдаевты  Шығыс  Қазақстанға  жіберудегі  негізгі  себеп,  оның  жергілікті  жердегі  жұмыстарды 

ұйымдастырушылық қабілеті зор еді. Бұл өңірлердегі қызметтерде ол 1936 жылға дейін болды.  

Қабылбек Сарымолдаевтың саяси қызметінде тағы да өзгерістер болып, ол 1936 жылы Қазақ АКСР-

нің  одақтас  республика  статусына  ие  болуымен  байланысты  болды.  1936  жылы  жаңадан  қабылданған 

КСРО  Конституциясына  сәйкес  осы  жылдың  5  желтоқсанда  Қазақ  АКСР  РКФСР  құрамынан  шығып, 

жаңа және жеке одақтас республикаға айналды. Қазақ Республикасы жаңа саяси статусқа ие болғаннан 

бастап-ақ  оған  қызмет  ете  бастады.  1936  жылдың  өзінде-ақ  жаңа  құрылымдар  қабылданып  жатқан 

республикада  саяси  және  қоғамдық  қызметке  Қабылбек  Сарымолдаевты  Орталық  Комитет  қайта 

шақырып,  оны  Қазақ  КСР  Тамақ  өнеркәсібі  халық  комиссарының  орынбасары  етіп  тағайындады.  Осы 

жылдары ол Алматы, Жамбыл, Қарағанды қалаларында ет комбинаттарын салдырды. Республика аумағы 

кең жайылымды иеленіп, жері мал шаруашылығына қолайлы болғандықтан мұнда мал шаруашылығын 

дамыту жолға қойылды. Осыдан соң, Алматы, Қарабұлақ қалаларында қант зауыттарын салдыртты.  

Алайда, Қазақ КСР-нің құрылуынан кейін еңбекке жаңа құлшыныспен араласып, ары қарай жұмысын 

жалғастыруға  сталиндік  қуғын-сүргін  және  репрессия  саясаты  зор  кедергі  келтірді.  Осылайша  бұл 

жылдар оның қоғамдық және саяси қызметінің ақырғы жылдары болып саналды. Дегенмен, ол өз қысқа 

ғұмырында көптеген жоғары лауазымды қызметтерді атқарып, алты мәрте Түркістан АКСР, Қазақ АКСР 

орталық комитеттеріне, екі рет өлкелік партия комитеттеріне мүше болып сайланады [22]. 

Өткен  ғасырдың  20-30  жылдары  Қазақстан  мен  бүкіл  кеңес  мемлекетінде  жүргізілген  саяси  қуғын-

сүргін қазақ зиялыларының ішінде Қабылбек Сарымолдаевты да айналмай өтпеді. Кеңестік Қазақстанда 

саяси  қуғын-сүргін  науқаны  мен  жалпы  репрессияларды  қолдану  мен  оларды  жүзеге  асырудың  шыңы 

1937-1939 жылдар аралығына келгендігі белгілі. Бұл орайда «дұшпан бейнесі» барынша кеңейтіліп, ішкі 

партиялық дұшпандарға «оңшыл» бухариндіктер, сол кездегі халықаралық жағдайға сәйкес «шпиондар» 

мен «диверсанттар» «ұлтшыл фашистер» және басқалары да қосылған еді. Саяси репрессиялар негізінен 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет