Казакстаннын казіргі заманғы тарихы


Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы қадамдары



бет27/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Байланысты:
Тарих гос ответы все (1)

55. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы қадамдары.
1990 жылы 25 қазанда XII шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен тарихи құжат – «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның нағыз тәуелсіздігіне апаратын құқықтық бастама болды. 1990 жылы 16 қазанда Жоғарғы Кеңес «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны қабылдады. «Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация отанымыздың тарихында Қазақстанды дербес, егемен мемлекет ретінде анықтаған, конституциялық мәндегі алғашқы жаңа акті болды және ұлттық заңды жасауға негіз болды.1991 жылы 16 желтоқсанда Декларация қағидаттары негізінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Қазақстандағы Конституциялық заңның қабылданған күні «Тәуелсіздік күні» ретінде атап өтіледі.
56. Қазақстан халықаралық ұйымдарда.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 73 ұйымның құрамына кірді. Қазақстан БҰҰ-ға оның 164-ші ұлттық мүшесі болып1992 жылдың 2 наурызында қабылданды.
Қазақстан дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ВОЗ) 1992 жылдан мүше.
Қазақстан ЮНЕСКО-ға 1992 жылдың мамырында мүше болып кірді.
1992 жылдан бері Қазақстан Экономикалық өзара қарым-қатынас ұйымына  мүше болды.
 2001 жылғы көктемде Шанхай ынтымақ тастық ұйымы (ШЫҰ) болып құрылды.
Қазақстан ЕҚЫҰ 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды.
57. Қазақстан Республикасының көпвекторлы саясатының ерекшеліктері.
Егемендiктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ көпвекторлы сыртқы саясат ұстанған Қазақстан әлемнің алпауыт елдерімен келісімге келе білді. Қазақ­стан экономикалық әлеуеттік қоры мол әрі әскери-стратегиялық аймақ бол­ған­дықтан, географиялық саяси (геосаяси) жағдай өте күрделi болды. Қазақ елінің қалыптасқан саяси жағ­дайда көршілерімен келісімге келе білуі ел тұтастығын сақтауда шешуші фактор бола білді. Бүгінгі таңда ел болашағынан туындайтын Қазақ елінің көпвекторлы сыртқы саясатының үш мызғымас мығым тұғыры бар. Бірінші – әлем елдерімен және халық­аралық ұйымдармен екіжақты және көп­жақты халықаралық саяси қаты­настар. Екінші – әлем елдерімен әртарапты эко­номикалық байланыстар. Үшінші – әлем елдерімен мәдени-гу­манитарлық бағыттағы қарым-қаты­настар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет