Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Оперативтік, тактикалық және стратегиялық басқарулар



бет15/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58
5. Оперативтік, тактикалық және стратегиялық басқарулар
Басқару шешімінің орындалу мерзіміне қарай басқару оперативтік, тактикалық және стратегиялық болып бөлінеді.
Оперативтік басқару ағымдағы немесе мәселені теріс көрсету нәтижесіндегі туындаған мәселені шешуге арналған. Ол нақты, көлемдік түрде өлшенетін бағыттарды (міндеттерді) алға қояды және қалыптасып отырған жағдайға байланысты таңдалатын нұсқаны жағдаяттық тәсілді пайдаланады.
Стратегиялық басқару елді дамыту мәселесіне қатысты немесе жекелеген салаларды, аумақты дамытуға қатысты мақсаттар мен міндеттерді анықтайды, әрбір басқару звеносының әрекет ету бағытын анықтайды. Стратегиялық басқару терең негізделген және жалпы саяси курсқа байланысты немесе қандайда бір бағыттың доктринасына байланысты және саяси курсты жүзеге асырады.
Жалпы экономикалық өсудің, тұрақтылықтың стратегиясын, дағдарысты (туршілік ету) жою стратегиясын, құрылымдық, салалық қайта құруды жүзеге асырады: материалдық-шикізаттық қорды, ғылыми сыйымдылығы мол өндірісті дамытуды, космосты игеруді және басқаны жүзеге асырады; функционалдық қызметі: дағдарысты басу, инвестиция тарту және т.б.
Басқарудың негізгі стратегиясы стратегиялық жоспар, концепциялар және басқа да құжаттар болып табылады, олар ұзақ мерзімдік мақсатқа қол жеткізу әдістерін көрсетеді. Стратегия максималды түрде түсінікті және сенімді болуы керек. Ол таңдалады сондықтан басқаларға қарағанда артықшылығы бар бірнеше мүмкін деген нұсқадан барлық қызметтер бойынша құрылады. Мысалы, арзан шикізат ресурстарының, сирек кездесетін пайдалы қазбалардың болуына байланысты, ғылыми сыйымдылығы мол жекелеген өндірістерді дамытудағы жетістіктерге стратегия жасалады.
Стратегиялық басқару мемлекеттік биліктің әр түрлі органдарының күшін сенімді түрде координациялауға мүмкіндік береді, теріс және оң факторларға, қауіптер мен тәуекелге жауаптылар альтернативті таңдауға, ресурсты бөлуге жауаптыларды есепке алады.
Тактикалық басқару стратегиялық анықтауларды жүзеге асыру үшін нақты әрекеттерден көрінеді. Онда сенімді ақпарат базасында стратегиялық жоспар көрсеткіштері нақты бір мерзімде қол жеткізілген нәтижелермен салыстырылады. Егер де көңілге қонарлық болмаса, онда осы жағдайды түзету бойынша шаралар қабылданады. Аталған шараларға бұрын анықталмаған бақыланбайтын факторлар анықталған болса оны қайта қарау қосылады. Әрекетті түзету үшін оны бақылау үшін, икемділігін тудыру мен ойлау көлемділігі үшін тактикалық басқарудағы барлық қатысушылардың бастамашылығын тудыру үшін дұрыс уақытты таңдау маңызды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет