2.13. КВАНТТАЛҒАН МӘТІНДЕР
№ 1 квантталған мәтін тест тапсырмасымен
Ферменттер
Түсінік
Ферменттер – табиғаты белок болып келетін биологиялық катализаторлар, олар тірі ағзаларда биологиялық реакцияларды жылдамдатады.
Ферменттердің әсер ету жағынан бейорганикалық катализаторлармен ұқсастығы
1) активтену энергиясын төмендетеді;
2) энергетикалық мүмкіндігі бар реакцияларды ғана тездетеді;
3) реакциялардың бағытын, тепе-теңдігін өзгертпейді, тек оның тепе- теңдікке жетуін тездетеді;
4) реакция кезінде жұмсалмайды және өнімнің құрамына кірмейді
Ферменттердің жалпы қасиеттері
Ферменттердің жалпы қасиеттері олардың бейорганикалық катализаторлардан айырмашылықтарын көрсетеді:
1) табиғаты белоктық болғандықтан, белоктарға тән қасиеттерді көрсетеді;
2) құрылысы күрделі;
3) жоғары арнайлықтарға ие: субстраттық және әсер ету арнайылығы;
4) өте жоғары биологиялық белсенділікті көрсетеді, ол ферменттің субстратқа деген ынтықтығынан туады;
5) ферменттер өте жайлы жағдайда әсер етеді; (tо = 37- 45о градус, қысым 1 атмосфера)
6) ферменттер – белсенділіктері реттелінетін катализаторлар.
Ферментативтік катализдің механизмі
Ферментативтік катализ механизмінде үш сатыны ажыратады.
1-саты. Фермент-субстрат комплексінің түзілуі. Субстрат активті орталықпен байланысады. Байланыс субстраттың химиялық табиғатына тәуелді. Комплекстің түзілуі иондық, сутектік, гидрофобты байланыс арқылы жүруі мүмкін. Активті орталықтың кеңістіктегі құрылымына қарай субстрат құрылысының да өзгеруі мүмкін.
2- сатысы. Фермент- реакция өнімі комплексінің түзілуі. Активті орталықтың функционалды топтары субстратқа әсер етеді. Субстраттың конфигурациясы өзгеріп, деформацияға ұшырайды, субстрат молекулалары поляризацияланып, субстраттың құрамындағы байланыстар созылып, электрондардың қайта бөлінуі жүреді. Активтендіру энергиясы төмендейді және субстрат ыдырайды. Бұл саты қысқа мерзімді және барлық процесті лимиттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |