19. 1940ж. емлемен жазылған қатарды көрсетіңіз.
a) мұғаллім, тәбиғат, тәбиғи, хажет, хата, хатер, хауіп,
хиял, хиянат, хұдды, хұрмет
b) мұғалім, табиғат, табиғи, қажет, қата, қатер, хауіп,
хиял, хиянат, хұдды, хұрмет
c) мұғалім, тәбійғат, тәбійғій, хажет, хата, хатер, хауүп,
хыйял, хыйанат, хұды, хүрмет
d) мұғалім, табиғат, табиғи, қажет, қате, қатер, қауіп,
қиял, қиянат, құдды, құрмет
20. ы, і әріптеріне қатысты бір буындыда жазып, екі
буындыға жазбауды ұсынған ғалым кім, мысалы: біл – блек,
қыр – қрау, ыс- стау.
a) А.Байтұрсынұлы
b) Қ.Жұбанов
c) Ильминский
d) Ы.Алтынсарин
21. Ш. Сарыбаев қ, к әріптеріне байланысты қандай ор-
фограмма ұсынды?
a) къ, гъ арқылы белгілеуді ұсынды.
b) 4 дыбысты к , г 2 әріппен белгілеп, іргелес дауыстының
жуан-жіңішкелігіне орай <қ>, <ғ>, <к>, <г> екенін айыруды
ұсынды.
c) қ, ғ әріптерімен жазуды ұсынды.
d) бұл туралы пікірі болған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |