11-дәріс. Қазақ жазуындағы емле ұстанымын таңдау қағидаты (Байтұрсын принципі) А.Байтұрсынұлының тіл біліміндегі алатын орнын белгілі
ғалым Н.Уәли бір сөзбен былай деп түйген еді: “Жалпы тіл
білімінде тұңғыш фонолог деп әдетте әліпби түзушілерді атай-
ды (олардың фонологиялық зерттеу жазуы шарт емес). Олай
болса қазақ тіл біліміндегі алғаш фонолог – А.Байтұрсынұлы”.
А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің өзге салаларындағы
еңбегі бір төбе болса, әліпби, жазу теориясы, емле жайындағы
еңбегі бір төбе. Оның ішінде қазақ жазуының емле ұстанымын
айқындаған алғашқы ғалым.