Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»



бет18/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Тікелей мемлекеттік басқару

Экономиканы мемлекеттік басқаруда екі бағытты бөліп қарастырамыз, олар көбіне айырмашылықтары жоқ, алайда оларың арасында принципиалды айырмашылықтар бар. Мемлекеттік басқарудың осы нақты бір деңгейін тікелей мемлекеттік басқару және экономиканы мемлекеттік реттеудегі жанама түрдегі басқару деп аталады.
Тікелей мемлекеттік басқару мемлекеттік меншік нысандарына жүргізіледі және осы нысандарды басқару әсерлері арқылы және онда болып жатқан процестерге уәкілеттілігі бар мемлекеттік басқару органдары тарапынан әсер ету арқылы көрінеді. Осындай нысандар мен процестерге қатысты мемлекет олардың қызмет етуін мемлекеттік жоспарға сәйкес болуын, басшыны жалдап алуды талап етуге, тағайындауды және ауыстырды, құру мен жоюға, нысанды сатып алуға және оны сатуға, табыстан үлесін алуға құқылы.
Мемлекет тікелей басқару аясында өз нысандары арқылы мемлекеттік емес, коммерциялық құрылымдармен және ұйымдармен өз нысандарын басқару уәкілеттіліктерін табыстауға құқылы, нақты бір мерзім аралығында мемлекетке тиімді болатын өзінің негізгі құқықтарын сақтай отырып және басқаруды жеке өз қолына қайтару құқығын сақтай отырып трасттық басқаруды енгізуге құқылы. Екінші жағынан тікелей басқару нысандарына қатысты мемлекет кәсіпорынның, ұйымның басшысы ретінде, егер де ол жағдайға қатысты қажет болатын болса өзінің уәкілетті тұлғасын тағайындай алады (әдетте басшылар жалданып алынады).
Тікелей мемлекеттік басқару нысандары мыналар болып табылады, мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік бюджет қаржысы, мемлекеттік акция пакеттері, пайдалы қазбалар, тарихи ескерткіштер, ұлттық қор. Тікелей мемлекеттік басқарудың құралдарына мыналар жатады, мемлекеттік стандарттар оларды сақтау міндетті.
Тікелеймемлекеттік басқару нысандары — ол мемлекеттік биліктің негізгі атқарушы органдары кем дегенде заңнамалық және сот органдары, соңғылары басқарудың бақылау, төрелік қызметтерін орындайды.
9. Жанама мемлекеттік басқару
Нарықтық қатынастарға көбінесе мемлекеттің шаруашылық қызметтеріне тікелей емес жанама әсері сәйкес келеді. Жанама мемлекеттік басқару дегеніміз мемлекеттің шаруашылықтық нысандарына әсері болып табылады: кәсіпорынға, компанияларға, ұйымдарға, кәсіпкерлерге анықталған норма, ереже, шектеулер арқылы әсер ету олар экономикалық жеке қызмет барысында тікелей орындауға жатады. Жанама басқару заңнама қабылдау және басқа да нормативтік актілер қабылдау формасында көрінеді, олар шаруашылық етуші нысандардың экономикалық қызметтерін реттейді. Сонымен қатар жанама түрдегі мемлекеттік басқару жағдайы, сонымен қатар экономиканы мемлекеттік реттеу деген атпен таныс.
Экономиканы жанама түрде мемлекеттік реттеу заң қабылдау арқылы ғана емес сонымен қатар оны орындау мен орындауды бақылау арқылы да жүзеге асырылады сонымен қатар оны толықтырушы нормативтік актілерді шаруашылық қызметтерді, экономикалық қызметтерді реттеуші қаулылар, нұсқаулықтар, ережелер мен нормалармен толықтыру арқылы жүзеге асырылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Вебер М. Политика как призвание и профессия //Избр. произведения. М.: Прогресс, 1990. С.665.
2. И.А. Василенко. Административно-государственное управление в странах запада: США, Великобритания, Франция, Германия.-Москва.: «Логос», 2001.
3. Гумплович. Л. Общее учение о государстве / СПб., 1910.- с.47.

5 Лекция тақырыбы. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару.


1. Басқару әлеуметтік институт ретінде.
2. Мемлекеттік басқару механизмі: түсінік, мазмұн, құрылым.
3. Мемлекеттік және қоғамдық қатынастардың бірлігі мен қатынастары .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет