диглоссия деп тануға болады. XIX-XXғасырларда гомогенді
диглоссия жағдаятты ағарту ісін қалың бұқараға қарай бұру
ісіне қиындық келтіре бастады. Жазу-сызуды аз ғана топтың
емес, жалпы жұршылдық игілігіне айналдыру мақсаты тұрды.
Жалпы жұртшылдықтың сөйлейтін тілінен, оқыған сауатты
адамдар қолданатын кітаби тіл жүйесінің едәуір айырмасы
болды. Осымен байланысты барлық ағартушылыр алдында екі
түрлі бағыт тұрды. Бірі-бұрынғы кітаби тілдің жазу жүйесін
өзгертпей –ақ халықтық тілдің элементтеріне кеңіне жол ашу;
екіншісі-жазу-сызуды ауызша тілдің жүйесіне лайықтап жасау,
яғни жазу-сызу жүйесін түбегейлі реформалау еді.
Қазақ қоғамындағы араб жазулы рухани дүниенің бәрін ‹‹та-
тарша››, «тілі шұбарланған», «таза емес», араб, парсы
сөздерімен шұбарлаған деп, қазақтың ескі жазба тілі (кітаби
тілі) деп атала-тын рухани-мәдени феноменді халық тіліне
қарсы қойды. Бірін даттап, екіншісін мақтады.
Қазақтың ескі кітаби тілінің құрылым жүйесінде кездесетін
а) архаикалық белгілерді, ә) қарлұқ-ұйғыр, б) оғыз-қыпшақ, в)
қыпшақ элементтерін, г) орфографиялық шарттылықтардың
бәрін «татардікі», «қазақтікі» емес деп уағыздайды. Сол
уағызға ерген кейбір қазақ оқығандары қазақтың ескі жазба
тілін «татар-щина», «арабщина» деп жағымсыз реңмен атады.
Араб әліпбиіндегі әріптер дауыстыларды таңбалауға кедей
болса, орыс әліпбиі дауыссыздарды таңбалауға жеткіліксіз бо-
лып шықты.
Бірақ сол үлгілердің бәріне ортақ кемшілік-қазақ тілі
фонологиялық жүйесінің жыға танылмауымен байланысты еді.
Сонымен, қазақ жазуына реформа жасаушылардың алдында не-
гізінен мынадай басты міндеттерді шешу күн тәртібінде тұрды:
қазақ жазу-сызу қай тілдің графикалық формасы болуы керек?