ойлау жүйесін қалыптастырады.Қазіргі заманның адамы
тыңдауға қарағанда оқуға көп уақытын арнайды. Бұл жазба тіл
арқылы ойын сыртқа шығару жүйесінің жетілуіне көмектеседі.
Сондықтан көп оқыған адамның жазу машығы да тез жетілетіні
белгілі. Біз жазба тілді пайдаланғанда оқу процесі нәтижесінде
қалыптасқан графикалық ойлау жүйесін қолданамыз.
Оқу процесі графикалық таңбаларды қабылдаудан; оны ішкі
тілге аударудан; оны ойдағы таңба эталондар арқылы ойлау
жүйесіне апарудан тұрады. Оқығанды түсіну ойлау кодын, бей-
нелер мен ұғымдар кодын туғызады. Ғалымдар жазба тілдің ал-
дында ауызша тіл емес, ішкі ойлау тілі жүреді дейді.