Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет431/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

352 


контрреволюциялық  қылмыстар  туралы  заң  арқылы  жүргізіліп  отырды.  Сөйтіп,  билеуші  партия  өзінің 

жергілікті  жерлердегі  жазалау  аппаратындағы  тірегін  нығайту  мақсатындағы  жұмыстарын  бір  сәтке  де 

тоқтатпады 

Осы  орайда  орталық  жіберген  көптеген  қызметкерлердің  басым  көпшілігінің  қайтадан  кері  қайтуға 

талпынатындығына  мән  беруге  болады.  Соның  да  әсері  болар,  мәселен,  Әулиеата  уезінде  Қабылбек 

Сарымолдаевпен  бірге  Кеңес  өкіметін  орнатуға  және  нығайтуға  белсенді  қатысқан  Тұрар  Рысқұлов, 

Мақсұт  Жылысбаев,  Сыдық  Абланов.  Ысқақ  Әсімов,  Кененбай  Бармақов,  Бекбосын  Құлжабаев,  Дәуіт 

Абдуллаевтар 1937-1938 жылдары «халық жауы» ретінде атылып кетті. Ал, Степан Хмелевский, Николай 

Чернышов,  Федотов-Завадский,  Данил  Цыгановтар  Қазақстаннан  біржола  кетіп  қалған.  Бұл 

топтағылардан тек Қарымбай Қошмамбетов ғана бүл зұлматқа жетпей 1930 жылы қарашада дүние салды 

[7, 57-59 б].  

Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық 

автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік 

қауіпті элементтер» деген жала жабылып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға 

жағдай  жасады.  Халықтың  қамын  жеген  ұлт  қайраткерлерінен  сескенген  тоталитарлық  билік  өкілдері 

тығырықтан шығар жолды іздеді. Ақыры, Қабылбек Сарымолдаевты ОГПУ «үштігінің» шешіміне сәйкес 

1938  жылы  25  ақпанда  «халық  жауы»,  «жапон  империалистерінің  тыңшысы»  деген  айыппен  кеңестік 

қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесілді. 

Қабылбек Сарымолдаевтың жанұялық жағдайына келетін болсақ, оның жанұясында жолдасы Майнұр 

және  отбасында  Зүлфия  есімді  қызы  болған.  Қабылбек  Сарымолдаевтың  Мүсірепбек  деген  туған  інісі 

болды.  Қабылбек  Сарымолдаевтың  жары  Майнұр  өмірлік  жолдасының  сенімді  серігі  болды.  Өмірінің 

соңына  дейін  оның  жақын  тілеулесі  болып  өтті.  Қ.  Сарымолдаевтың  жанұясы  сол  кезде  қоғамда  үлгі 

тұтатын жанұялардың бірі болды. Ол өзінің достары Т. Рысқұловтың, М.Жылысбаевтың жанұяларымен 

жақсы  байланыста  болды.  Майнұр  апайымыз  аталған  тұлғалардың  әйелдермен  тығыз  қарым-қатынаста 

болған.  Қабылбек  Сарымолдаевтың  жанұялық  өміріндегі  ең  ауыр  жағдай,  оның  НКВД  өкілдері 

тарапынан  тұтқынға  алынып,  ату  жазасына  кесілу  туралы  шешім  болды.  Ең  ауыр  болғаны  сталиндік 

«жаппай  қырып-жою  науқаны»  оның  әйелі  Майнұр  апайды  да  тұтқындап  лагерге  әкетуі  болды.  Бұған 

оның қызы Зүлфияның қалдырған мәліметтері мысал бола алады. Оның айтуынша, НКВД жендеттерінің 

оның әкесін енді көрмейтінін, ал шешесін тек сегіз жылдан кейін ғана көруі мүмкін екендігін айтқан [17, 

108 б.]. Қызы Зүлфияны тірідей жетім қылып, Қабылбек Сарымолдаевтың ату жазасына кесумен тұрмай, 

өмірлік  жолдасын  қамауға  алған  тоталитарлық  саясаттың  мұндай  әрекетін  бүгінгі  ұрпақ  кешіре  алмаса 

керек.  


Жылдар бойына еліне қызмет етіп, Қазақстанды дамытуға зор үлес қосқан Қабылбек Сарымолдаевты 

бірден  халық  жауына  айналдыру  саясаты  оның  бауырларына  зардабын  тигізді.  Мысалы,  туған  інісі 

Мүсірепбек  Сарымолдаев  1937  жылы  Дондағы  Ростов  темір  жол  транспорты  инженерлері  институтын 

бітірген  соң  қызметке  кіріспей  жатып,  «халық  жауының»  туысы  болғандықтан  10  жылға  абақтыға 

жабылады. Воркутаның шахтасында 10 жыл бойы жұмыс істеп, мерзімін өтеп дімкес халде елге оралған 

ол Түркістанда көз жұмады.  

Қорыта айтқанда, Қабылбек Сарымолдаев – елі, халқы, ұлты үшін, оның жарқын болашағы үшін ақыл-

ойы мен қуат – жігерін, білімі мен бүкіл саналы ғұмырын сарп еткен қайраткер. Өзінің аз ғана ғұмырын 

мемлекет пен халықты және қоғамды басқару жұмыстарына арнап, адал қызмет етті. Өз халқының мұңын 

жоқтаған, сол жолда бар білімін, күш-қайратын жұмсап, халқы үшін заман тауқыметін тартқан біртуар 

азаматтарымыз  тарихымызда  мәңгілік  орын  алады.  Оның  атқарған  қызметтері  мен  сіңірген  еңбегі 

мемлекет  пен  қоғамның  дамуына  бағытталып,  ол  Қабылбек  Сарымолдаевты  революционер,  мемлекет 

қайраткері,  дипломат,  экономист,  публицист  және  ұлт  қамқоры  ретінде  көрсетті.  Оның  бұл  аталған 

қызметтерін  жеке-жеке  қарастырып  зерттеп-зерделесе  көптомдық  монографиялық  ғылыми  жұмыстарға 

арқау болатыны анық. Міне, осынау билік тізгінін ерте ұстаған талантты басшы, іскер ұйымдастырушы, 

халқына  қалтқысыз  қызмет  еткен  Қабылбек  Сарымолдаевтың  өмірі  туралы  көркем  тілмен  жазылған 

«Дауылда  туған  дарын»  атты  кітаптың  авторы  қаламгер  Мұхтар  Қазыбек  және  «Қайраткер  Қабылбек 

Сарымолдаев» атты естеліктер кітабы жарияланды. Дегенмен, болашақта мұндай туындылар әлі де болса 

жарыққа  көптеп  шығатынына  күмән  жоқ.  Қабылбек  Сарымолдаев  сынды  қазақ  зиялыларының  ұшқыр 

саяси ойларының жемісі, идеялары мен болашаққа үлгі болатындай қызметі еліміздің тәуелсіздігінің одан 

әрі баянды, іргелі дамуына негіз болады. Ол секілді қазақ интеллигенциясының саяси көзқарастары мен 

ұстанымдарының мазмұны өте терең.  

 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

353 


Қабылбек  Сарымолдаев  өздері  құрып  оны  дамытуға  ат  салысқан  коммунистік  партияның  қасаң  да 

қатаң мемлекеттік саясаттың құрбанына айналды. Ол өзі секілді миллиондаған кеңестік қайраткерлердің 

қатарында  репрессияға  ұшырады.  Егер,  ол  біраз  уақыт  өмір  сүрсе,  әлі  де  болса  мемлекет  пен  қоғамда 

көптеген жұмыстарды атқаратынына күмән жоқ еді. Дегенмен, ауыр тағдыр тәлкегіне ұшырап, жазықсыз 

құрбан  болған  абзал  азаматын  кейінгі  ұрпақтары  мәңгі  ұмытпайды.  Бүгінгі  таңда,  Тараз  қаласында, 

Жамбыл облысының Меркі ауданы мен басқа да ауылдары мен елді-мекендеріндегі орталық көшелеріне, 

мектептері мен басқа да мемлекеттік мекемелеріне Қабылбек Сарымолдаевтың есімі берілген. Қабылбек 

Сарымолдаевтың  құрметіне  арнайы  кешендер  ашылып,  ескерткіштер  орнатылған.  Оның  елі  үшін 

атқарған қызметі мен еңбектерін студенттер оқып, ғалымдар және жеке ізденушілер зерттеу жұмыстарын 

жалғастыруда. 



 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1996. – 296 б.  

2. Асқаров А. Ұлы тұранның ұлдары. – Алматы: Нұрлы Әлем, 1998. – 408 б 

3. Нұралиев Әлихан Дауылда туған дарын. // Меркі тынысы. 28 ақпан 2018 жыл.  

4. Әлімханов В. Әбдікәрімова Б. Елін сүйген азамат. Қ. Сарымолдаевтың туғанына 95 жыл толуына. 

// Ақжол. 4 наурыз 1993 жыл. 

5. ЖОМА. 50-қ., 1-т., 92-іс. 9 п.  

6. ЖОМА. 50-қ., 1-т., 70-іс. 151 п. 

7.  Бақторазов  С.У.  Қазақстанның  Оңтүстік  өңіріндегі  саяси  қуғын-сүргін:  тағдырлар  қасіреті: 

монография. – Алматы: «Тоғанай Т», 2017. – 344 б. 

8. Мақұлбек Рысдәулет. Тау тұлға. // Ақ жол 20 қазан, 2014 жыл  

9. ЖОМА. 50-қ., 1-т., 141-іс. 63 п. 

10. ЖОМА. 50-қ., 1-т., 141-іс. 64 п. 

11. ЖОМА. 50-қ., 1-т., 141-іс. 65 п. 

12. Покровский С.Н. Образование Казахской АССР: Сборник документов и материалов. Издат. Акад. 

Наук Казахской ССР, 1957. – 366 с. 

17.  Қайраткер  Қабылбек  Сарымолдаев  /  құраст.  Данияров  Болат..  –  Алматы:  ТОО  MV-Print  (МВ-

Принт). 2011. – 352 б. 

20. ҚРОМА 5-қ., 18-т., 907-іс 

21. ҚРОМА 5-қ., 18-т., 907-іс, 1 п. кб.  

22. ҚРОМА 5-қ., 18-т., 907-іс, 1-2 п. кб. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет