52.Қазақстан тәуелсіздігін жариялау.ТМД құру «Казакстан Республикасынын мемлекеттiк тәуелсіздігі туралы >> Конституциялык зан 1991 ЖЫЛДЫН 16 желтоксанында кабылданды. Казакстанда президенттік баскару формасындагы республикалык жуйе орныктырылды. Казакстаннын тәуелсіздігін алғаш Туркия мойындады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды.
53. Қазақстан Республикасының әлемдік аренада танылуы 1991 жылдын сонында Казакстанды 108 мемлекет таныды, 70 мемлекетпен дипломатиялык катынас орнатылды. Алматыда 21 шетелдік елшiлiк ашылды. Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ-ға мүше болып кабылданды. Казiргi Казакстан тарихындагы манызды белестiн бiрi 2010 жылы Еуропадагы кауiпсiздiк және ынтымактастык ұйымына (ЕҚЫҰ), 2011 жылы Ислам ынтымактастыгы Ұйымы (ИЫҰ). Орталык Азия ынтымақтастыгы Ұйымына (ОАЫҰ),. Шанхай ынтымақтастық ұйымына. Казакстаннын тәуелсіздігін алғаш Туркия мойындады.
54.ҚР конституциялық кұрылымы Конституцияның құрылымы мен мазмұны. Қазақстан Республикасының Конституциясы тоғыз бөлімнен, 98 баптан тұрады. “Жалпы ережелер деп аталған І бөлімде Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы, қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген; президенттік басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси алуандылық, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған. Қазақстан Республикасы Конституциясында *Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” деп жарияланған.
Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азамат және азаматтыққа байланысты ережелер “Адам және азамат” деп аталған ІІ бөлімде жинақталып берілген. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша заң мен сот алдында жұрттың бәрі бірдей; азаматтардың өмір сүруге, жеке бас бостандығына, еркін қоныс аударуына, саяси бірлесуге, еңбек етуге, меншік иесі болуына, денсаулығын сақтауға, ұждан бостандығына, білім алуға т.б. құқығы бар. Адамды қорлауға болмайды, ары қорғалады. Сонымен қоса, азамат өзіне тиісті конституциялық міндеттерін де абыроймен атқаруға тиісті.
ІІІ бөлімде Президенттің, ІV бөлімде Парламенттің, V бөлімде Үкімет құрамдарының жасақталуы, сайлану және тағайындалуы мерзімдері мен заңдары, өкілеттіктері, атқаратын қызметтері, түрлі саяси ахуалдағы әрекеттерінің бағыттары, өзге органдармен байланыстары, ел экономикасын дамыту бағытында атқаратын жұмыстары, ішкі-сыртқы саясатты айқындап жүргізуі т.б. баяндалған.
VI бөлімде Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызметінің бағыттары, VII бөлімде соттар мен сот төрелігінің жасақталуы, атқаратын қызметінің мазмұны мен реттілігі туралы айтылған. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ережелері VIII бөлімде тұжырымдалған. Соңғы IX бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер берілген.
Конституцияның маңызды ерекшелігі – ол бір жағынан, мемлекеттің, ал екінші жағынан, қоғамның Негізгі заңы болып табылады. Мұның өзі мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретіндегі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі халықтың мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның барлық элементтерімен: аумағымен, жоғарғы өкімет билігімен, азаматтығымен, дербес заң шығарушылық қызметімен, т.б. қоса баянды етеді