Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»



бет10/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
3. Мемлекеттік басқару мектептері
Әлемдік ғылымда мемлекеттік басқарудың әр түрлі мектептері қалыптасқан. Маркстік мектеп класстық тәсілге базаланған және мемлекетті кластар қоғамындағы мемлекеттік саяси биліктегі құрал ретінде қарастырады. Ол класс диктатураны жүзеге асырады, мемлекет көмегімен өз мүддесін қорғап оны нығайтады. Аздаған ғалымдар жалпыхалықтық мемлекет концепциясын қолдайды. Ол мемлекеттік мектепке жақын – ол мемлекетті және оның қызметін тарихи процесті жылжытушы негізгі күш деп санайды.
Мемлекеттік нарықтық экономикадағы рөлі мен орнын анықтау көп даулар туғызып отыр. Осы мәселе бойынша екі ірі ғылыми мектеп және осының базасында көптеген модификациялар құрылып отыр. Бірінші мектеп ағылшын ғалымы Д. Кейнс атымен байланысты (кейнсиандық), екіншісі — американдық экономист М. Фридмен. Аталған ғылыми мектеп көрсетіп отырған құндылықтар қарама-қарсы: кейнсиандықтар мемлекет нарықтық экономиканы реттеуге белсенді араласуы керек деп санайды, ал екінші мектеп мемлекеттік биліктің нарықтық экономиканы реттеуге белсене араласуына қарсы.
Сонымен қатар кейнсиандық деп мемлекеттік дирижизмді де атайды. Мемлекет дирижер ретінде (менеджер) және нарықта белсенді саясат жүргізеді, себебі нарық өзін-өзі бағыттауға мүмкіндігі жоқ, макроэкономикалық теңдікті қамтамасыз етпейді ол реттеуге зәру. Теңдікті орнатудағы негізгі фактор ол сұраныс болып табылады, оған мемлекет әр түрлі тетіктері арқылы әсер етеді. Ол ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік даму мақсаттарын құрады, олардың иерархиялық деңгейлері бойынша теңдіктер құрады, экономика салаларын басқарады, олардың арасындағы қатынастарды бақылайды (пропорцияны) белсенді қаржы-кредиттік салықтық саясат құрады, бағаны бақылайды және шығындарды бақылайды. Сұранысты арттыру үшін инвестицияларды тартады, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді; салықтық салымдар қоғамның көп қамтылған қоңды өкілдеріне ауыстырылады, (тұтынушыларды ынталандыру), мемлекеттік сатып алу көлемі арттырылады және қор артады, ол тіпті бюджеттік дефицит артуына қарамастан ол қуаттың жүктемесін арттырады. Кейнс әдісі директивтік жоспарлаудан сапасы жағынан емес, саны жағынан ерекшеленеді. Сондықтан: Кейнс, экономикалық өсудегі теориясын дамытуда Маркстің оқуларына және КСРО тәжірибесіне негізделгені таңқаларлық емес.
Батыстағы дағдарыстық жағдайда кейнсиандық әдіс жақсы қолданылды. Мысалы, 1980 ж. Дағдарыс туындағанда және АҚШ инфляцияда мемлекеттік шығындар күрт артты, салық төмендеді, бюджеттік дефицит рекордтық жоғары деңгейге жетті, алайда осы жағдайда экономика гүлденді. Реттеу әдістері алмасу теңдеуі формуласынан шығады:
МV= РQ ,
Онда М — қаржы ұсыну, V — қаржының айналыс жылдамдығы, Р — баға деңгейі, Qтауардың физикалық көлемі.
Ережеден шығатыны, баланстылық жағдайы ол тұрақты қаржы жүйесі және еркін бәсекелестік болып табылады, осы бағыттың жақтастары инфляциялық мемлекеттік шығындарға қарсы, яғни мемлекеттік инвестицияны шектеуге, әлеуметтік бағдарламаларды, субсидияларды, қаржы эмиссиясына нақты лимиттерді шектеуге және мемлекеттік қарызды шектеуге, тауар мен қызмет бағасын арттыруды шектеуге, еңбекақыны кемітуді шектеуге шығынды кемітуге тұтынушылар сұранысына экспортты ынталандыру арқылы ұлттық валютаны девальвациялауды шектеуге қарсы.
Бүгінгі күні мемлекеттік басқарудың қазіргі заманғы міндеттерін анықтау үшін "Public management"(мемлекеттік менеджмент) термині пайдаланылады, ол мемлекеттік секторда қазіргі заманғы технологияларды басқаруды пайдалану қажеттілігін арттыру үшін және нарықтық қатынастардың артып келе жатқан рөлін көрсету үшін қажет.
Мемлекеттік басқарудағы алғашқы менеджериалдық көзқарасты ұстанушылар Дэвид Осборн Тед Геблер (АҚШ) өзінің "Үкіметті қайта құру» танымал еңбегінде (Reinventing Government") басқарудың бюрократиялық моделін сараптаған болатын, ол федералдық және жергілікті деңгейлерде қажетті және мүмкін деген қайта құруды бөлшектеп көрсетіп берді.
Мемлекеттік басқарудағы қайта құру 10 негізгі принципке негізделген:
1. Басқаруды ынталандырушы: түртпектеу емес басқару.
2. Қоғамға бағытталған басқару: қызмет ету емес уәкілеттілік беру.
3. Бәсекелестік басқару: қызметті ұйымдастыруда бәсекені пайдалану.
4. Өз миссиясын алға тарта отырып басқару: ереже мен нормаларды басшылыққа алатын ұйымды қайта құру.
5. Нәтижеге бағытталған басқару: енгізудің орнына нәтижеге басымдық беру.
6. Тұтынуға бағытталған басқару: бюрократия емес тұтынушының бастапқы тұтынулары.
7. Кәсіпкерлік басқару: тонаудың орнына көбейту.
8. Көрегендікпен басқару: терапияның орнына алдын алу.
9. Орталықсызданған басқару: қатысу иерархиясы мен командадағы жұмыс орны.
10. Нарық туралы басқару: жүзеге асырылуы көптеген зерттеушілер үшін және мемлекеттік қайраткерлер үшін соңғы мақсаты қазіргі заманғы әкімшіліктік реформа нарықтық негізде ақырындап өзгеру болып табылатын мемлекеттік басқарудағы бюрократиялық және менеджериалдық модельді салыстырамыз, (11 кесте) салыстыру критерийін әкімшіліктік реформаның танымал зерттеушісі М Берзелерзелей анықтап берді.
Мемлекеттік қызметтегі менеджмент ретінде мемлекеттік қызмет аясындағы басқаруды түсінеміз, осы басқару туралы ғылымды, басқару өнерін және тиісті дағдылар жинағын, мемлекеттік басқару қызметкерлерін түсінеміз. Мемлекеттік басқарудағы менеджмент өзінің негізгі қызметтері арқылы жүзеге асырылады: жоспарлау, ұйымдастыру, координация, мотивация және бақылау. Басқарушылық еңбекті бөлу мекемеде құрылымында бекітіледі, ал қайталама және стандартты әрекеттері басқарушылық процедураларында бекітіледі.
Қазақстанның мемлекеттік қызметін қайта құру үшін дамыған елдердегі мемлекеттік менеджментің даму қарқынын зерттеу қажет және бірінші кезекте АҚШ, Жапония сияқты әлемдік көшбасшы елдер тәжірибесі зерттелу керек. Мемлекеттік қызметкерлердің сапасының жоғары болуының арқасында осы елдер әлемдік қоғамдастықтан алдыңғы қатардағы орын алып отыр. Қазіргі заманғы Жапониядағы мемлекеттік қызметтің екі басты көрсеткіші бар: минималды баға және максималды тиімділік. Тиімділікке әкімшіліктік органдар мен министрліктер көлемін кеміту арқылы қол жеткізіп отыр (әдетте шамамен он шақты), сонымен қатар әрбір мемлекеттік қызметтегі қызметкерлер санын кеміту арқылы қол жеткізіп отыр. Арнайы ереже бар, онда биліктегі партиялар немесе коалициялар үкімет ауысқан жағдайда министрлікке үшеуден артық жақтастарын сайлай алмайды (министр және екі орынбасары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет