қасірет, қауесет, қиямет, қажет, қолет, қауырт, қазір,
камшат, қабір, қауіп, қате, қанден, іждағат, қадім, қасиет,
қапер, қатер, қорек, құзырет) сөйлеуде жіңішке әуезде айты-
латынын оңай байқауға болады дейді. Мысалы: [қ
ІО
үрмөт],
[қ
ОІ
үдүрет], [қ
ОІ
өшемет], [мәслійх
І
әт], [рах
І
імет], [қәб
І
ілет],
[қәсірет], [қәуөсет], [қійәмет], [қәжет], [қөлет], [қәдір],
[қәзір], [камшат//кәмшәт], [қәбір], [қәуүп], [қәте], [қәнден],
[іждәғат], [қәдім], [қәсійет], [қәпер], [қөрек], [қүзірет].
Ендеше А.Байтұрсынұлы әліпбиінде негізделген, қазіргі
қазақ жазуында жалғасын тапқан <қ>, <к>, <ғ>, <г>
фонемаларының бір-бір таңбаға ие болуы “бір фонемаға бір
әріп” деген қазақ графикасының қағидасына сәйкес. Әріпке ие
болатын дыбыс өзінің дыбыс қоры болуымен ерекшелену керек
десек, аталған фонемалардың дыбыстық қоры мынадай:
<қ> [қ] [ақ] ақ, [қылт] қылт, [қ
о
ол
о
] қол, [қ
о
ұш
о
] құш, [қ
І
]
[қ
І
әзір] қазір, [тығішіңе] тық ішіңе, [қ
ОІ
өлет] қол ет, [қ
ОІ
ұдірет]
құдірет.
<ғ> [ғ] [ғасыр] ғасыр, [шығын] шығын, [ғ
О
ой] ғой, [ғ
О
ұн]
ғұн, [ғ
І
] [жоғ
І
ән] жоқ ән, [қырығ
І
ішік] қырық ішік, [ағ
ОІ
өлөң] ақ
өлең, [жоғ
ОІ
үн] жоқ үн.
<г> [г] [көгала] көк ала, [көг
О
ұрсұн] көк ұрсын, [тег
О
от
ұ
рұу]
тек отыру, [г
І
] [гәп] гәп, [jегіз] егіз, [jегде] егде, [бүг
ОІ
үн] бүгін,
[г
ОІ
өрү] гөрі, [г
ОІ
үр] гүр.
Тілдің даму жүйесінде қатаң дыбыстан ұяң дыбысқа қарай
дауыстың жұмсару процесі белең алатын сияқты. Мысалы, XVIII-
XIXғғ. араб жазулы ескерткіштер тіліндегі чықармасаңыз,
йоқарыда, жолуқұсұб, достылықым, йарлықым, йаманлықына,
тынычлықын, қылғанлықы деген сөздер бүгінде ғ дыбысымен
айтылып, жазылады. Сондай-ақ қазіргі қазақ тілі айтылу норма-
сында <т> фонемасы [д] вариантында жұмсалатын сияқты: тат
басу – [тадбасұу] (Әдетте үйлестік қатаң дыбыстың ұяңды
өзіне айналдырып алуымен сипатталатын еді: тат басу – [тат
пасұу]). Кезінде Т.Шонанов: “Шамасы, түбінде біздің сөз
басындағы к дыбысымыз айтылымда г дыбысына айналатын
сияқты. Ал түрікмен, осман және тағы басқа оңтүстік тілдер
қазірдің өзінде г-ге айналдырып алды” деген екен.
Сонда тіларалық қатынастың, өзге тіл дыбыстық
құрамының, жазба тілдің әсерінен ұяңдану, салдырдан үннің
басымдық алуы жүріп отыратын сияқтанады.
Сонымен, қазақ әліпби құрамында <қ>, <к>, <ғ>, <г>
фонемаларының таңбалары болуы жазба тіл мен ауызша тілді
бір деп түсінген қазақ тілі үшін ұтымды шыққан деп ойлай-
мыз. Екі таңбамен төрт вариантты берген түрік, өзбек, қырғыз,
әзірбайжан тілдері бүгінде ауызша тілдің айтылу нормасынан
ауытқып отыр.
Қ.Күдеринова «Қазақ жазуының
теориялық негіздері» Алматы, 2010.
Достарыңызбен бөлісу: |