3-семинар. Ауызша тілді жазба тілге кодтау процесі Қазақ тіл білімінде жазба тіл мен ауызша тілдің шегарасы
ажыратылмағандықтан, лингвистиканың зерттеу нысаны ретін-де
жазба тілдің әліпбиі, графикасы, морфологиясы, лексикасы мен
синтаксисі танылып келеді. Қазақ тілінің дыбыс құрамы бо-лып
әріптер, грамматикалық формалары болып жазба тұлғалар,
синтаксистік құрылымы ретінде көркем әдебиет стиліндегі үлгілі
мәтіндердің (белгілі ақын-жазушылардың) синтаксисі, әдеби
стильдегі лексикалық қор негізге алынып жүр. Осыдан барып
сөйлегенде дәл қағаздағы тұрпатындай дыбыстау, жазба
тілдің синтаксистік құрылысын қолдану дегенді қатеге
(нормаға) санауға қақымыз болмайды.
Бүгінгі дәуірде әр тілде сөйлейтін адамның санасында нақты
бір айтылым және естілім базасы қалыптасып келеді. Егер сөз сол
базаға сәйкес келмесе, коммуникация мақсатына жетпейді.
Мысалы, орыстілді адамның естілімі сөз ішіндегі бір буынның
ерекше айтылуына, қазақтілді адамның естілімі сөз ішіндегі
дыбыстардың үндесімділігіне, қытай, кәрістілділердің естілімі сөз
тонына бағышталады. Осы естілім базасына сай келмеген
сөзқолданыстар санадағы дыбыстық елеске ассоциация бермей-ді,
сөз танылмайды: адам сөз мағынасын түсінбейді. Сол сияқты әр
жазба тілдің графикалық, орфографиялық ерекшеліктеріне сай сол
тілде жазатын, оқитын адамның санасында көзшалымбазасы болады.Егер жазба мәтін сол базаға сәйкес келмесе,
коммуникацияға кедергі келеді. Мысалы, ағылшынжазулы адамның көзшалымы сөзді сурет ретінде көруге, қытайжазулы адамның көзшалымы сөзді идеограмма ретінде көруге, ал орыс,
қазақжазулы адамның көзшалымы сөзді әріп тіркесі ретінде
көруге бағышталған. Егер көзшалым санадағы графикалық код-ты
тітіркендіретін реакцияны байқамаса, ассоциация туғызатын
форманы жазбаса, не көрмесе, жазба коммуникация жүзеге ас-
пайды. Естілім мен көзшалым,айтылым мен жазылым –
екі басқа жүйенің процестері, ауызша тіл мен жазба тілдің
катего-риялары.
Біз аузымыздан шыққан сөзді сол қалпы қағаз бетіне түсіре
алмаймыз және жазылған сөзді сол қалпы ауызша түрде
баяндап бере алмаймыз. Екі тілді өз адресаттарына жеткізетін
коммуни-кация тәсілдері бар. Әр жүйе өз әдіс-тәсілін
пайдаланып қана қарым-қатынасын жүргізе алады.
Қазақ жазуында түбір морфологиялық, қосымшалардың және
кейбір мағынасы көмескі қой/ғой, гөрі/көрі шылауларының және
мағынасы күңгірт деп танылатын түбір сөздердің фонетикалық
принциппен жазылуы ауызша тіл мен жазба тіл арасын айыруға
қиындық келтірді. Мектепте тілдің дыбыстық құрамы деп әріп
таңбалары, тілдің грамматикалық құрылысы деп жазу-да
таңбаланатын қосымшалар түсіндірілді. Орфоэпия жазба тілдің
фонетикасы толық оқытылғаннан кейін ғана 1-2 сағат көлеміне
сыйдырылып түсіндірілді. Одан кейінгі уақыттың бәрінде
қазақтілді адам санасында жазба тіл мен ауызша тіл арасы
айқындалмай, жазба тіл бірліктері басым сипат алды.
56
57
Сондықтан қалай жазылса, солай оқитын, қалай естісе, солай
жазатындар көбейді.