Казақстан республикасының денсаулық сақтау


Сонымен бірге ферменттік ансамбльдерді



бет7/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

2.4.6. Сонымен бірге ферменттік ансамбльдерді ажыратуға болады, жалпы олар да мультиферменттік комплекстерге жатады, бірақ құрастырылу принципі біршама өзгеше. Осы комплекске кіретін ферменттер митохондрия мембранасында бекітіліп, белгілі ретпен орналасқан, бір биохимиялық процестің қатаң кезектілігінің шарттарын сақтайды, яғни олар бір- бірінен соң кезекпен әсер етеді, өйткені бір ферменттің субстраты алдыңғы ферменттің әсер еткендегі өнімі болып келеді. Оларға молекулаүстілік жүйелер жатады, олар өмірге маңызды қызметтерді қамтамасыз етеді, мысалы тіңдік тыныс алу (тыныс алу ферменттерінің жүйесі арқылы электрондарды субстраттардан оттекке тасымалдау).


2.4.7.Ағзалықарнайылықты ферменттер (Изоферменттер)
Изоферменттер – бір субстратқа әсер етеді, бір типті реакциялардың жылдамдықтарын арттырады, бірақ әртүрлі ағзалар мен тіңдерде орналасады, ағзалық арнайылықтары болады, молекулалық массасы, заряд мөлшері және басқа да физика-химиялық қасиеттері бойынша ерекшелінеді, сондықтан оларды электрофорез кезінде бір-бірінен бөліп алуға болады. Ферменттердің ағзалықарнайылығы ауруға диагноз қоюда маңызды рөл атқарады, өйткені әртүрлі мүшелердің патологиясында қанға белгілі бір изофермент шығады (2.11.1.бөлімді қараңыз).


2.5.ФЕРМЕНТТЕРДІҢ ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ


2.5.1. Субстрат катализ кезінде ферменттің активті орталығымен байланыса отырып фермент-субстраттық (ES) комплексін түзеді, комплекс химиялық өзгеріске ұшырап фермент-өнім түзеді, ал өз кезегінде фермент пен өнім бөлініп шығады. Катализ процесін схема түрінде былай көрсетуге болады:





өнім

Мұнда,а,



Ферментативті катализді сатыларға шартты түрде былай бөлуге болады (2.3. сур.Е.С.Северин, Биохимия,200б.).


1-сатыда ферменттің активті орталық аймағында субстраттың жақындауымен бейімделуі байқалады. II-сатыда индуцирленген сәйкестік нәтижесінде [Кошланд теориясы бойынша субстрат (S) пен ферменттің активті орталығы конформациясының өзгеруі] фермент-субстраттық комплекс (ES) түзіледі. III-сатыда субстраттағы байланыстар босаңсып, тұрақсыз комплекс фермент-өнім (ЕР) түзіледі. IV-сатыда комплекс (ЕР) ыдырап, активті орталықтан реакция өнімі және фермент бөлініп шығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет