Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Мемлекеттік орган құрудың принциптері



бет25/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
4. Мемлекеттік орган құрудың принциптері
Басқару мен мемлекеттік практикада мемлекеттік органның құрылымын құрудың нақты бір принциптері қалыптасып отыр және осының негізінде осы құрылымның типологиясы жасалған.
Мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі ұйымдастырушылық-техникалық принциптері ретінде желілік, қызметтік және желілік-қызметтікті санау қабылданып отыр. Мемлекеттік практикада олар басқарушылық еңбекті бөлу формасына сәйкес және әрбір орган ішінде қалыптасып отыр. Оларға мемлекеттік органның үш түрі сәйкес келеді: желілік, қызметтік және желілік-қызметтік1. Осы аталған түрлердің әрқайсысының өз ерекшеліктері мен сипаттары бар. Ол бір жағынан мемлекеттік орган ішіндегі құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекеттестігі сипатына ал екінші жағынан сыртқы ұйымдармен өзара әрекеттестік сипатына байланысты. (төменгі, жоғарғы және т.б.).
Мемлекеттік органның жұмысының тиімділігінің басты талабы ол бөлімшелердің желілік және қызметтік құрылымдар құзыретін дұрыс анықтау болып саналады онда бірінің бірі жұмысына аралау болмауы керек. Сонымен қатар қызметтік жұмыстарды көрсету барлық жұмысқа қатысы жоқ арнайы ортаға байланысты болуы мүмкін. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің желілік бағыныштылығы олардың сипаты мен өзіне тән ерекшеліктерін құзыретін есепке алғанда ұйымдастырушылық кестеге сәйкес болады. Әрбір қызметкер өзі кімге тікелей бағынышты болатынын білуі керек және кім оған нұсқау беретінін білуі.
Мемлекеттің сыртқы функциялары – бұл мемлекеттің халықаралық аренадағы қызметінің негізгі бағыттары:
қорғаныстық – мемлекеттің сыртқы қауіп-қатер мен әскери агрессиядан қорғануы; БҰҰ арқылы, соның шеңберінде реттеп, шешуді қарастыру және әр мемлекеттің өзінің бейбітшілік саясатын дамытып, нығаюы керек.
дипломатиялықбасқа мемлекеттермен, халықаралық құқық субъектілерімен, халықаралық аренадағы елдердің өкілдіктерімен қалыпты қатынасты ұстап тұру. Барлық мәселені бейбітшілік жолмен шешу. Бұл байланыс үш түрлі деңгейде жүргізіледі: парламентаралық, үкіметаралық және жергілікті басқару аппараттарының байланысы. Бұл тұрғыдан мысалға Еуропалық Одақты және тәуелсіз мемлекеттердің достастығын айтуға болады.
сыртқыэкономикалық – халықаралық аренадағы мемлекеттермен және мемлекеттер тобымен өзара пайдалы экономикалық ынтымақтастықтың дамуы, халықаралық еңбек бөлінісіне, жаңа технологиялар айырбасына, тауар айналымын бақылауға, несие-ақшалық қатынастар байланысының дамуына қатынасуы. Қазіргі заманда мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға, байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми-зерттеулер жүргізу, т.б.
сыртқы саяси – ғаламдық шиеленістерді болдырмау мақсатында халықаралық құқықтың жалпы нормаларын ұстап тұрумен байланысты функция;
мәдени-ақпараттық - өзара ақпараттық айырбас және мемлекеттер арасындағы мәдени ынтымақтастық. Ғылыми-техникалық мәдени жетістіктерді пайдалану, алмастыру және т.б. бұл жұмысқа мемлекеттік емес ұйымдар да кеңінен қатысып жүр. Мысалы, дүниежүзілік демократиялық әйелдер, жастар, студенттер, архитекторлар, суретшілер, сазгерлер одағы; халықаралық ғылым одақтарының кеңесі; БҰҰ Юнеско Комитеті.
ғаламдық ынтымақтастық – қазіргі заманғы ғаламдық проблемаларды шешудегі ынтымақтастық; мысалы, экологиялық, энергетикалық, демографиялық, адамдардың сауатсыздығын жою, дүниежүзі халықтарының денсаулығын, әлеуметтік жағдайын жақсарту және т.с.с.
Жалпы алғанда мемлекет қоғамның өмір сүру қызметін ұстап тұруда түрлі функциялар атқарады және де олардың барлығы басқарумен байланысты, басқару жүйесі мен аппараты арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет