73
Биосфераның жоғарғы шекарасы Жер бетінен 15-20 км
биіктікте – стратосфера орналасқан. Тіршіліктің бұл шекті
шекарасы ультракүлгін және ғарыштық сәулелермен шектеледі.
Ал төменгі шекарасы 2-3 км тереңдікте литосферада және
гидросферадағы мұхит түбінде (10-12 км) жатады. Биосферадағы
тіршілік негізінен литосфераның жоғарғы бөлігі (топырақ) мен
гидросфераның жоғарғы бөлігінде таралған.
Осылайша, биосфераның орташа қалыңдығы 12 – 17 км, ал ең
көп шамасы 33 – 36 кмден аспайды. Мүнда көрсетілген тіршілік
шекараларының шартты түрде алынып, артығымен көрсетілгенін
есте ұстау қажет. Тірі атаулының нақты тіршілік ету шекарасы
әдетте едәуір қысыңқы болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: