Жарты дауысты дыбыс (А.Байтұрсынұлы,Тіл тағылымы,
179б.), шала дауысты (Қ.Жұбанов, Қазақ тілі жөніндегі
зертте-улер, А., 2010. 59б.) деп ХХғ. басында анықталған <у>
фонема-сы А.Байтұрсынұлының «Сауат ашқышында» (1926ж.)
бір ғана таңбамен беріледі: тану, салу.
Қазақ тілші ғалымдары және әліпби жобасын ұсынушы өзге
де тұлғалар жаңа графикаға көшуде у,и әріптеріне қатысты
1929 жылғы графиканы қабылдағанда қазақ жазуын тілдің
дыбысталуына жақындатамыз деп шешеді. Бірақ қазақ жазуы
– фонологиялық жазу. Осы сипатын көпшілік фонетикалық
жазу деп қабылдайды.
Сондықтан қалай жазылса, солай оқылу нормаға айналған
бүгінгі қазақ жазба тілі мен ауызша тілінің арасындағы
ажырағысыздықты жазба тіл арқылы реттемесе, енді бір 20 жылда
қазақ тілі өзінің ұлттық орфоэпиялық ерекшелігінен айырылады
дейді. Расында да солай. Қазіргі қазақ жастарының
орфоэпиясында ерін үндестігі мүлде жоғалды деуге болады. Сөз
тіркесіндегі ырғақтық топтарда, екі сөз жігіндегі ықпал да бірте-
бірте көмескі тартуда. Сонда күту – кьtьw, miy – ми, jiyǔw- жию делініп, дыбыс тіркесі ажыратыла таңбаланса, қалай жазылса,
солай оқып дағдалынған түйсік біртіндеп сөздің дұрыс айту
нормасын меңгере бастайды дейді көпшілік пікір айтушылар.
Алайда жазба тілмен ауызша тілді жақындату мұнымен ғана
шектелмейтінін ойласақ, шешілуі қиын мәселеге тап болаты-
нымызды көруге болады. Мысалы, ырақымет, ылақ, ырас деп
жазу сияқты.
Сондай-ақ тағы бір мынадай сұрақ туады. У дыбысы ұу, үу