Астат - радиобелсенді элемент.
Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы
ns
2
nр
5
(n=2-
6). Бұл
элементтердің топтық атауы «тұз түзуші» деген түсінікке сәйкес келеді.
Галогендердің соңғы электрондары р
-
деңгейшесіне түседі, сондықтан олар р
элементтеріне жатады. Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай олардың атом
радиустары артады, қайнау температурасы мен тығыздықтары да осы бағытта өседі.
Олардың агрегаттық күйлері газдан (F
2
, С1
2
) сұйықтыққа (Вr
2
), ары қарай қатты (І
2
)
күйге өзгереді, түстері де біртіндеп қоюлана түседі.
Галогендер типтік бейметалдар, себебі олардың сыртқы валенттілік қабаттарының
толысуына бір ғана электрон жетіспейді, оны қосқанда тотықтырғыштық қасиет
көрсетіп, өзінен кейін тұрған бекзат газдардың электрондық кұрылысын алады.
Галогендердің тотықтырғыштық қасиеттері топ бойынша жоғарыдан төмен қарай кемиді, себебі атом радиустары артқандықтан ядроның электрон тарту күші азаяды. Галогендер арасындағы Хлордың физикалық және химиялық қасиеті: Табиғатта таралуы: Хлор табиғатта активті элемент болғандықтан тек қосылыстар күйінде кездеседі.
Негізінен сілтілік және сілтілік-жер (II) металдарының хлоридтері күйінде; олар
карналлит KC1*MgCl
2
*6Н
2
О, сильвинит NaCl*KCl, бишофит MgCl
2
*6Н
2
О, галит тас тұзы
NaCl, т.б.
Атом құрылысы: Хлор III периодтың, VII топтың негізгі топшасының элементі,
35,4
17
С1 ядросындағы протон
сандары 17, яғни ядро заряды +17, электрондар саны 17, нейтрондар саны 18. Хлор
атомының электрондық формуласы:
ls 2 2s 2 2p 6 3s 2 3p 5 , валенттілік электрондары
3s 2 3p 5 3d 0 .