Казакстаннын казіргі заманғы тарихы


"Қазақстан-2050" стратегиясы



бет30/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Байланысты:
Тарих гос ответы все (1)

63. "Қазақстан-2050" стратегиясы.
2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік
4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі


64.Қазақстан-көпұлтты мемлекет
Біздің елімізде 120-дан астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Олар Қазақстанды өз Отаны ретінде санайды.
Сталиндік тоталитарлық режим жылдарында, мыңдаған саяси тұтқындар Қазақстанға жер аударылды. Ал, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, Кеңес Одағында тұратын көптеген ұлттар біздің жерімізден баспана іздеді. Қазақ халқы, бұл қиын заманда қонақжайлық танытып, оларды жылулықпен қарсы алды.
Қазақтардың саны 2013 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 11млн-жуық адам болған, яғни ел халқының 65,2%-ын құрайды. Елдегі орыс ұлтының өкілдері - 21,8%, өзбектер 3%, украиндар 1,8%, ұйғырлар 1,4%. Салыстырмалы түрде кәрістер, дүнгендер де аз емес.
65.ҚР ұлтаралық келісім
Қазақстан мемлекеті әлемге гуманистік, демократиялық және толеранттылық сипатымен даралана бастады. Мұның айқын бір көрінісі – ұлтаралық татулық пен келісімді ту еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымының өмірге келуі.
Қазақстан халқы Ассам­б­леясы 1995 жылы 1 наурызда ел Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде құрылды. Ассамблеяның басты мақсаты ортақ Отанымыз Қазақстанның өркендеуі мен гүлденуіне өзіндік үлес қосу, қазақстандық патриотизмді, қазақстандық азаматтық біре­гейлікті, бәсекеге қабілетті ұлтты дамытуға, еліміздегі ұлтаралық келісімді қалыпты орнықтыруға қызмет ету болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет