67.Қазақстанның ЕҚЫҰ ға төрағалығы және оның нәтижелері Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға 1992 жылдың қаңтар айында мүше болды.Ал Қазақстанның төраға болуына қатысты шешім 2007 жылы желтоқсанда Мадридте өткен ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінде қабылданды.Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын.Саммитке ЕҚЫҰ-ға мүше 38 мемлекет және үкімет басшысы, жоғары лауазымды шенеуніктер, сонымен қатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысты.
68.ҚР Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, халықтың және жеке тұлғаның тарапынан билікке деген сенімін нығайту маңызды міндет болып табылады. Қазіргі заман талабына жауап беру үшін мемлекет болып жатқан өзгерістерді негізге ала отырып, әкімшілік жүйесін реформалауға, саясаттың басымдықтарын айқындауға мәжбүр.Орталық басқару органдарын оңтайландыру негізінен әртүрлі мемлекеттік органдардың функцияларының қосарлануын болдырмауға, басқару буындарының санын азайтуға мүмкіндік берді. Қазақстанның мемлекеттік басқаруын одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары.
69. Н.Ә.Назарбаев-Тәуелсіз Қазақстан негізін қалаушы және Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаев Казак Кенестік Социалистік Республикасы Алматы облысынын Каскелен ауданына карасты, казіргі Қазакстан Республикасы Алматы облысынын Карасай ауданынданы Шамалган селосында (2012 жылы елді мекеннін атауы Ушконыр деп езгертілді) 1940 жылдын 6 шілдесінде дүниеге келген.
1991 жылы Н.Ә. Назарбаевтың Президент болып бүкілхалықтық сайлануы және одан кейінгі Қазақстан КП ОК-нің Бірінші хатшысы өкілеттігін доғаруы, Н.Ә. Назарбаевтың басқарудың жаңа және тиімді құрылымына деген ықыласын нақты көрсетті. Президент сайлауына қатысқан сайлаушылардың 98,7%-ы Н.Ә. Назарбаевты қолдап дауыс беруі бұған дәлел бола алады.
Демократия құндылықтарына және Н.Ә. Назарбаевтың тиімді басқаруына адалдық қазақстандық қоғамға тоталитаризмнен демократияға қадам жасауға мүмкіндік берді. Қазақстан Президенті осы мәселе бойынша былай деді: «Біз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары мемлекеттілік негіздерін құру және танылмаған демократия толқынында айтарлықтай ыдыраған елді басқару туралы мәселе өткір тұрды, және де біз орталықтандыру жағына объективті түрде көштік. Сонымен қатар, ең алдымен, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу басты міндет болды, бұл сондай-ақ, ең алдымен мемлекеттің қаржылық және кадрлық функцияларында орталықтандыруды күшейтуді талап етті». 1993 жылдың 15 қарашасында Ұлттық валюта – Теңге айналымға енгізілді.
Н.Ә. Назарбаевтың саясатын халықтың осындай қолдауына оның бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы қомақты үлес қосты.
Ассамблея құру идеясын Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халықтарының Бірінші форумында жариялаған болатын. 1995 жылғы 1 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен Ассамблея Мемлекет басшысы жанындағы кеңес беру-кеңесші орган ретінде танылды. Осы қоғамдық институт, кең конституциялық құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болып, республикада тұратын этникалық топтарды біріктірудің күшті құралына айналды.
Тәуелсіздік алған уақыттан бастап Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың толыққанды және беделді мүшесі болды: БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі. Бірқатар жағдайларда Қазақстан қақтығысушы тараптар арасындағы бітімгер ретінде танылды. Қазақстан шекарасын делимитациялау және демаркациялау үлкен жетістіктер болды. Республика қысқа мерзім ішінде барлық шегаралық мәселелерді шешкен әлемдегі сирек кездесетін елдердің бірі болып табылады. Қазақстанның Қарулы Күштері құрылды, шегара қызметі мен кеден органдары ұйымдастырылды. 1992 жылдың қаңтарында әскери стратегия бойынша тұжырымдаманы әзірлеу басталды, ал 1992 жылдың 11 ақпанында әскери доктрина қабылданды. Қабылданған шаралар нәтижесінде қазіргі заманғы талаптарға сай Қазақстанның Қарулы Күштері құрылды. Н.Ә. Назарбаев Қазақстаннан ядролық арсеналдарды шығару саясатын сөзсіз қолдады. Ірі державалардың көшбасшылары Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік шараларын жоғары бағалады. АҚШ Президенті Барак Обама ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік мәселелерінде, Президент Назарбаев әлемдегі үлгілі көшбасшылардың бірі екенін ерекше атап өтті