Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Мемлекеттік қызметтің өзіндік белгілері



бет50/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

2. Мемлекеттік қызметтің өзіндік белгілері
Еңбек құқығы ғылымдары жасаған жалпы белгілермен қоса мемлекеттік қызмет өзінің өзіндік ерекшеліктерімен де ерекшеленіп отыр (мемлекеттің міндеттері мен қызметтерінің байланысы, басқару қызметтерін жүзеге асыру, мемлекеттік-билік уәкілеттіктері және т.б.). ол мемлекеттік қызметтің белгілерін (критерийлерін) анықтауға мүмкіндік береді және аталған кәсіби қызмет түрін басқаларынан айыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызмет дегеніміз мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық уәкілеттіктерін орындау бойынша мемлекеттік органдағы қызметі ол мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметін жүзеге асыруға бағытталған'. Аталған анықтама мемлекеттік қызметтің ерекше кәсіби қызмет ретіндегі мына айырықша білгілерін көрсетуге мүмкіндік береді:
а) мемлекеттік қызмет мемлекеттің ел ішіндегі және сыртқы міндеттерін жүзеге асырумен байланысты;
ә) мемлекеттің экономика, әлеуметтік сала мен әкімшіліктік-саяси құрылыс саласын дамыту бойынша міндеті мен қызметі мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік басқару арқылы, кәсіби қызмет арқылы жүзеге асырылады. Ол қызмет жан-жақты, көлемі жағынан кең күрделі басқару көлемі кең. Мемлекеттік басқаруда қоғам мен мемлекеттің барлық мүдделері көрінеді. Мемлекеттің қызметкерлердің осы тұрғыдан алғандағы қызметтері осы мүддені және қажеттіліктерді қанағаттандыруға және әлеуметтік міндеттерді және мемлекет қызметін жүзеге асыруға бағытталған;
б) мемлекеттік қызмет арнайы құрылған аппарат аясында жүзеге асырылады, ол қоғамда басқарушылық қызметтерді жүзеге асырады. Осындай аппаратсыз да жұмыс істеуге болмайды себебі мемлекеттік басқарудың қай саласы болмасын осындай аппаратың болуына зәрі. Мемлекеттің экономика саласын, «әлеуметтік саланы және әкімшіліктік-саяси құрылысты дамытудағы қызметі орган жүйелерінің көмегі арқылы жүзеге асады. Осы органдар алдында тұрған міндеттер, ол оның қызметін анықтайды және мемлекеттік қызметкердің қызметін анықтайды;
в) мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшелігі басқару қызметтері жүзеге асырумен байланысты. Соңғы мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттің міндеттері мен қызметін жүзеге асыру бойынша нақты жұмысының қажеті бағыттары ретінде. Басқару аппаратында мемлекет пен басқару қызметтерінің бірігуі жүреді және мемлекеттік қызметкерлердің нақты қызметтерін құру жүреді. Онда да мемлекеттік органның міндеттері мен қызметі мемлекеттің міндеті мен қызметтеріне сәйкес болуы керек;
г) мемлекеттік қызметкерлер мемлекет атынан әрекет етеді, сондықтан оларға мемлекеттік-билік уәкілеттіктері берілген, ол өзіне жүктелген басқару қызметтерін жүзеге асыру үшін қажет;
д) мемлекеттік қызмет Конституция нормаларына, Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына, жарлықтарына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне қатаң түрде негізделеді. Басқаша айтқанда мемлекеттік қызметкерлердің басқару қызметтері мемлекеттік басқарудағы заңдылық талаптары принципіне сәйкес болуы керек;
е) мемлекеттік қызмет дегеніміз ол практикалық, ұйымдастырушылық қызмет және атқарушылық сипатта. Басқаша айтқанда Конституция нормаларын жүзеге асыру және оған негізделген заңнамаларды тиісті мемлекеттік басқармаларда салада жүзеге асыру.
Мемлекеттік қызметтің мазмұны сол мемлекеттік басқаруды әлеуметтік процестер арқылы тәжірибелік түрде ұйымдастыру, мемлекеттік органдардың тиісті уәкілеттіктері мен қызметтерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
з) мемлекеттік қызмет дегеніміз кең сипаттағы қызмет. Ол мемлекеттік қызметкерлер өзіне басқару барысында жүктелген міндетті жүзеге асыруда заңдық-билік жазбаларды қолдануға құқылы. Бөлу қызметі қажет болған жағдайда басқару актілерін шығаруды көрсетеді (оның ішінде нормативтік-құқықтық), ол арқылы ведомоства ішілік нысандарға мақсатты түрде әсер ету және олардың негізгі қызметтеріне әсер еті қамтамасыз етіледі;
и) мемлекеттік қызмет қайта саясаттандыру сипатта болады. Ол дегеніміз мемлекеттік қызметкерлер өздерінің лауазымдық қызметтерін пайдалану барысында тек заң талаптарын басшылыққа алуға міндетті және өздерін саяси партия шешімдерімен, қоғамдық бірлестіктер мен басқа да орган шешімдерімен байланыстырмауы керек. Мемлекеттік қызметкерлер өздерінің басқару қызметі барысында мемлекет мүддесі мен мемлекет саясатын басшылыққа алады, олар қолданыстағы заңнамада көрсетілген.
Аталған белгілер (критерийлер) бірлестікте мемлекеттік қызметті әлеуметтік мақсаты мен мазмұны жағынан кәсіби түрде күрделі қызмет түрінде көрсетеді. Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшеліктері мемлекеттің міндеттері мен қызметі арқылы көрінеді.

3. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары


Мемлекеттік қызмет ерекше адамдардан тұратын мамандандырылған кәсіби қызмет ретінде қоғамда басқарушылық қызметтерді орындаумен байланысты, ол нақты бір принциптерге негізделген. Соңғы талап ретінде көрінеді, оны сақтау жалпы алғанда мемлекеттік қызмет институтының қызмет етуіне кепіл болады. Онда да мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаттарына негізделеді сонымен қатар мамандандырылған қағидаттарға негізделеді, олар лауазымды тұлғаның кәсіби қызметі мазмұнын көрсетеді. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі мына қағидаттарға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет