у таңбаларымен беруді қабылдайды.Бірақ С.Аманжолов
керісінше, қазақ әліпбиін өзгерту “қазақ тілі дыбыс-тарына
арналған әріптердің керексізі бар ма”, “алфавит сиқын
бұзып тұрғаны жоқ па”; “орыс әріптері толық қолданылып жүр
ме” деген бағытта жүруі керек дейді. Автордың ойынша, ә әрпінің қызметін я әрпі де атқара алады (Куляш, сіря, Жамиля);
к, г-ге аяқталған термин сөздерге соңғы буынның жуандығына
байланысты жуан қосымша жалғау, біріккен сөздерді кіріктіріп
жазбау ақкөңіл, асырасілтеу сияқты сөздерді бірге жазу уәжді.
Сондай-ақ С. Аманжолов әліпби тәртібін өзгертуге қарсы бол-
ды. Ғалым әріп ретін өзгерту алфавиттің қосалқы – нөмірлеу
– қызметіне кедергі болады деді. Және қосар дыбыстарды бір
таңбамен беру морфологиялық принципке сай емес, сөздің ай-
тылуы мен жазылуын алшақтады. к, г-ге біткен орыс сөздеріне
жіңішке қосымша жалғау орыс тіліндегі сөздердің айтылуын
бұзады деді. Осы екі бағыттың соңғысының ұсынысы ескеріліп