Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


VIIІ-ХІХ ғғ. қадим жүйесімен жазылған



Pdf көрінісі
бет125/287
Дата07.01.2022
өлшемі1,76 Mb.
#20525
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   287
VIIІ-ХІХ ғғ. қадим жүйесімен жазылған 
қазақ қолжазбалары
1) 1732   жылғы   Әбілхайыр   ханның   патша   атына   Таукелев
арқылы жазған хаты;
2) Әбілхайыр   ханның   Ресей   патшасы   Елизаветаға   1742
жылы жолдаған хабарламасы;
3) Абылай   сұлтанның   Сібір   губернаторы   Сухаревқа   1745
жылы жазған хаты;
4) 1748 жылғы кіші және орта жүз старшиналарының патша
атына Нұралыны хан қылып бекіту жайында жазған өтініші;
5) Тіленші Бөкенбай ұлының 1783 жылы Шерғазы сұлтанға
жолдаған хаты;
Бұл мәліметтер Г.Мамырбекованың жоғарыда аталған зерттеу еңбегінде 
көрсетілген.
6) Кіші жүз старшиналары мен ақсақалдарының 1785 жылы
І Екатеринаға жазған хаты;
7) Нұралы ханның 1785 жылы Игельстромға жазған хаты;
8) 1785 жылғы кіші жүз ақсақалдарының Әбілхайыр балала-
рын хандықтан аластауын сұрап ІІ Екатеринаға жазған хаты;
9) Ералы   сұлтанның   Нұралы   хан   мен   Айшуақ   сұлтанды
тұтқыннан   босатуын   сұрап   полковник   Д.А.Гранкинге   1787
жылғы 4 тамызда жазған өтініші;
10 Қара Көбек би мен Шұбар бидің Орал казак әскерінің
атаманы Д.Дансков пен Сібір және Уфа өлкесінің губернаторы
А.А.Пеутлинді   орнынан   алуын   сұрап   А.А.Безбородкоға   1790
жылы жазған хаты;
11) Сырым Датовтың 1790 жылы ІІ Екатеринаға жолдаған
хаты;
12) Тіленші   Бөкенбайұлының   Айшуақ   сұлтанның   Орал
казак әскерімен бірігіп қазақтарды тонағаны туралы Шерғазы
сұлтан Қайыпұлына 1793 жылы жазған хабарламасы;
13) Кіші   жүз   сұлтандарының   1794   жылы   ІІ   Екатеринаға
жазған өтініші;
14) Айшуақ  сұлтанның ішкі істер министрі В.П.Кочубейге
1803 жылы жазған хаты;
15) Кіші жүз сұлтандары мен старшиналарының 1803 жылы
қабылдаған анты;
16) 1808 жылғы Қаратай ханның Орынбор шекара комиссия-
сына жолдаған хаты;
17)Айшуақ   ханның   император   І   Александрға   Жантөре
ханның   өлгенін   мәлімдеп   Шерғазы   Айшуақұлын   хан
тағайындауын өтініп 1809 жылы қарашада жазған хаты;
18) Бөкей   ордасы   сұлтандарының   Шөке   сұлтанға   Бөкей
ханның өз ұлы Жәңгір сұлтанды тақ мұрагері деп өсиет еткен-
дігін мәлімдеген 1815 жылғы 25 маусымда жазған хаты.
19) Шерғазы   ханның   К.В.Нессельродке   Бөкей   Ордасы
сұлтандарының Орал маңындағы далаға көшуіне рұқсат сұрап
1821 жылы 5 тамызда жазған хаты;
20) Орта   және   кіші   жүз  сұлтандарының  Шерғазы  ханның
орнына   Арынғазы   сұлтанды   хан   қоюын   сұрап   губернатор
П.К.Эссенге 1817 жылғы 6 тамызда жазған өтініші;
21) Шерғазы   ханның   сыртқы   істер   министрлігіне   гу-
бернатор   П.К.Эссен   мен   шекара   комиссиясының   төрағасы
Г.М.Веселицконың үстінен жазған 1819 жылғы қыркүйектегі
арыз-шағымы;
170
171


22) Шерғазы   ханның   император   І   Александрға   Арынғазы
сұлтанның өзіне жасаған шабуылы туралы 1820 жылы қаңтарда
жазған хабарламасы;
23) Арынғазы сұлтанды Ордаға жіберуін өтініп билер мен
сұлтандардың 1822 жылы І Александрға жазған өтініші;
24) Шерғазы сұлтанның К.В.Нессельродке Арынғазы сұлтан
мен   Қара   Жігіт   молданы   Петербордағы   қамаудан   шығаруын
сұрап жазған 1822 жылғы қазандағы өтініші;
25)
Байұлы руының  атаман  Д.М.Бородинге  қазақ  арасындағы
дау-дамайдың   Арынғазы   сұлтанның   Ресейде   тұтқындалуынан
кейін бірден өршіп кеткенін жазған 1822 жылғы мәлімдемесі;
26) 1822 жылғы 24 желтоқсанда жазылған Жоламан Тіленші
және би, старшина, батырлардың Орынбор әскери губернаторы
П.К.Эссенге Арынғазы сұлтанды босатуын және Елек пен Орал
өзені аралығындағы жерді қазақтарға қайтаруын сұрап жазған
өтініші;
27) Кіші жүз сұлтандарының губернатор П.К.Эссенге Орал
бойындағы қазақтарға Жәңгірді хан сайлуын сұрап 1824 жылғы
3 қаңтарда жазған өтініші;
28) Қаратай ханның губернатор П.К.Эссенге 1825 жылғы 22
қазандағы мәлімдемесі;
29) Әбілхайыр   ханның   патша   атына   1832   жылы   Таукелев
арқылы жолдаған хаты;
30) Қарабай ұлының 1835 жылы генерал Минске жолдаған
арызы;
31) Махамбет Өтемісұлының 1839 жылы Хиуадан жолдаған
хаты;
32) Сұлтан   Т.Саматовтың   1845   жылы   Н.И.Ильминскийге
жазған хаты;
33) 1852 жылғы Орынбор шекара комиссиясының жергілікті
әкімшілік орындарына жолдаған нұсқауы;
34) Тілмаш
 
Ш.Көшербаевтың
 
1859
 
жылғы
Н.И.Ильминскийге жазған хаты;
35) Н.И.Ильминскийдің 1859 жылы Самрекеге жазған хаты;
36) Шыңғыс Уалихановтың 1860 жылы Шоқанға жазған
хаты;
37) Шоқанның 1860 жылы әкесіне жазған хаты;
38) Ы.Алтынсариннің  1883  жылы  Б.Кейкинге  жолдаған
хаты;
39) Абайдың қатысуымен 1885 жылы Қарамолада жасалған
ережелер;
40) Генерал Таубенің 1890 жылғы бұйрығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   287




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет