2.5 Әкімшілік-мемлекеттік мекемелердегі бюрократия және бюрократияшылдық
Бюрократия термині (фр. Bureau – мекеме, ал лат. Kratos - билік) бір-біріне қарама-қарсы түсінік және әртүрлі түсіндірмелері бар, сондай-ақ қазіргі қолданылып жүрген мағынасына да қарама-қарсы. Бюрократия мәселесімен айналысқан өткен ғасырдағы атақты Макс Вебер болды, ол қоғамның барлық жақтарына қолданылатын ортақ ұйым теориясын ойлап тапты.
М.Вебердің ойынша бюрократия - басқару формасы емес, тұрақты негізде қолданылатын арнайы дайындалған мамандар мен ережелер негізінде жазылған әкімгершілік жүйе.
М. Вебердің айтуынша, басқарудың бұл түрі Пруссия сияқты бюрократиялық мемлекетте пайда болғанымен, ол барлық саяси жүйеге қолдануға негізделген. Бюрократияның араласуы, Вебердің келісімінше, мемлекет капиталистік экономиканың дамуымен тығыз байланысты болды, бірақ әкімшілік қажеттіліктер әдеттегі қаржымен қанағаттандырылмады.
Вебердің ойынша бюрократияда орташа азаматтар бюрократқа «қарсы шықпайды» жоғары құрамдастырылған авторитарлық қоғамға қызмет етеді. ХХ ғасырдың аяғында Еуропа мен Америкадағы демократиялық елдер олар тіптен басқа қоғам, оларда азаматтар, заң шығарушылар, мемлекеттік- әкімгершілікті жасқанбай сынға ала алады, жоғарыдағы мемлекеттік қызметкерлердің істерін тексеріп түсіндіретін комиссия құруды талап етеді [19].
Динамикалық үрдіс бойынша әлеуметтік өзгерістер ХХ ғ. аяғында мамандандырылған мемлекеттік қызметкерлер мен бастықтардың жаңа сапа мен ізденістерді талап етті. Олар жаңа әдістер мен мемлекеттік ұйымдарды реформалаудың жаңа түрлерін білуге, инновациялық үрдістерді басқару мүмкіндігіне ие болуға, бюрократиялық құрылымның әлеуметтік және ұйымдық жағдайдың селқостығының алдын алуға міндетті. Осыған байланысты саяси теорияны басқаруды, саяси шиеленісін сараптауға, шешім қабылдау теориясын, әлеуметтік болжамдауды білуі керек. Барлық бағдарламалар студенттегі оқымыстылық, мамандық және лидерлік қабілеттіліктерін дамыту мақсатында біріктірілген.
Вебердің айтуынша бюрократияның «мінсіз моделінен» қазіргі әкімгершілік-мемлекеттік қызмет моделі ерекшелігі жағынан өте күрделі. Оның негізгі дәлелі, ХХ ғасырдың аяғындаға ҒТР мен жаңа ақпараттық технология басқарушылық үрдіске аса мән берді. Мұндай технологиялар басқару қызметін рационализациялауда қажетті құрал ретінде қолданылды, онсыз қазіргі әкімгершілік-мемлекеттік басқару жүйесін елестету мүмкін емес.
ХХ ғ 90 жж. әкімгершілік-мемлекеттік қызметтің негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетейік:
әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық диагностикалардың қазіргі әдістерін пайдалана отырып мемлекеттік бағдарламаларды құрастыру, іске асыру және бағалау, бейнелерді теңестіру және тану, компьютермен өңделген мәліметтерді реттеу (әлеуметтік үрдістерді математикалық үлгілеу әдісінің көмегімен басқарушылық шешімдерді жергілікті, аймақтық және ұлттық деңгейде құрастыру).
қоғамдық құбылыстардың дамуындағы жағымды және жағымсыз беталыстарды болжау және тәжірибелік қызметтерге тіркеу, жергілікті мерекелерді құрастыру және жетіспеушіліктерді жою.
аудан, аймақ, мемлекеттердің жағдайының ерекшеліктерін әлеуметтік, саяси және экономикалық көрсеткіштерді талдау, жүйелеу.
тиімді басқару шешімдерін іздеу және сол шешімдерді қабылдау үшін облыстарда әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық үрдістерді меңгеруге байланысты эмпирикалық зерттеу жүргізуді ұйымдастыру және өткізу.
әлеуметтік, саяси, экономикалық және ғылыми мәліметтерге қажетті жаңа әдістерді қолдануды іздеу, өңдеу, сақтау және пайдалану.
Әкімгершілік-мемлекеттік басқару стилі де біртіндеп өзгереді. Егер шенеуніктер сол ғасырдың басында тәуекелден қашса, өзгерістерді қаламаса, әкімшілік жазадан қорқып қателік жасамаса, ХХ ғасырдың аяғында әкімгершілік-мемлекеттік басқару стилі міндетті түрде өзгеретін еді. 90 жылдардағы М.Вебер үлгісі бойынша «мінсіз бюрократ» пен мемлекеттік аппараттағы қазіргі «мінсіз» шенеуніктерді келесі кестеден салыстырмасын көруге болады:
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Вебер М. Политика как призвание и профессия //Избр. произведения. М.: Прогресс, 1990. С.665.
2. И.А. Василенко. Административно-государственное управление в странах запада: США, Великобритания, Франция, Германия.-Москва.: «Логос», 2001.
3. Гумплович. Л. Общее учение о государстве / СПб., 1910.- с.47.
4. Нерсесянц B.C. Общая теория права и государства. М., 1999. С. 78.
№7Лекция тақырыбы. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
1.Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру
2. Мемлекеттік органның негізгі классификациясы
3. Мемлекеттік орган құру реті
4. Мемлекеттік органның құзыреті
Достарыңызбен бөлісу: |