Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі ғ. Ж. Медеуова экотоксикология


  Токсикология  және  токсикометрия



Pdf көрінісі
бет29/122
Дата06.01.2022
өлшемі11,04 Mb.
#15190
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   122
     5.  Токсикология  және  токсикометрия.  Қазіргі  экологиялық 
ғылымда  биосфера экологиясы  және  техносфера экологиясы  деп 
аталатын  екі  таным  саласы  пайда  болды.  Бүгінде  белгілі  барлық 
жаратылыстану-ғылыми  пәндер  міндетті  түрде  осы  екі  саламен 
тығыз  байланысты  болып  отыр.  Осындай  пәндердің  қатарына 
токсикологияны  жатқызамыз,  ал  оның  осы  заманғы  өзекті 
бағыттарының бірі экологиялық токсикология деп аталады. 
     Токсикология  гректің  «toxikon»  –  у  және  «logos»  –  ілім  деген 
сөзінен  шыққан,  бұл  тірі  организмдер  мен  улардың  өзара 
әрекеттесу  заңдарын  зерттейтін  ғылым.  Организмге  еніп,  оның 
өмірлік  маңызды  қызметін  бұзатын  және  оның  тіршілігіне  қауіп 
төндіретін кез- келген химиялық қосылыс у болып табылады. 
     Осынау  оқу  құралы  Қазақстан  Республикасының  Білім  және 
ғылым  министрлігі  ұсынған  экотоксикология  бағдарламасы  мен 
мемлекеттік  стандартына  сәйкес  жазылған.  Мұнда  токсиколо-
гияның  жалпы  мәселелері  –  токсикалық  заттардың  организмде 
қозғалуы  туралы  ілім  негіздері  және  оның  экологиялық 
аспектілері баяндалады. 
     Удың  организммен  әрекеттесуі  заттың  организмге  әсер  етуі 
бойынша  (токсикодинамика)  және  оның  организмде  қандай 
өзгерістер  туғызатыны  (токсикокинетика)  бойынша  зерттеледі. 
Химиялық  заттардың  токсикалық  әсер  ету  аймағын  токсико-
метрия анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет