2.4. Ферменттің активті орталығы : ӘСЕР ЕТУ АРНАЙЫЛЫҒЫ
2.4.1.Ферменттің активті орталығы (АО) - ол фермент молекуласындағы амин қышқылдары қалдықтары жиынтығының ерекше үшіншілік және төртіншілік құрылымдар арқылы кеңістікте орналасуы (2.1 сур.Н.Грин, Биология,197б.). Көбінесе активті орталықта келесі амин қышқылдары кездеседі: серин, тирозин, аргинин, гистидин, лизин, цистеин,глутамин және аспарагин қышқылдары. АОда субстратты және катализдік аймақтар болады. Субстратты аймақ- бұл ферменттің « қолдары». Ол ферменттің субстраттық арнайылығын қамтамасыз етеді, яғни амин қышқылдары қалдықтарының субстратпен комплементарлы байланысуын қамтамасыз етеді (байланысу бөлігі). Субстрат ферменттің әсеріне ұшырайтын зат. АОның екінші аймағы- каталитикалық аймақ. Ол ферменттің әсер ету ерекшелігіне себепші, яғни катализдейтін реакцияның түрін жеделдететуге жауапты аймақ.
Сурет 2.1. Ферменттің активті орталығының құрылысы Қызыл түспен ферменттің активті орталығын құрайтын аминқышқылдары белгіленген: 1 – байланысу аймағы; 2 – каталитикалық аймақ
2.4.2. Арнайылық- ферменттің биологиялық маңыздылығын көрсететін ең қажетті қасиеттерінің біреуі.
2.4.3. Субстратты арнайылық- ферменттің белгілі бір немесе бірнеше субстратпен әрекеттесу мүмкіндігі.
Субстраттық арнайылықтың түрлері: -абсолютті сустраттық арнайылық, егер ферменттің активті орталығы бір субстратқа ғана комплементарлы болса . Мысалы, аргиназа аргининге, сахараза сахарозаға, уреаза мочевинаға ғана әсер етеді.
Уреаза, мочевинаны көміртек диоксиді мен аммиакқа дейін гидролиздейді.
-салыстырмалы арнайылық (топтық субстратты арнайылық)-егер фермент байланыс түрі бірдей бір топ субстраттарға әсер етсе. Мысалы, альфа- амилаза гликозидтік байланысы бірдей крахмал мен гликогенге әсер етеді, протеаза (пепсин,трипсин,химотрипсин) көптеген пептидтік байланысы бар белоктарға әсер етеді.